Күйкі тірлік жазбалары

Нәуірзек кеп, қыстаудан көктеуге бет алған жамағаттың жаны жадырайтындай шақ. Сарыарқа төсінде қыстың қатпарлары шегіне қоймағанмен, көңілге ұялап үлгерген жылулық «ақ киімді, денелінің» мысын басты.

Әлгі «түсі суықтың» соңғы шенінде Ақтөбеге барудың жолы түсті. Ел іші кезгесін Марко Полоша сабақтамайсың ғой сөзіңді. Жалпы, шет елде болып көрмегем десем де болады. 94-те лицейлестер болып Түркияға саяхаттауға жіберілгенімізді есепке алмасам, былай, шығып көрмеппін кісі еліне. Әліге дейін экзотика. Бергісі Алматымыз, Таразымыз бен Қызылордамыз, арғысы Атырауымыз, Оралымыз боп көз көрген жағрапиям шектеледі екен. Айналдырғаны бір жарым күнге созылған іссапар барысында батыс інжуінің кей кереметтерін байқап үлгеруге болады екен.

Қаланың экономикалық әлеуетіне септесуші басыбайлылардың бірі қытайлар бастаған мұнай алыбы. Әр өңірдің осындай «донорлық» қайнаркөздері бар: Шымкентте, мәселен, Read the rest of this entry »

Олимпиада болсын, басқа дүбірлі дода болсын, сайыпқырандар ішінде дүлдүлі оқ бойы суырылып, онысы үшін лайықты медалін алып жатады. О бастан асығы алшысынан түсеріне күдіктілер «бастысы – қатысу» ұранымен мұрт майласа, Құсайын Болт сияқтылардың мақсат-мүдделері түбірімен өзгешелеу келеді. Бір қызығы, қайсыбір спорт түріне зейін қоймайық, бәске қатынасушылар ішінде көп ретте фаворит болатыны бар. Осы біреу жеңеді-ау деп тұрасың… Read the rest of this entry »

Әсіре әсерілеуді байқаған мен пақырыңыз ғана емес шығармын. Дұрыс қой, ел іші барымызды дәріптеп, қадірімізді асырып, абыройымызды асқақтатып отыру күш-жігердің мұқалмауына керек дүниелер шығар. Көрсеқызарлық үстінде шынтуайтқа жанаса қойыңқырамайтын нәрсені «ең әдемі, ең ақылды, ең ұлы» деп атойлап, тыңдарманыңның жүзіне күлкі үйіру ұстамдылық пен әсем әдептің ишараты ма екен, бірақ?

Ванкувер олимпиадасының ашылу салтанатында Read the rest of this entry »

Қазақ тілі. Өткен шақ. Ата-әже version:
- Келер жетінің басында кеңсеге қоңырау шаларсың.

Қазақ тілі. Қазіргі шақ. Modern version:
- Понедельникте офиске званда.

Қазақ тілі. Ықтимал келер шақ. Generation next:
- Слышь, браза, чисто дүйсенбі күні мобилама звякать етіп жіберерсің, окей ме?

Атырау өңірінде «сол баяғы тауық» деген тіркес бар жергілікті диалектте. «Бәрі баз-баяғыша, өзгеріссіз» деген сипатта. Батыс жақта вахталап істеген кезімізде күнделікті ішіп-жемде тауық тағамы жиі ұшырасатын ас мәзірінде. Тамаққа тізілген кезекте досың телефон соғады, «тамақтан не бар?» деп. «Сол баяғы тауық» дейсің, бетің бүлк етпей…

Сол тауық «түбіме жетіп» тынды ақыры… Жайшылықта таңғы ас бата бермеуші еді, үйге қонақ келсе бірақ тәбет ашылады екен, мәслихат үстінде дастарханыңдағыны тәнті боп жегің келеді. Бәкеңнің әңгімесі қызық еді. Шай құйып отырған мен пақырыңыз кешегіден қалған тауықты жылытып, бір тілімін жеуге оқталып жатып тістің бір бөлігін сындырып алудың кереметіне душар болдым. Жазым ғой, әйтпесе быламықтан да сынатыны кездесіп жатады ғой осы.

Ала-құла жұмысқа оқталып, асығыс-үсігіс кеткем. Read the rest of this entry »

Бір нәрсені жақсылап түйсініп алу мақұл. Тар құрсағын кеңітіп, сені дүниеге келтіретін тас емшегін жібітіп, сені әлдилеп-аялайтын анаң. Туылатын – сен. Тиісінше, «туған күніңмен!» деуден гөрі, «туылған күніңмен» деу семантикалық, табиғи заңдылыққа қайшы келмес болар. Керек қылсаң, түп дұрысы сол. Шығыс құттықтау адрестің бірінде менен сұралғасын, «туылған күніңізбен!» деп көрсеткенмін. Аудармаға келгенде данышпан көп. Заңды құбылыс. Лезде артынша телефон шалып, «Туған күніңмен!» дегенді қате жазғаныңыз өкінішті деп түйрейді. Иә, «Ана, мені туған күніңмен (күніңізбен)» контекстінде бұл құп. «Мені туылған күніммен құттықтап жатыр. Бірақ ардақты іс – сіздің еншіңізде» дейсің. Әр нені бет-алды айтудан ілкін аракідік аражігін ажыратып тұру ешқашан ешкімге залал келтірер қырсық емес. Аңдап, бағамдаймыз. Туған анамыз да, туылған біз де…

Image Hosted by ImageShack.us

- Нұрғиса, не ғой. Шығыс хаттарда «дата» дегенді … (В исходящих «дату» мы пишем как…)
- «Күні» дейміз, иә.
- «У» специфический, да?
- Иә, «без черточки». Соңғы қарпі «английский i ».

