
Қойын дәптеріме түртілген кейбірімен бөлісудің реті түсіп тұр тағы. Қайсыбір баламалар терминком бекіткен тізімдемелерде де ұшырасатын шығар. Бұл жұмыс бұдан былайғыда да дәстүрлі жалғасын табар деп сенгім келеді.
Ловушка – қақпан, тұтқыш, тор – Trap, catcher
Пробоотборник – сынама сұрыптаушы – sampler
Обогащение – байыту – concentration, dressing, enrichment
Выбросы – лақтырынды – effluents
Износ – тозу, желіну – wear
Сопло – шүмек – nozzle
Фактические величины – нақты шамалар – actual values
Башенная опора – Мұнарбақан – Tower support
Безотказность – қалтқысыздық, тоқтаусыздық – failure-free performance
Исправность – түзеулік, жарамдылық – serviceability
Понижающая передача – баяулатушы беріліс – step-down transmission Read the rest of this entry »

Әкесі: Балам, сен менің таңдауым түскен қызға үйленуіңді қалаймын.
Баласы: Әке, болашақ келініңізді, өзімнің қалыңдығымды өзім таңдасам деймін, дегенмен.
Әкесі: Бірақ, не ғой… Қыз Билл Гейтстің қызы еді, сосын ғой…
Баласы: Е, солай деп айтпаймысыз. Олай болса… қарсы емен!
Арада бір күн өтеді. Әкесі Билл Гейтстікіне келеді.
Әкесі: Бәке, қызыңа «мынандай» бір күйеу тауып қойдым!
Билл Гейтс: Көтек, қызым тұрмысқа шығуы үшін әлі өрімдей жас қой. Read the rest of this entry »

Challenges – ауыртпалықтар, қиындықтар, күрделі шарттар
Мысалы: We will for sure overcome the challenges we face. – Біз бетпе-бет ұшырасып отырған қиындықтарды сөзсіз еңсеретін боламыз.
Sensitive environmental area – аса сезімтал экологиялық аймақ
The Caspian Sea is a very sensitive environmental area – Каспий теңізі аса сезімтал экологиялық аймақ.
A sustainable industrial activity means first of all ensuring the Health and Safety of its own personnel – Тұрақты түрдегі өндірістік қызмет бірінші кезекте қауіпсіздік техникасы мен компанияға қарасты қызметкерлердің денсаулығын қорғауды білдірсе керек.
Non-flaring and zero water discharge policy – алауоттарды жағуды толықтай доғару және сарқынды суларды болдырмау саясаты Read the rest of this entry »

1 жаңсақ түйсік. Аудармашыларға деген қажеттілік бара-бара кеміп, соңыра сұраныс мүлдем болмайды, өйткені дәл қазіргіде қалаған адам Промт не басқа электронды сөздікті сатып ала алады не болмаса онлайн-сөздіктердің көмегіне жүгіне алады…
2 жаңсақ түйсік. Тілді жетік меңгерген болсаң, медицина дейсің бе, ядролық энергетика дейсің бе… кез-келген тақырыптағы мәтінді аудара беруге болады. Аудармашы Жәкем, мәселен, мұнай химиясына қатысты бір мәтінді аудара алмайтынын шын ықыласымен білдіріп айтып, мойындап жатса, демек ки бұл нашар аудармашы.
3 жаңсақ түйсік. Жақсы аудармашы дегеніңіз әмбебап болуы тиіс: аса қинала қоймастан жазбаша да, ауызша да аударып, қажет бола қалған жағдайда синхронды түрде де аудара беруі керек. Аудармашы Жәкем сізге аударманың белгілі бір саласында ғана маман екенін айтып, аузын көпіртіп жатса, демек бұл нашар аудармашы. Read the rest of this entry »

