Шешемнен мирас жаһұттар

Той-томалақшылдығымыз – ұлттық идентификатор дерлік айрықша белгіміздің бірі шығар осы. Қазіргі қаржы-қаражат төңірегіндегі шырмауық та, былай қарағанда, отбасылық бюджеттердің секвестрленуіне анық мұрындық сияқты. Бірақ, қазекем бәрібір той жасамай тұрмайды…

Ықылым замандардан бермен қарай өркениеттіге теліп жүрген XXI ғасырымыздың алғаш ширегіндегі алғы буын өкілдерінің жиындарындағы ұлттық фольклор өзінің көркемдігімен қызықтырмай қоймайды. Апаларымыз сызылта салған әндер кейінгі буын тарапынан ілініп алынады ма, жоқ па, сонысы алаңдатады. Ал ақ жаулықты апалардың әнінде қарапайым образдар, сол замананың ерекшелігі мен пәлсапасы, қажет етсеңіз ұлттық идеологиясы да жатыр.

Үйдің кенжесі болғасын кезінде шешем онша-мұнша басқосу мен қонақ күтісулерге мені бірге ала жүретін. Апалардың «кәрәмәті» сол, әр ауылдан келген кісі өз елінің алты ауызын айтып, «қарсы тараппен» айтыс сайысқа түседі. Бұл «айтысулардың» ерекшелігі сол, тараптар жеңіл әзіл, астарлы терең сөз арқылы жөн сұрасады, тілек тілеседі, қара өлеңнің көркін қыздыра түседі.

94-ші жылдары Шымкент қараңғы құшағына жиі енетін. Электр қуатының жиі өшірілетін кезі. Сонда бір қонақтықта кешке таман кісілерге табақ тартыла бастағанда «жарық» өшіп қалады. Күтуші үй майшам табам деп әуре-сарсаңға түсіп жатқанда шешем былай деп әндеткен екен:

Төрт кәмпит, он бауырсақ, жеті жаңғақ,
Айтайын бұл әнімді, құдағи, сізге арнап Read the rest of this entry »

Image Hosted by ImageShack.us

Оң қолдағы саусақтарды бүге отырып: келі, келсап, мұз, тұз, жүз
Сосын сол қолға өтеміз: оқтай, тақтай, ұн, пұң, мың

Бұл санамақ арқылы балдырғандар жүз бен мыңды үйренеді.

Image Hosted by ImageShack.us
Атын білмей қор болдым.
Әйтеуір, сол қыз – бір сұлу

Ділдәбек келісті, көрікті жігіт болады. Ол дәуірде қазіргідей СМСтесу мен әлеуметтік тораптар жоқ, пәлен жердегі түген деген ибалы қыз бен ата жолын пір тұтқан нарқасқалар туралы әңгіме ел аузына тарап, жеңгелер бас ньюсмейкерлер (бүгінгі өлшеммен алғанда – танысу порталдарының «админдері») болатын заман болса керек. Біздің Ділдәбек қасына жігіттерін ертіп, салт аттылардың делегациясы көрші ауыл мен осы ауылдың жеңгейлерінің мәмілеге келіп, ұйымдасуы дәнекерлігімен қыз көруге аттанады. Келген ауылдарында жеңгелер алдын-ала қам жасап, сегіз қанатты шаңырақтың біріне ауылдың қыздарын шақыртып қойған екен. Қонақ жігіттер жайылған дастарханның төріне жайғасып, күбіге піскен хан қымызды сіміріп отырады. Уақыт толғағы піскенде жеңгейлер бикештерді түгел ішке шақырады. Түгел қыздың ішінен Ділдәбек ең соңында бәрінен оқшауланғысы келмей, тасада тұрған қыздың атын сұрайды. Аты Сұлу екен. Өзі де қасы-көзі қиылған хас сұлу болса керек. Ділдәбек осылайша Сұлуға бір көргеннен-ақ аңсары ауады. Жеңгелеріне ырымдап, ымдап байламын білдіреді. Сонда 15 жасар Сұлудан жеңгелері «Қаладың ба?» деп сұраса, әлі ойынға құмары толық қана қоймаған ерке қыз «Қәләдім» дей салыпты. Сақау ғой… Read the rest of this entry »