
Мерекелеріңіз мерейлеріңізді үстем ете берсін!!! Ақ ниетімді қабыл қылғайсыз!
Get the Flash Player to see this player.

Мерекелеріңіз мерейлеріңізді үстем ете берсін!!! Ақ ниетімді қабыл қылғайсыз!
Get the Flash Player to see this player.

Бабы келіссе бағын тия ма,
Ванкувер жыйды бәрін қияға…
Көңілі сыйса, сыйып кетер-ау,
Күллі шарайнам шағын ұяға.
Біздің қыз дәудің жолын қиды да,
Несібе шығар, орын тиді, ә?! Read the rest of this entry »

Төрткүл дүние түйдектесе сансыз түйткіл, сұрағын
Талаптан да, дүлдүл болып суырыл алға, пырағым!
Төраға ғып тәжді саған ұсынғанда ОБСЕ шырағың
Төрт «Т» болсын ұстанатын ұраның:
Trust – сенімің, иықтассаң үрейленбес болуға,
Сеніміңе селкеу түспей, орта солай толуда.
Tradition деп дәстүріңді қору керек әмәнда,
Түбірлерден тайқымауды сіңірте бер ғаламға. Read the rest of this entry »

Кім айтты саған,
Ағылшын тілі қазақ тілі бола алмайды деп,
Аудармашылар көп алдайды деп,
Кенже, өгей күйді кештірсең
Төл тілің жоғалмайды деп…
Тіліңнің құдіретіне ешкім сенбесе,
Сенікі емес, өзгенікіне терлесе.
Тірідей көміп жерлесе,
Онысы ірілік емес, ендеше…
Ағылшын тілі мен қазақ тілі арасындағы базбір коррелятивтік үндестік заңдылықтарын бірлесе тиянақтылап көрейік:
Did the dog know it? – Ит біліп пе?!
Head of your grandfather! – Атаңның басы.
Oi! Buy late too – Ойбайлату
Бажа Tatoo – бажа тату
SMS – ес емес
What – не
That – зат
What’s that? – Не зат?
Your bunny wrote – Сіздің көжегіңіз жазыпты…
See you – сүю
I see you – Мен сүю
I sew loo – Айсұлу
All bus tea – албасты
Korean case ear – көрейін қазір Read the rest of this entry »

