Анау-мынау

Гана мен Сербия Еуропаның белді чемпионаттарында өз ойыншыларын ысылтып жүрген терезелес қос құрама. Әрбірінің сапында қарымы піскен футболшы жетерлік. Дүйім көп алдында ұяттан безіп кетпестей.

Негізінен орталық шепте өрбіп отырды шиеленіскен бақтасулар. Соңына дейін беріспей текетіресті. Бұл жолы да нөлдермен шығарып саламыз ба деп сал суға кетердей боп отырғанда алдымен серб Лукович алдыңғы ойындағы Гезалдың тағдырын айнытпай қайталап, «міндетті емес» жерден екінші мәрте айыпталып, ойынды тысқарыдан қарауға мәжбүрленді. Бұл жолы да бір артық ойыншысын қарсылас дружина кәдеге асыра алды: әуелете берілген допқа серб қорғаушысының қолы тиюі мұң екен, рефери ойланбастан «нүктені» нұқи салды. Шарт соны міндеттесе, лаж жоқ. Гайан он бір метрліктен мүлт кетсін бе? Африка құрлығының «принцтері» масайрай түсті. Бір қызығы, Ганалықтардың біразы өз ныспына «принц», «пәленше, түгенше» сынды дәрежелегіш лақапат қосудан тайынбайтын ұқсайды. Одан соң бұл команда турнирдегі ең жас команда екенін естіп білдік. Жас дарабоздардың өкшелеп жатқанына аристократ Эссьенсіз осынау жеңістің мүмкін болуы айқын дәлел. Жигичтей алпауыттар да аласалайды екен… Read the rest of this entry »

Ойыннан есте қалған жайттарды тізбектеп көрсек: намданған шөпке қайта-қайта тая берген ойыншылар, төреші; чемпионаттың алғашқы қызыл карточкасы, тиісінше дисциплинадағы үңгірдей саңылаулар; ұрымтал сәттерде комментатордың ойынды емес, қарарманға қайсыбір банктің несиелерін алуға үндеуі… болды… Болды… Француздар қарт құраммен келген сияқты. Баяғы тың үшжолақтылар жоқ. Рибери де, Анелька да, тіпті алмастырымға шықан Анри мен Малудалар да Уругвайдың қырсық қорғаныс шебін бұзып өтуі жазбапты. Ендігі турнирлік жағдай қызық: бірер сағат бұрынғы Мексика мен ОАР күтпеген жерден бірінші және екінші орынды өзара бөліске салады. Соғылған гол есебінен. Мексика бүгінгі Франция мен Уругвайлардан жеңіле қоймайтын сияқты. Әуселелерін көрдік. Бір қызығы, тас қамал боп бекіністе жатып алса, қара құрлықтың маржандары да кейінгі сатыға көз аларта қарауы әжеп емес… Матчтағы жалпы саны 6 сары және 1 қызыл карточка командалардың кейінгі ойындарда фэйрплейге мойынсұна ойнауына ойтүрткі болар. Уругвай әлімсақтан осы, есерсоқ. Аякстағы Суарезтері үміттерін ақтамаған сияқты. Челсилік Анельканың да жарытқаны шамалы. Дегенмен, түк жоқтан аз бар жақсы демекші, бір ұпайын да қанағат тұтатын шығар итжығысты місе тұтқан қос команда. Шиеленістің көкесі алда, демек…

Бұ е-халық жаппай моймирленіп, неліктен бөсті десем, мэйлрудің бір білгені бар сияқты. Джимейл іскерлік қажеттіліктерді өткеріп, қанағаттандырып жатқасын алаңдамаудың реті бар ғой. Мынауының «іліп әкетері» – басқасын былай қойғанда, қолжетімді ойындары, оның ішінде «Балдасы» болды маған. Үйге барып, бір пиала шайдан кейін бір мәрте ойнап тастайын деп отыра кету әдетке айналып барады. Мүмкін, менің шайүсті «сериалым» осы шығар?

