
Таяуда ғана еді ғой. Президенттері жалпыхалықтық кесір қылықтан арылу тұжырымдамасын миларға сіңдіріп жатқан. Ендігісі мынау…
Заманауи дейміз бе, әдемі «қышырлақ» қағазға оралып берген кәмпиттейін десек пе екен, кинотуындыларына дейін жүз граммды сілтеп тастауды «ұлттық фишка», дәстүр деп саналарға сірестіріп тастаған өз идеологтарынан көрсін…
Осы бірер күндер бұрын ОРТ-дағы «Адам және заңнан» Ресей құрамасының Словениямен мүйізтіресу матчтарының алдында жасаған оспадар қылықтары әшкереленіпті. Аспан күркірегендей жаааарқ ете қалды ғой. «Мэрриоттағы» бармен жігіттің күйінетіндейі бар, әрине.
Видеосы мына сілтемеде:
http://clipiki.ru/video/53210/
Гуустың сонша зейін-ықыласы еш болды. «Мен Аршавинмін, тізерлеңдер қанеки» десе әлбетте оны оған дейін ұлт қаһарманына балап, пір тұтып жүрген адам абдырап қалады. Федерацияң үміт артып отырған сәтте сен белгіленген тәртіпті аяқасты етсең… Ертең сол Федерацияң сені кешіре салуы неғайбыл…
Ойлап көрейік… Сырт алаңдағы «ойсырай» жеңілістен соң бастары салбырап ұшақ бортына отырысады… Гуус Жәкем басы салбырап отырады алдыңғы қатарда. Жалғыз. Қабағын түймейді, жай ғана әлсін-әлсін «аһ» ұрып қояды. Ана жүгәрмектер жырқ-жырқ етіп кеше түнделетіп «төске қалай өрлегендерін» бір-біріне мақтанышпен әсерлі етіп тәпсірлеп отырады. Межелі Мәскеуге жақындай бергенде Read the rest of this entry »

«Астана-Арена» тұсауы жақында ғана кесілген қылауы түспеген су жаңа стадион болғасын ба, Қазақ футболшылары мен Хорваттардың доп тебісуіндегі кереметке қоса, жаңа желектің түр-кескінін көзбен көру де қызық-ты. Ойынға жекеменшік көлікпен келмеңдер, қоярға жер тапшы деп құлаққағыс қылынғасын дүйім жұрт қаладан әуежайға бара берісте қоныс тепкен алаңға арнаулы қоғамдық автобустармен барысты. Әрине тығындар болды жолда. Алғашқы ресми матч, ұлттық құрама, қарымы мықты визави, қала берді, стадионның осынау деңгейлі ойынға орайластырылған «беташары» – түгелдей қызығушылықты қыздырғандай еді. Жұмыстас кісі елінің кісілерімен барыстым. Біз де ел қатарлы кептеліс сүзгісінен өтіп, тоғыз жарымдағы межелі матчқа тоғыздан отыз бе минут өткенде тұмсық тіредік. Шамамен отыз пайыздайға толды стадион. Ойын барысы белгілі, ойын түгесер сәттегі жаңылыс сан соқтырды. Түрлі жымысқылықтар боп жатса да, жинақы бола беру керектік бар. Біз көрдік, қазақ доптеберлер ананың қолына тиді деп дабыл қағып жатты, төреші үнсіз-ді, аналар оң қапталдан ұзатып, баспен қадады. Тәжірибе осындай ащы дәммен жинақталатыны қиын, әлбетте.
Бір риза болғаным, Read the rest of this entry »

Расы керек, футболсүйерлердің отандық арналарға өкпесі қара қазандай еді. Айтулы футбол матчтарын тікелей таратылымда қарай алмай жүрген фандар амалсыз интернет-трансляцияларды қанағат тұтып, қу шөппен ауыз сүрткендей жабырқаулы күйде еді. Енді сол олқылықтың орнын «айыпкер» тарап жуып-шаймақ. НТВ+ не болмаса тәрілкесі жоқтарымыз үшін «Хабар» мен «Қазақстан» УЕФА чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы шеңберіндегі бәстерді тікелей эфирде көрсетуді жоспарлап отыр! Бір қызығы, екі арнада бір уақытта екі матчтан репортаждар беріледі. Тікелей таратылымда. Ал, жанкүйерім, бақыт келсе қостап келеді, қайсысын қараймын деп басыңды қатыра бер!!! Құдай қаласа, қарқ болатын боп қалдық… Қадір түні қарсаңында осындай керемет жаңалық болар ма еді… Сіздерге ұйқысыз түндер мен падишаһ әсерлер тілеймін.
Осы аптадағы көрсетілетін матчтар кестесі төмендегідей: Read the rest of this entry »