Өзіміздің қазекем сондағысы «уточнәйіт» етіп отырған. Мұнысы мақұл-ау, қорытынды фразасы мені мерт етті:

- «К» без хвостика же, да? :roll:

Image Hosted by ImageShack.us

Жазба мәдениеті. Жүрдім-бардым емес. Немқұрайлық кешірілмейді. Тек ресми хат-хабар алмасымы емес, жекелей, бейформалды жазысуларда да мүмкіндігінше орфографиялық олқылыққа жол бермеуге тырысса ше?

Блогта сауаттылық жайы жазбапост ретінде болумен қатар, пікірлесушілер арасында да дау туғызып жатқанын көріп жүрміз. Бұл жағдаят әрбіріміздің жазу сауатымызға үшбу сәлем жолдары сөзсіз айқын.

Мына тақылеттестері ұшырасады көп ретте:

Тағыда, меніңде, оныңда, онсызда … т.с.с. – Әсілі, бұлар бөлек-бөлек жазылса мақұл. Тағы да шертші домбыраңды. Меніңде тұла бойым тітіркеніп барады. Оның да көзі бал-бұл жайнағанын қарасайшы. Онсыз да аласапыран болып жатқанда, жағаласқаны несі…

Ай, күн аттары сөйлем басы болмаса, ешқашан үлкен әріппен берілмейді. «Мәжіліс Бейсенбі күні Сағат 16.00-де өтеді» дегенді оқыған көзді аяу керек. Құдды осы сияқты «Қаңтар мен Ақпан айларында өндірістік көрсеткіштерді кемітіп алмауымыз керек» мысалындағыдай ағаттықтарға да тұсау салайық.

Тағы нені кездестіруге болады?!

Бірдеңке, ештеңке деген сөз жоқ қазақта. «Бір бәле ғой» деген сөз де бекершілік. Read the rest of this entry »

Image Hosted by ImageShack.us

Тоқсаныншылардың орта шенінде маркетті жаулап алған Ловис пен Бомбибомдардың буыны түсінер. «Bayraklar» деген жапсырылғышы бар сағыздар болды. Алуан-алуан елдің туы бар, баскентін, халық саны мен алып жатқанын ауданын көрсетуші еді, қателеспесем. Елдегі бірталай тоңазытқыштың есігінің үстіңгі жақтамасы осы тақылеттес жапсырылғыштарға толған шығар-ау. Сол жерден жұққан дерт болуы керек, әр елдің бас қаласын жадқа тоқып, кейініректе мектепте білгірлеуіміз қайсымыз екендеп деп сайысатынбыз. Зияткерлік тайталас қой, сондағысы.

Ақпарат ағынынан елордамызға Словения президенті Тюрк қонақтағанын білеміз. Бүгіндері, іле-шала, жоғарғы деңгейдегі мәмілелер хақында хабарламалар легі беріліп жатыр. Интерфакстағысын аракідік шолып отыратын әдет бар. Read the rest of this entry »

Image Hosted by ImageShack.us

Ол кезде ЖОО-дан түлеп ұшар төртінші курс студентіміз. Негізгі пән – ПУПР (практика устной и письменной речи). Таңғы бірінші ПУПР-ға қатыспай, тобымыздағы Түркиялық шәкірт Бахадыр үзілісте келді. Сырттамыз. Филфактың алды дәстүрлі түрде қыз-қырқын. Жігіттер бір түйір боп пирожки сататын дүңгіршектің қасында топтасқанбыз. Соңғы курстың бастауы еді. Он бірінші қыркүйек. Түгеліміз түнімен телеуізірден көрген сұмдықты талқылаймыз. Бахадыр Түркия азаматы, түрік арналарының таратылымын қарап, біраз үрейленіп тұрғаны да байқалды. Асқан саясаттанушы бола қоймасақ та, көз көрген нәрсе апокалипсис тәріздес аласапыран да, әсер ерекше еді. Әйтеуір алапат нәрсе. Алдымен бірінші, соңыра екіншісі соқтығысты әне. Есімде, Хабар, КТК, басқа да арналарды айналдырып, әкем, шешем үшеуіміз телміріп қарап едік. Хабардан Ләззат Танысбай еді түнгі тосын эфирге шыққан. Елдегі валюта алмастыру орындарында бағалар бәз-баяғы қалыпта екені, еш жерде дүрлігу, басбұзарлық жоқ екенін айтып, тыныштандыру еді дәл сол сәттегі науқан. Read the rest of this entry »