Жалпы, сізді осы аракідік те болса қарттықты қалай, неммен қарсы аламын деген сауал мазаламай ма? Бүгін нем бар, кімім бар, ертең немерем мен шөбереме лайықты ата, апа болу мәселесі. Дүние алма-кезектесіп дөңгелеп жатса да, құндылықтар мәңгі шығар осы. Қазақтың жөн-жөралғысы мен дәстүрлі дағдысы бойынша досым атаның ұлы болды. Сіздерді апа туралы бір үзік сырды оқып шығуға үндей отырып, бір сәт перзенттік парыз жайын ойға алуға үндесем қалай қарайсыздар? Осы эсседегі тәпсірленген апа бүкіл қазақ апаларының жинауыш образы да секілді. Мархабат:
~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~
Мен атамның баласымын… Ес білгелі өзімді атам мен апамның баласымын деп білемін. Бала кезімде менен үлкен ағаларым немесе үйге келген қонақтардың бірі маған әдейілеп «сен атаңның емес, бәленнің баласысың» деп әкемнің атын айтса, мен соған кәдімгідей намыстанып, көнбей тұрып алатынмын. Сонымды үлкендер қызық көрсе керек, мені сөйтіп ызаландыруын қоймайтын тегі… Сол кездері маған ауылда тұру, атамның баласы болу үлкен мәртебе көрініп, «қаланың баласы» деген лақап ауыр тиетін. Ауылдағы өзім қатарлы, күнге қақталған, кірқожалақ достарыма сұмдық қызығатынмын. Өйткені оларды ешкім «сен бәленнің баласысың, қалалықсың» деп мазаламайтын. Сол ауылдың балаларына еліктеп, өзімді қанша солардай сезінгім келсе де, жүрек құрғыр бірдеңені сезсе керек, әйтеуір өзімнің бір «шикілігімді» байқайтынмын. Неге екенін қайдам, әйтеуір өзімді толыққанды ауылдың баласы ретінде «жетілдіре алмаппын»…
Атам марқұм мен дүниеге келгенде төсек тартып жатқан екен. Шыр етіп өмір есігін жаңа ашқан мені арнайы алдырып, маңдайымнан иіскеп, атымды қойып, жиырма шақты күннен кейін жүріп кетіпті… Read the rest of this entry »
![]()
Ел құлағы елу. Кейде алпыс, жетпіс. Сосын құлағы әр неге түрік. Жүрегі қазақ, бірақ. Сол құлақ құрғыр естіп, біліп алады ғой қайда, қашан қандай сеанс барын. Джеймс Камерон деп тұтас жұртың делебесін қоздыртқасын лажсыздан өзіңді осы көптің қалаулысына жыққызасың. Әлбетте, мүмкін болса ортарақтағы қатар, ортаңғы тұсындағы креслоны көздейсің. Болмаса, өзгесіне, барына тоқмейілсисің. Жолжақсыновтың «Біржан салы» болса бір сірә, ана поп-корнды алып не керек бар деп өзіңдегі нәпсіні тежейтін. Мынаусында моральдік қағидалар поп-корнды «гірш-гірш» етіп жей беруге тосқауыл қоймайды. Жоқ, Камерон қашанда Джеймс қой. Немесе, Джеймс қашанда Камерон. Болып қала бермек. Джеймс егерәки Камерон болмай көрсінші, «Титаник» «мұхитқа кетпес еді», кинотүсірілім мен көрсетілім тарихында ең көп кассалық жиын-терімге қол жеткізген «me far, wherever you are» болмас болар еді. Қалай еді әлгі, кіндігіне ана айдахардың жалын ұштастырып, «шу жануар» деп қанат қомдай сеңгір көкке ұша жөнелуші ме еді? Фантазия кемеріне сыймай тұр ғой. Дегенмен Камероннан асып түспесе, кем соқпайтын фантаст қазақ туралы құлақ естіді, көз көрді. Қалай дейсің ғой әлбетте ки… Read the rest of this entry »
Жасалуы өте оңай тағам. Үйде көкөністен не бар, түгендеп аласыз. Картоп, пияз, болгар бұрышы, қырыққабат, сәбіз, аздап ет, тағысын тағылар…

Бәрін ұқыппен турап, аздап қыздырылған қазанға орналастыру керек. Ингредиенттерді бөлшектеп турарда тым майдалап жіберген де болмайды.

Қазанда топтастырылған құрамның үстін қырыққабат жапырақтарымен бүркейсіз. Read the rest of this entry »
Сарыарқаның төсіндегі қысқы қытымыр аязға шыдас беруге бар болсаңыз келіңіз баскентке. Гастербайтерлатып емес. Қалтафонның бір жақсы жері кешке үйге аяңдап бара жатып, әндеткің келсе, видео опциясын қосасың да, тізгінді бос қоя бересің. Айналаңдағылардың таңырқасына комплексіңіз сыр беріп қалатын болса бүйтуіңізге болмайды әрине. Бірақ, аракідік шығарып тұру керек…
«Құрманғазы» биыл жетпіс бесте. Оркестр төл өнеріміздің «визиткасы» деуге лайық. Дәрежесін, еңсесін әсте тұқыртпаған осынау саз труппасы шарайнаға ел музыкасын әйгілеп жүргеніне бірталай жыл да болып қалыпты, мінеки. Бөлем соққан. Дәурен. «Үлкен домбыра» тартады. «Министрдің қолынан мәдениетке еңбегі сіңген қайраткерді аламын» дегесін кешқұрым жұмыстан шығып, «Конгресс-холлды» бетке алғам. Күй перісінің репертуары денені шымырлатты. Күні бойғы креслодан қозғалмаған бойға қан дарытты. Жайнап сала бердік. Жарықтық әкем үйде осы «Рондоны» жиі тартатын. Приманың партиясы ғой мұндағысы. Шешем де пианинодан осы “Түрік маршын” құйқылжытады. Ырғағын қарасайшы, орындаушынікі дәулескерлік, кәнігі шеберлік… Домбыра-қобызы, үрмелі де ішекті аспаптары бар топ үшін қайсыбір туындыны оркестровкаға ыңғайластырып, түгендеп беру оңай шаруа емес. Күйге зейін сап, одан ұлы ләззәт ала білушінікі – ләзаттардың ләззаты. Қанеки, бірге ләззатанып алалық, ендеше:
Пікірлер