Біраз баһадүрлердің қытығына тиген Ақтөбе азуын көрсетіп, чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне өту миссиясында азғантай ғана фортунадан кенде болған болса да, үшінші сатыға жеткені үшін бонус ретінде Еуропа Лигасында бақ сынайтыны белгілі. Бүгінгі еңселі қарсылас немістің «Вердері». Мүйізтіресу сырт алаңда орын алады. Кісі еліндегі матчтардың тікелей көрсетілімі (трансляциясы да) болмайтынына етін үйреткен қазақ жанкүйері – төзімі аңызға бергісіз жанкүйер! Осы жанкүйердің табандылығына бас ие отырып, бүгінгі матчты тікелей видеотаратылымда көрем деушілермен мына ақпаратпен бөлісудің реті келіп тұр.
Видеоны қарау үшін алдымен мына сілтеме арқылы межелі сайтқа кіреміз: Read the rest of this entry »

Қазір ғой ол, бәрі тырқ-тырқ күледі. Келбет һәм пішініңді мысқылдап. Мысқылдай берсін. Тарих тегершігін осыдан төрт-бес (бұдан көп емес) керіге айналдырса көрер еді сыптай жігітті. Ол бала Ал Жебір мен Ньютондардың іліміне мектеп қабырғасында қанық болып жүргенде 60 және 100 метрлікте шашасына шаң жұқтыра көрмес желаяқ та еді. Кейін ғой, «отырыңқы» жұмыс бабы, сәйкесінше соны сылтауратып жүріс-қозғалыстың күрт кемуі және томпақша келген сүйкімді бір образдың түзілуі… Қойшы, мұның бәрі ностальгия да емес. Не ғой, көптен қумап едім. Жасыл желек алаңқайда. Теңбіл допты… Кеше жаңа ұжымдас жігіттермен салалас бір ұжымның бәске шақыруы бойынша қаладағы бір мектептің іргесінде жақсылап қудық. Байырғы хавбек амплуасы қайда, шабуыл өтіне де, қорғаныс шебіне де дігідік-дігідіктетіп шауып жетіп келетін. Ойынбасы әуселемді байқап көрейін деп қорғаныс редуттарына ден қойғансыдық. Былай, жаман емес. Ойын өрнегін жоғалта қоймаппыз. Иіссезгіштік бар ептеп. Тіпті үдеп жатқан олардың шабуылына кекесінді тосқауыл қою да келіп жатқан қолдан. 10-1 есебімен ойсырата ұтыппыз. Біздегі «кадровик» жігіт покермен майлады қанжығасын. Ескі әдетім бойынша шабуыл көркіне тамсанып, кірісіп кеткім-ақ тұрды. Бірақ есейгендегі ойын пәлсәпасына деген көзқарастың өзгеруі ме, бәлкім дімкәс халдің тежеуі ме (соңғы аталғаны екеніне сенгім келіңкіремейді), маған бекітулі шептен алшақтай қоймадым. Аздап сіңір тартылғаны болмаса, керемет бір позитивте қайттық. Жаңа мекемеңде ұжымдас жігіттермен «жақындасудың» керемет дәнекері болды пұдбол. Ал сендер пабтар кезіп, пибіқарын салаңдатуды көздейсіңдер… Ұят емес пе

Аспанға лақтырылған бөрік төмен кері түспей қалса қандай күй кешу керек? Лақтырғанда, қуаныштан лақтырасың енді. Мәселен ки, «Ақтөбе» футбол клубы сырт алаңда (Хайфа кентінде) «Маккабиді» ойсырата жеңіп жатса. Және дүркін-дүркін голдар ойынның алғаш ширегінде (!!!) дарытылған болса… Иә, кешегі Смақов пен Эмильдің жанкештілігін көз көрді… Көргенде, әдеттегідей, телеуізірден емес, мәтіндік трансляцияны беріп отыратын ресурстардан. Жалпы, сырт алаңда болатын «халықаралық» айдары бар матчтарды кешіктіріліп құр трансляциясын беру былай тұрсын, тіпті көрсетпей тастау мысалын қалыпты жағдай ретінде қабылдап үйренген өзімізден шошып жүрмін… Десе де, кеше түн ауа футболға бей-жай қарамайтын кавалькада мәре де сәре болды-ау. Жеңіс аулы жақын еді. Ауылды жермен-жексен етті -швили мен басқашвилилер. Бізге (!!!) қалған ойын бөлігінде үш голдан артық жібермесек болғандай еді. Бірақ… бұйырмапты. Білем, кезінде әбден шеттетіліп, «игнорить» етілген «Ақтөбе» ендігіде футбол төңірегіндегі кейбір айтқыштардың ауыз толтырып, көпіріп, маңғаздана сөйлеулеріне түрткі де болатын шығар. Әлдебір түсінікті-түсініксіз дивиденттер жинап… Бірақ, «Ақтөбенің» осынау азды-көпті жетістіктері командадағы қалыптасқан озық ойын дәстүрлерінің жемісі болса керек-ті. Бұл орайда сүйікті клубының түрлі додаларда тілермені боп жүрген Read the rest of this entry »