Бүгін халықаралық аудармашылар күні екен. Есіме түсірген поштама кеп жатқан қисапсыз хат тізімі. БҰҰ-ға еншілес Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) денсаулық пен адам өміріне қатерлі мамандықтардың тізімдесесін жасақтапты, бақсақ. Аудармашы әріптестерімнің кәсібі бұл рейтингте сынақтаушы ұшқыш (летчик испытатель), шахтер сияқты мамандықтармен қатар тұр екен. Әйтеуір, еңбегі адал сияқты ұлт пен ұлыстың өзара ұғынысуына ұйытқы боп жүрген кісілердікі. Тұлғалардыкі дей салайықшы бүгінгі үшін, жарайды…
Нәсіп қып жатса, жақын арада қазақ тілінде синхронды аударма жасау ісі бойынша біраз ойтүрткіммен бөліспекпін. Тілмаш ағайынның қаламы мұқалмай, аузына сөз салсын деп тілек айтқым келеді. Жүзіміз жарқын болсын!!!
Құрметті қонақтар!
Бармен сізге чекті ұсынбаған жағдайда сіз барменнің есебінен ақысыз сусын не поп-корн алуға құқылысыз.

P.S. Орысшасында екі қате ме, қаншау өзі?

Гастарбайтер Редьярд Киплингті термеші қып жіберегені несі деп «тоба, тоба» дегем. Бақсам, Асқаржан Редьярд Жәкемнің “If” термесін (өмір ақиқаттары туралы манифест) қазақшалапты. Федоровтың орыстілді баламасын референс-нұсқа етіп алған.
Үш-төрт жыл ертеректе менің де осыған бір арналғаным бар-ды. Маған Лозинскийдің орыстілді пайымы шақтау көрініп еді.
Түпнұсқада Жәкем бүй депті: Read the rest of this entry »

Бұл АҚШ-тағы Жапон елшілігінде шын орын алған жағдай.
Жапония Премьер-министрі Мори Вашингтонға ресми сапармен келіп, президент Барак Обамамен жолықпас бұрын ағылшын тілінде сәлем алысу-берісу үшін мамандар тілін ағылшын кәлимасына сындырмақ болады.
Обама президентпен амандасып, қол берісерде «How are you» (Сау саламатпысыз?) деңіз, деп нұсқау береді тілді үйретуші. Сосын Барак мырза «I am fine, and you?» (Жақсымын, өзіңіз ше?) дейді, сонда сіз «Me too» (мен де) деп жауап қайтарасыз. Одан кейінгісін аудармашылар болып өзіміз атқарып тастаймыз, деп мән-жайды ұқтырады.
Қап-қарапайым көрінгенмен шын мәнісіне келгенде… Read the rest of this entry »

Аудармашылық кәсіптегі жағдай. Түпнұсқа мәтін ағылшынша. Тілі, тіл біліп, ұққыш адамға қарапайым ғана тіл. Көбіне солай. Көз ашық, көкірек ояулықты сездірту үшін қарабайыр қолданыстағы «арзан» клишеге ұрына көрмеу ұстанымын сезбейсің. Тіпті, мәшһүр ғалым-оқымыстыларының тезистерін аударып жатып та құралған мәтінге қарап, жазбагердің әдеби «құлпыртулардан», төте түсінуге бөгет боп, алуан түрлі синтаксиспен оратылған лингвистикалық тәсілдерден баз кешуін кездестіреміз. Мәселе, әсілі, ой саяздығында емес. Make it simple’ді ұран сайланған жазғыштар көпірте бермей, нақты сайлайды. Сөзін. «Мә, ал!». «Не ғой, мен өзі о бастан ойланып жүрген ем, берсем бе екен, бермесем бе деп. Бермесем сараңдығым деп сыртымнан сөз тасып, төңіректегілерге мен туралы болымсыз қауесет тасырсың… Содан ғой… Ары ойланып, бері ойланып… Мә, ала салшы» емес.
Ағылшынша аударуға жататын мәтінді сол жақтамадағы боксқа орналастырасың. Оң қапталда «қазақша эквиваленті». Иә, ағылшын тілі бір француз досым айтпақшы «компьютер тілі». Ар жағында «сезімсіз, машиналды тіл» деген емеурін бар. Француз өз тілін сүйеді себебі, әсіресе махаббатта ұғынусуда пәрменді менің тілім дейді ол. Бұның енді қаншалықты даутуғызбас аксиома екенін жіліктемей-ақ қояйық. Бастысы, Read the rest of this entry »
Пікірлер