Блог туралы

Image Hosted by ImageShack.us

Анау, ілкі қарпі клейі сыр беріп қап түсіп қап, ыңсайыз қылдыратын мекемелердегі жазулар бар ғой. «Көлік жуу» «өлік жуу» боп қалатын. Былай қарасаң, Ющенко ма екен деп қаласың, шын мәнісінде Плющенко боп шығады. Ол, айтқандай, мұз айдынына қайта оралып, Ресейіңді гу-гу шулатып жатыр. Мәнерлеп сырғанаудың қарасақалы Ванкуверді жаулаймын деген ұқсайды. Терминатор ғой. Кері оралған.

Кері оралу демекші, қайтқан малда қайыр бар дейтініміз блогосферада да өз көрінісін тауып жатыр ма дерсің. Ақтөбе облысы, Ойылдағы Сарбие елді-мекенінен түлеп ұшқан Аршат атты қазақтордың қараторысы Read the rest of this entry »

Image Hosted by ImageShack.us

Ол әлдебір аймақбасшы емес. Ол ешбір киноға түсіп көрмеген. Қызыл шарик Марсқа бару нәсіп болмаған, марсианиндерге қолғабыс болып көрді деп ойлауға талпынудың өзі әбестік. Асталавистасы былай тұрсын, «I will be back» деді ме десеңізші…

Бірақ қазақ блогосферасында «армандар орындалады». Заң-зәкүнге қарама-қайшы қырсық қылар күнәһар емес. Біз білген, көз көрген бәз-баяғы асау “жүгәрмек”. Аршат, әншейін. Дәлірегі, www.blog.arshat.kz.

Құрдасымның белсенділеу кеңістігімізбен қайта қауышып отырғанын игі ырымға жорығандаймын. Өзіне тән «айти» кәлимасына қалам тербейтін замандасымның тыңнан бастау алған шығармашылық дәурені баяндау болсынды осы жазба арқылы білдіруді жөн деп санадым.

Айтқандай, аталған блогтың емшектен шыға қоймағанына қарамастан, «былдыр-былдырдың» бітірген бір бәтуалы тірлігі де бар! Read the rest of this entry »

Image Hosted by ImageShack.us

Кеше Алматыдағы Ретро Шлягер кешенінде ҚазНеттегі дәстүрлі Award 2009 байқауының қорытынды кеші өтті. Қазақтілді сайттарға бекітілген номинацияда www.abai.kz сайты мемлекеттік тілдегі ең үздік сайт атанды. Әріптестеріміздің еңбегі осылай еленіп, ел назарына ұсынылып жатқаны үлкен қуаныш. Абай сайтына жұмылдырылғандардың жұмысы қаншалықты өтімді екені сайтқа кірген әр оқырманға бірден көрінеді. Күнделікті көкейтесті жаңалық ағынымен қоса, рухани мұраға, құнды әдеби жәдігерлерге зор екпін қойылатын берекелі орта. Номинацияның «екіншілігі» «Құран кәрім» сайтына тағайындалды. Жігіттермен кеш барысында аз-кем қол алысып, пікір алмасудың реті түсті. www.abai.kz сайтының контент-редакторы Өркен Кенжебек деген бауырымызбен әңгімелестік. Сайт жұмысына Айдос Сарым, Дәурен Қуат сияқты е-кеңістікте тұлғасы танымал кісілер жұмылдырылған. Сайттың «Абайшыл болайық! Абай болайық!» деген ұранының өзі оқырмандарды абайшыл болуға үндеп тұрғаны көп жайна қанық қылады. Тұсауы кесілгеніне көп өте қоймаған осынау жауһар ресурстың ғұмыры баянды, берімі пәрменді болуын шын ықыласпен тілегім келеді! Абай.қз сүйіп оқитын таңдаулыларымның қатарына айтып жатуымның өзі әбестік. Абай таниық, абай болайық, абайланайық, ендеше! Қуаныштар молынан болып, ұзағынан сүйіндірсін!!!

