
«Сақал-мұрты бар, бойы ұзындау жапон» болып шықтым (А.Е.)
Өмірдің өз өрнегін өрнектейді ол. Ұрымтал тұстарын қолы қалт еткенде блогына жүктеп. Жүктемегенде ше – өз көргенін, түйсінгенін бөліседі, басқасына білдірсем екен деген ізгі ойы бар сайланған… Асхат Еркімбай – журналист амплуасында блог ісін жетік меңгеріп, осы арбаны абыроймен сүйреп әкетіп бара жатқан сақа жазбагер. Асхаттың кім екенін біз емес, блогы және прогресшіл журналисттен алған сұхбатымыздағы жауаптары айтсын:
Н.А.: Өріктері гүлдеп жатқан ауылдан сәлем, Асхат! Қалай жалпы, кісі елінде жерсініп, жатсынып жүрген жоқ боларсың?
Асхат Еркімбай: Сәлем, Нұреке! Әбден Еуропаны аралап үйреніп қалған басым, бас кезінде: «Қайда келіп қалдым?» деп аңтарылғаным рас. Қазір қарап отырсам, қанша дегенмен Азия елдері халықтарының менталитеті ұқсас екенбіз. Әсіресе, жуастығымыз көзге бірден түседі. Еуропада жүргенде жыртқыштар арасында жүргендей сезінетінмін. Батыста бәрі қарбалас, жанталас, бәсеке… Нью-Йоркта болғандар болса, мені түсінер. Ал мына жақта бойымды мимырттық, сабырлық, қанағатшылық сезімі баурады. Әлгі өлең бар ғой. «Еуропа да, Азия да емеспін мен» деген. Соның рас екеніне мына жақта жүріп көзім жетіп отыр. Жұбан ағамыз қалай дәл айтқан десеңші! Біз мүлдем басқа екенбіз. Біз дегенде Орыс империясының құрсауынан шыққан кіндік Азия елдерін айтамын. Себебі түріміз бір болғанымен, санамыз сол үш жүз жылғы царизммен қалыптасқан. Еуропалық ойлау жүйесі де бойымызда бар. Алған біліміміз де, жинаған тәжірибеміз де басқа. Қарапайым ғана мысал, біздің қазақтың қыздары мен мына жақтағы қыздардың түрі ұқсас болғанымен, ТМД-дан шыққандарды жүрісіне, кісілермен жасаған қарым-қатынасынан анық байқайсың. Көшеде қазақтың қызы кетіп бара жатса, оны мойнын бұрып қарағанынан-ақ танып қоюға болады
Н.А.: Сымбаттың блогында түрлі ұлыс пен ұлт несімен танымалды екені турасындағы жазбаны оқыған шығарсың. Куала Лумпурдағылар сені не елдің баласы деп қабылдап жатыр деп сезінесің?
Асхат Еркімбай: Иә, Сымбаттың блогын оқу маған да қызық. Қазақи болмыспен өрілген ойларынан үнемі жаңалық тауып отырамын. АҚШ-та жүргенде мені малайлықтармен шатастыратындықтан, мына жақта мені өзімсініп қабылдар деген «жаман» ой болған. Сөйтсем, мына жақта «сақал-мұрты бар, бойы ұзындау жапон» болып шықтым. Дүкенге барғанда сатушылар маған бірінші кезекте жапон тауарларын ұсынатынының себебін екі аптадан соң барып түсініп отырмын. Read the rest of this entry »
Пікірлер