Жарнамалағандай болмайын. Адамның шапшаң ойлау/құрау техникасын жетілдіріп, сөзжасам қабілетін ұштай түседі екен. Астанада біздер еміс-еміс әзірге электронданбаған қазақша нұсқасын Read the rest of this entry »

Ат төбеліндей 12 жыл… 12 жыл медальге шөліркеу, шеке тырысып, бір жарымай жүру қиын сынақ. Өткен ғасырдың 94-ші жылы Лиллехамердегі Смирновтың айымызды оңымыздан тудыртқан алтыны мен 98-дегі Прокашеваның қоласы айта-айта жүрер толағай табыс еді. Одан кейінгі жылдар бойында Олимпиададағы «қуаңшылық» бүгінге дейін созылып, апшымызды қалайша қуырғанын еске түсіре де бергің келмейді екен. Ванкуверде асық алшыдан түсер деп, ашығын айтайық, қарабайыр жанкүйер біз де, құзырлы шенеуніктер де күтпеді-ау осы. Атыңнан айналайын Хрусталева деген «қызымыз» биатлонда құралайды көзге атты, төрт ату межесінде жиынтық саны 20 нысананы түгел көздеді. Бергерден кейінгі екінші орында тұрақтауы әлем БАҚтарының сенсация деп беретін «ыстық бәліші» болғалы тұр. Рас, тұла бойды қуаныш тұтастай баурап алды қазір. Күміс медальді болдық… Санаға енді-енді еміс-еміс жатысып жатыр. Соңғы сәтке дейін Read the rest of this entry »

Қалай барып, не көргенімізді айтып машықтандық қой. Қалай бармай, неге көрмегенімді айтып көрсем ше?

Фокуста – Наша Рашаның премьерасы. «Нәшәйникә, пезнецтің» дәл өзі. Қандай да бір алауыздық емес, ішкі менім мен өзімді тартқыштамады синема төріне. Сюжеттік линиясына, актерлік құрам мен перформансқа лағнет жаудырмайсың ғой. Көрмей жатып. Әйтпесе, ТМД кеңістігін баурап алған Галустян мен Светлаковтың бір білгені бар шығар да… Read the rest of this entry »

Сәбиттікі «Р»-ға тілі келмегесін ғой, лажсыздан Арманды «Алман» дейтін. Неміс қып қойды деп арланбайды сабазың, болса да. Логопедтер қанша тырмысқанмен, тырысулары еш еді.

Сөйлеудегі кем-кетікті тегістеу 100% сәтті бола бермейтіні бар емес пе? Read the rest of this entry »

О баста сөз сүйемелдеуінсіз қалай болар екен дегендей едім. Фильмнің моральдық, бейморальдық «қасиеттерін» тықсыра тұрып. Киноның жалпыхалықтық сипатты болуынан шығар, мәртебелі тұлғалар бірі даттаса, бірі шашбауын көтерді. Бүгінгі білгенім қазақтың «Келіні» «Оскардың» «үздік шет елдік фильм» номинациясына іліккендердің жартылай ақтық мәреге сұрыпталғандары арасында. Ақпанның басында үздік тоғыздың бесеуі келер сатыға жолдама алады екен. Бәсекелестер ішінде «Пророк» бар. Фильмді қарағандар бейнормативті лексикаға тұнған оның шын мәнінде ортанқолдан жоғары композиция екеніне келісер, бәлкім.

Кішкентай да болса бір жеңісті керектіру өмірдің алуан-алуан қырында ұшырасып отыратын заңды қажеттілік. Мүмкіндігінше кинопарктарымыздағы премьераларды қалт жібермеуге тырысатындардың бірі менмін. «Атышулы» деген анықтауышпен қосарлана айтылуы дағдыға айналып үлгерген «Келінді» алғаш қарағанымда, шынын айту керек, Read the rest of this entry »