P.S. Премьер-министр Кәрім Мәсімов ҚазНетке қосқан үлесі үшін арнайы грамотамен марапатталды.

Image Hosted by ImageShack.us

Өткенде осы блогтың туылған күні деп айран да асыр болғандай еді канцелярия. Бақсақ, туылған күнмен «инь мен янь» қағидатына сай бақилық болар ақыр күн де бар білем. Өлетіні, келмеске кетіп, қолжетімділікке бергісіз болар күні. Демек, тірі ағза ол. Тек физиологиялық бітімі ерек. Көп жағдайда адамдыкіндей белгілі шарттарда виртуал кеңістікке (дүниеге) кеп жатқан олардың қол бұлғап үлгермей жатып, оқыста оқырманына ақтық сөзін айта алмай жүріп кетушісі де бар. Харакири ме еді намысқа тырысып өзіңе пышақ ұруды? Жалпы, өзіңе өзің қол салу деген жайсыздықты көп ретте теріске теліп, Жаратқан иенің аманат еткеніне қиянат келтірдімен ұштастыратынымыз ұшырасып жатады. Ал блог ше? Блог та, әсілі, бастапқыда саған тиесілі е-ресурс бола тұра, өрбу мен тамыр жаю жолы оны көптікі етіп, оқырмандарыңның бауыр жазып қалғасын олардың да қажет ететін қайнаркөзіне айналса керек-ті. Яғни, кіресілі-шығасылы оқырман аудиторияның талғамы мен пікіріне құлақ асу шарт. Read the rest of this entry »

Image Hosted by ImageShack.us
Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол

Е-марафонды Асхаттан қабыл алдық. Негізі интернет жалпы адами даму траекториясын тұтастай жаңа арнаға бұрып жіберді ғой. Ал былайша, интернет өзгерткен бес нәрсе:

1. «Хабар», «Қазақстан», «ОРТ»-лар кешке жаңалықтардан не айтатынын алдын-ала біліп алатын болдым.
2. Интернет желісімен АҚШ-тағы қор нарықтарындағы биржалық операцияларға қашықтықтан қатысып, үйден шықпай-ақ олжаға кенелген көзтаныс кісілерді көрдім.
3. Арампиғылдының жымысқы, ұрлықы харекеттері кесірінен тұтастай жүйелердің, стратегиялық нысандар мен қоғам-қауымдастықтардың тағдыры тәуекелге бағынышты болатынын түсініп қалдым.
4. Кілтсөз, лақапныспың өзгеге жария етіліп, мәлім боп қалса, біттің, сен виртуал өліксің. Осы қарапайым заңдылықты ұқтым.
5. Интернетті апалар мен аталар үйренсе бес нәрседен көп нәрсе өзгерер еді. Апалар суперблог, аталар мегапортал ашып… Олар айта алмай бара жатқан мол мұра мен тағылымдар мәңгі е-қор дәнекерлігімен мирасталар еді…

Эстафета таяқшасын (Кохтыкіндей кесірі жоқ) Мылжың профессорға табыстадық ал…

Image Hosted by ImageShack.us

Осыдан дәл екі жыл бұрын, 07.07.07 датасында Аршат ой тастап, Асхаттар қолдап-қолпаштап, www.nurgisa.kz кеп еді дүниеге. Адами есею мен кемелдену координаталары жүйесінде 2 жыл дегеніңіз бәлендей көп уақыт та емес. Виртуалдық кеңістік өлшемінде бұл басқалай өлшеу тетіктері арқылы өзгелеу маңызға ие болса керек. Былай бір қарағанда, Гастарбайтер бауырым айтқан «Қазақнеттің» сорпасы бұрқылдап қайнап жатыр, оған жұмылғанның түгелінің илеген пұшпағы да бір. Түпкі финалдағы қорытындысы мен формасы, пішіні мен кескіні әзірге дөп орныққандай болмаса да, бұл харекеттер мен шығармашылық үдерістердің бір игі жағдайларға сеп болуын қалайсың. Иә, мен Ерлан Оспан мен Айконың өз блогтарының жұмысын уақытша тұралатып қоюымен әлі санаса алар емеспін. Оңтайлы себептер туып, Read the rest of this entry »