Тур де Франс велошабандоздардың көпкүндігі әрі шоқтығы биік аламан бәйгелері шоғырында ойып орын алатын айтулы додасы. Винокуровтар сіңдіріп кеткен бейнемқұрайлылық па екен, білетініміз белсәпетті шеберше педалить етушілердің спортына да қызығушылық тууда. «Астана» брендімізді Армстронг, Контадор мен Клөдендер өрге сүйреуде. Олар да өзінше бірер «бренд». Тек соңғы жылда команданың қаржылай әуселесі сыр берейін деп қалып, соңғы уақытта әупірімдеп таратып алмадық. Қорғаныс ведомствомызға қарасты осынау аты алысқа кеткен прожект имиджқұраушы берімділігі жоғары озат жоба бола тұра, әлгіндегідей мүшкіл ахуалға душар болуының өзі күдіктерді ұялатады. Кешкісін жұмыстан келіп, соңғы күндердегі дағдымен Еуроспорттан қарадым. Сенбі күнгісінде Контадор мәреге бірінші келді. Сөйтті де жалпы классификациядағы үздіктердің көшін бастады. Рейтингтегі екінші де «біздің» шабандоз. Қарт Армсторнг қой баяғы. (Бұл екеуі келер жылдары еншісін алып, бөлек шығып, өздерінің бір топ құрмақ ниетте екенін ұзынқұлақтар айтып үлгергені де жасырын емес). Клөден төртінші. Тиісінше, командалық есепте де жаман емеспіз. Бұдан кейінгі кілең шешуші кезеңдер. Контадордың ысылып қалған кіл өрге өрмелеу бұдан былайғысы. Винокуров та осындай тертөгістің майталманы еді. Допингке қатысты дүдамал дүрдараздық біраз жасты еңсеріп үлгерген Винниді практикасыз қалдырып, ысырып тастады. Спорттың заңы – қатал заң… Read the rest of this entry »

Ныспы: Едіге Рай
Болмыс-бітімі: медицина институты, 2 курс шәкірті
Не бүлдірді: Қазақ пен ағылшын балалары доп теуіп жатуы барысында алаңға лап қойып, қонақтар қақпасына бағыт алған. Нысанаға жеткесін қақпа торына өзін олай да бұлай лақтырады. ІІМ жендеттері бірақ артынша ілесіп жетіп, оны алаң сыртына ап кетеді.
- Алаңға не үшін қарғып шықтың? – деп сұрастырады полиция.
- Командамызға қарсыластың қақпасы қайда орналасқанын көрсеткім кеп еді, деп өз ісінің түп-төркінін ұқтырыпты Едіге жігіт!

Ағылшын фанаты Питермен экспресс-сұхбат. Айтуына илансақ, «Қазақстан құрамасы бүгінгі ойында гол соғуы керек. Уэмблиде жақсы ойнады, сіздердің құрамаларыңыздың сесі мен мысы басым, қимылы ширағырақ еді. Шыны керек, бесеудің үшеуін (голдың – Н.А.) ойынның соңғы ширегінде соқтық. 5-1 нәтижесі сол күнгі ойынның шынайы көрінісі емес еді. Бүгін Англия ойсырата жеңбейді, ары кесе бір-екі гол айырмашылығымен ғана жеңеді…» екен.
Get the Flash Player to see this player.
Бірінші таймнан кейін расында да екі гол айырмашылығымен қапыда қап жаттық. Сондағы пақырыңыздың ойына келгені мынау ғана:
Get the Flash Player to see this player.
Ағылшындардан өз алаңында Хорватия да жеңілген. 1-4 есебімен. Ойсыраудың ойсырауы болар, құлшыныссыздық пен жігерсіздік басымдау көрінсе. Көп күш сарп етпеді деушілер де табылар. Рунилерді. Қайдам… Ойыншыларымызға қажетті инфрақұрылым құрып бермей жатып олардан соны нәтиже күту ерлік. Шторкты да түсінуге болар, жастарды ысылтып алайын деген… Бәріне түсіністікпен қарап, өзіңше бір сылтаулар құрғың келгің келеді… Мүмкін, Бекхэм ауысымға алаңға шыққалы жатқанға біздің ойыншылардың зейіні соған ауып кетіп, байқаусызда бір гол жіберіп алды деп әжуалауға болар. Бірақ…
Алаңға ертеректеу келдім. Тоғызда басталатын болса, жетілерде кіргізу басталар деген жорамал болған. Келдім, асығып-аптығып та болса. Алған беттен ағылшын жанкүйерлеріне ұшыраса кеттім.

Бұлармен азды-көпті сұхбаттасып көргем, соңыра орналастырамын. Бір байқағаным, жалпы секьюрити және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде көп жұмыс жасалыпты. Көрер көзге анық-ты. Есерсоқ Тұманды Альбиондықтарды да көргенім жоқ. Есі түзуін сайлап әкелген-ау. Олардың бәрімен алдын-ала «тәлім беру» сұхбаттары жүргізілген де шығар…
Сосын арқамызға … жо-жоқ, шапан емес, ел байрағы жабылды. Бір қызығы, саудагерлер отансүйгіштік сезімімен спекуляция жасап қыруар олжаға кенелді десе болады. Иә, мұндайда әрине коммерциялық мүдде басымдау болатыны түсінікті де, ешкімді сөккім келмейді. Read the rest of this entry »
Пікірлер