Суретстан

Құрметті қонақтар!
Бармен сізге чекті ұсынбаған жағдайда сіз барменнің есебінен ақысыз сусын не поп-корн алуға құқылысыз.

Image Hosted by ImageShack.us

P.S. Орысшасында екі қате ме, қаншау өзі?

Ол – түйдей құрдасым, әрі досым. Аралас-құраластар арасында өзін алуан қырынан танытқан азамат. Әйтеуір, бұған дейінгіде «мысық асыраймын-ау осы» дегенін естуін естісем де, аса мән бере қоймаппын. Өз басым үй жануарын аса құнттай бермейді екенмін. «Мысығым етті көп жейді, сорыңқұрығыр» деген уәжін өзімше кәдуілгі мысықтың жейтұғын китикәттармен байланыстырмаймын ба?! «Үйге келер болсаңдар, алдын-ала құлақтандырып қойыңдар, мысығымды шынжырына байлап қояйын» дегенін құтырудың бір категориясына да жатқызып үлгергем. Бұ не мысқылы деп. Досымыз біздердің түсініспеушілікпен арпалысып жүргенімізді сезсе керек, алдынырақтағы жасаған мәлімдемелеріне қосарлауыш ретінде осы бір суретін жолдапты… Read the rest of this entry »

Image Hosted by ImageShack.us

Image Hosted by ImageShack.us

Image Hosted by ImageShack.us Read the rest of this entry »

Image Hosted by ImageShack.us

Мынау біздің отбасы. Арамызда асқар таудай әкеміз ғана жетпей тұр екен, жаның пейіште шалқығыр. Шешем мен әкем бүкіл ғұмырын саз саласына арнаған кісілер. Олардың жолын Зәуре әпкем ғана қуды, домбыра класын бітіріп. Ағам Асан, мектепте балаларды еңбек пәніне баулиды. Алтынай қазір кішкентай Әсел қызды тәрбиелеп жатыр. Дарынды балалар гимназиясында химия пәнінен дәріс береді шәкірттерге. Әкеміз бен шешеміз біздерді қатарластарымыздан кем қылмай, ел қатарлы өсіріп, әкелік, аналық вәзипаларын адал орындапты. Құдайға шүкір. Ендігісі бала мен қыздың әке мұратын қалай орындауында, шеше тағылымын бойға сіңіруінде… Асан екеумізді анам «түйенің қос өркешіндей» деп айтады, онысы әкенің қос ұлы бауырмашыл болсын, кең болсын дегені шығар, сірә. Зәуре домбыра класын, Алтынай хим-биологияны қызыл дипломға тәмам еткендерінде әкем жора-жолдастарына әй бір мақтанып еді! Онысы мен үшін сол кезде қызба мақтангершілік сияқты боп көрініп еді, қазір қарап отырсам Read the rest of this entry »

Image Hosted by ImageShack.us

Блогта бұрынырақта «Жайлауда» тақырыбы қоғамдық резонанс туғызып еді. Оған айтылған пікір саны мен ауқымының алуандығы дәлел.

nurgisa.dosym.kz/audio/Jailauda.mp3

Get the Flash Player to see this player.

Басым көбі жаздықты экзотика көріп, құмарту артқасын блог канцеляриясы бұл жайды қараусыз қалдырмау керектігін ұқты. Мезгіл жазғы еді, жер жайлаулы-тын. Алматы іргесіндегі «Табаған» кешені, дәлірегі – «Бес найза» деп аталатын кәдуілгі жайлау. Қаладағы тасыр-тұсыр, қара түтін күйбеңінен шаршаған жанға таптырмас сергу амалы екен.


Қазақ байрағы айналасында топтасу
Read the rest of this entry »

Ақсерке (семга) қызыл балық тұқымдасының бір түрі. Титімдей тілімі бір кісілік тамаққа жарап қалады.

Image Hosted by ImageShack.us

Тоңазытқышта сақтар болсаңыз мұздатқыш суырмасында сақтаған абзал. Жуып ап, алдын-ала қыздырылып, аздап «Олейна» құйылған табаға саламыз. Екі бетін кезекпен қыздырып пісіру керек. Табаның қызуына қарай 25-30 минут ішінде піседі. Мен ешқандай қоспа, специяны жақтыра бермеймін, сізге ұнардай болса қалауыңызға сай қоспалар қосуға болатын сияқты. Read the rest of this entry »

Астанадағы құбылмалы күн райы Бекжан келген күні беті бері қарады. Жадыраған жаз болды тура. Өзім баскентке құбыланы бұрғалы жұмыс қамы мен бабымен сауық-сайранға уақытым тапшы болғасын, Бекжан керемет құтқарушым болды. Екеуміз алдымен таңертеңгі ас қамын ойластырып, нан-пан алуға орталықтағы дүкендердің біріне аяңдадық. Менің ойымда алажақ астың бас-аяғы болса, Бәкең жан-жағын бағамдап келеді екен. Кіреберістегі мерекеге лайықтандырылып арнайы қондырылған танктерді ол байқамаса, менің назарымнан тыс қалған екен. «Әйт» дегенімше болмады, тура қиқар балалардыкіне сап, жүгіріп барды да, танктің есігін ашып, жайғасып алды. Оныкі – жайбарақат, мен біреу-міреу қоғамдық тәртіп канондарын быт-шыт қылғанымыз үшін сөкпес пе екен деп айналаны жіті бақылаумен болдым:

Image Hosted by ImageShack.us

Бақсақ, танк іші лимузиндегідей кең, сыйымтал екен. Бекжан ішіндегі құрал-саймандарды біледі екен, жіпке тізгендей етіп ненің не екенінің аражігін ажыратып берді. Әскери ұрыс-қимылдағы осы жойқын компоненттің бүге-шегесін білгіш Профессор мылжың емес еді, Read the rest of this entry »

Image Hosted by ImageShack.us