Бардым, жеңілдік, қайттым. Бірақ барудың өзі жеңіс еді, көрудің өзі жеңіс еді. Мұндай матчтар бұғананың қатаюына жақсы. Бразилияға доп тебуді дұрыстап меңгеруге жолданған өрендер оралса әлі қарымта қайтарамыз. Көңілге түйілген, көзбен көрілген… қалтафонға жазылған мен түсірілген көп… Асықпай, аптықпай құлтемімірізге қотарып алғасын, осында орналастыратын боламын. Қадағалап жүргейсіздер!!!

Қадірменді блог оқырмандары! Блог жұмысы біраздан бері тұралап қалуының себептері бар екенін білетін шығарсыздар деген үміттеміз. Сәтін салса, жақын күндері блог канцеляриясы өз жұмысын қайта жандандыруды жоспарлап отыр. Сіз бен біздің жарқын ертеңгіміз үшін!

“Қазақстан” арнасында жұмыс күндері таң ата ұйқыашар хабар болады. Әр шығарылымын белгілі тақырып аясында жүргізетін эфирдің бүгінгі тілге тиек етпегі қазақ ғаламторы, оның жай-күйі мен жай-жапсары екен. Студия қонағы Мылжың профессор бүркеншек атымен таныс Бекжан Толыбай.

Image Hosted by ImageShack.us

Сұхбаттасу біртарапты монолог ретінде емес, интерактивті ой алмасу пошымында өрбігендей болды. Жүргізушілер Бекжан ағайдан қанықты жауаптарын алып отырды. Бекжанның Ақтөбелік досы Аршат Оразов екеуі техникалық білімі жетіспей жатса да, шалғай жұртта жүрген әуесқой веб-шеберлерде отансүйерлік, патриоттық сезім артып, қазақ тіліндегі қарлығаш сайттың бірі www.kerekinfo.kz ғаламторға жолдама алады:

(телеэфирдегі сұхбаттың жалғасын жақын арада күтіңіздер)

ЖАҢАРТЫЛДЫ 1: Read the rest of this entry »

Image Hosted by ImageShack.us
Сайттың аты чат үстінде табылды

«Мәссаған» қазақтордағы өзіне жүктелген киелі миссияны «бір кісідей» атқарып келе жатқан танымал тұғыр. Санаулы қазақ порталдарының ішінде «Мәссағанның» да өзінің межелі аудиториясы, күнделікті кіресілі-шығасылы қолданушылары бар. www.massagan.com былтырғы өткен Award 2008 интернет мүшәйрасының «Қазақ тіліндегі ең үздік сайт» номинациясында жүлделі екінші орынға ие болды. ҚазНеттің өркен жаюына мол себін тигізіп жүрген осынау ресурстың құрушыларының бірі Бақытнұр Бәйтелұлын блог-кәде жоралғысымен әңгімеге тартқан едік.

А.Н.А. Бақытнұр, Жанарбек екеуіңіздің «Мәссағандатуларыңыз» тарихи өзбастауын қашаннан алады? Ұлттық порталдың ең алғашқы жазбасы жарияланған күнді, ең алғаш мүшесін … ең алғаштардың біразымен бөліссеңіз? Сайттың атауын кім ойлап тапты, идея кімге тиесілі?

Бақытнұр: Университет қабырғасында жүргенде-ақ қазақ тілді вебсайт істеу ойда бар еді. Соңынан ойлаған ойымыз орындалды. Сайтымыз 2005 жылы мамырдың бірі күні ашылған. Алғашқы идеяны Read the rest of this entry »