Дәл сіздің мекеніңіздегісін қайдам, бізде қыс қаһарына кәдімгідей мінгесіп алды. Сарыарқа төсіндегі тұңғыш қыс болғасын осы бір қызықтарды күтеді екенсің ересек күйіңмен. -35’тің Астанаша нобайы: көлігін жабулы паркинг емес, аулада тұрақтандыратындар сағат сайын қыздырып отыруы шарт, шарфты мойынға емес, бетке тағады, небір сәулетті ғимараттардан будақ-будақ түтін түтетіледі автономды жылу қазандықтары іске қосылып, «подштанниксіз» ердікі қиын, шалбарасты қам-қарекетке бей-жай қалмауы шарт…, қалада тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету дұрыс жолға қойылған, жұмысыңа жеткенше кейде бет қызарып, бөртіп кетеді екен. Үшәй-әй! АҚШ-тың экс елшісі өткенде баскентімізді әлемдегі ең суық астаналар қатарына қосуында «демократиялық бір шындық» бар… Бүгін православиеде суға түсетін күн екен. Мынандай қытымыр аязда ол қалай жүзеге асарын елестету қиын. Наурызды күтесің. Былтырғыдан бастап ресми үш күн тойлатылады, тойланады. Биылғы күнтізбе Наурызды мерекелеуге білдей 5 күн бөліпті, пәлі! Мына суықта малта езіп, суын ішу бір абзал. Бір жерден құрт алып езер ме еді… Тар қапас кеңседе құрықталып, шайға сүт қатып соны жанға медеу қылған менде жазық жоқ. Бірақ әз Наурыз көп ұзамай салтанат құрарын сеземін. Мынауы – өткінші…

Image Hosted by ImageShack.us

Мың жерден Жаңа жылдың тойланымы мен салтанатты түрде қарсы алынуы полемика тудырып жатса да, тойланғаны тойланған. Бұл да өзінше тілге тиек етіліп жүрген «соны Қазақстандық модельдің» бір қыры, жазылмас қыртысы. Бұны барлық (данность) деп қабылдайтын сәт әлдеқашан туып үлгергенен ұғып қою абзал.

Шымкентте 31 күні +16’ны еш ұялмай, қызармай көрсетіп тұрды сынап бағанасы. -20’лататын баскенттен кейін, әрине, аздап абдырағансисың. Сөйте тұра беттейсің ғой үйге. Үй – жер там. Ағаң мангалды жарқыратып сайлап қойып, маринадталған онша-мұнша етін шампурға қондырып қойып, сені құрақ ұша қарсы алады. Үйдегілердің әрбіріне тиесілі сыйлықты үлестірер үлестірмес, жеңіл жейдені киіп ап, «трикошең» сыртқа шығасың. Жеңгең, шешең үстелге баппен сервистеліп қойылған оливье, винегретті ары-бері ұшып-қонып жүрген бала-шаға шұқып, сұрықсыздандырмасын деп өз алдына уақытша бөлек стол жасайды. Ал оларыңның есіл-дерті «қашан пақылдақты атамызы» ғой. Қазақтыкі қайсыбір даталы күн болмасын, ол мереке-мейрам оллаһи-біллаһи берекелі дастарханмен, мол тамақпен дүркіреп аталып өтілуі шарт. Read the rest of this entry »

Image Hosted by ImageShack.us

Сәукелелі қыздай ұзатылып барады 2009. Ауылға ұшам бірер сағат соңыра. Ағам телефон шалады, «мангалды шығарып қойдым, шашлық істейміз бірге» деп. Сол қызық болайын деп тұр. Әуежайға соғып растау алдым, «рейс уақытылы ұшуы керек» дегенді айтты. Жеңгемдер бір шара оливье жасап қойған шығар. Төрт күнге жететіндей етіп. Балаларына не сыйлық алып барсам екен деген ой мазалап тұр мені қазір. Уақыт та қыспаққа алады. Есілдің сол жағалауында Жаңа жылды жалғыз қарсы алу ұлы перспектива емес дейді интуициям. Шымкентте көктем дейді. Етік емес, топлиымды киіп барам-ау. Синемаларда Бекмамбетовтың «Қара найзағайының» премьерасы басталып жатыр екен. Оның да «шаруасын» тындыру керек. Кешке арналарды бірінен басқасына ауыстырып қарармыз, ертеңгі сұхбаттасуларда сұхбаттасымыздың “ананы көрдің бе” дегенінде тосылып қалмау үшін. Төрт күн демалыс! Екі күн істеп, тағы үш күн офиссіздену… Жаңа жыл жаман басталмайын деп тұр. Ескі жыл есіркеп, жаңасы жарылқасынды айтамыз. Ағын судай болайық. Бір жерде тұрып қалған су сасиды екен ғой…