
“Сайттың аты чат үстінде табылды”
«Мәссаған» қазақтордағы өзіне жүктелген киелі миссияны «бір кісідей» атқарып келе жатқан танымал тұғыр. Санаулы қазақ порталдарының ішінде «Мәссағанның» да өзінің межелі аудиториясы, күнделікті кіресілі-шығасылы қолданушылары бар. www.massagan.com былтырғы өткен Award 2008 интернет мүшәйрасының «Қазақ тіліндегі ең үздік сайт» номинациясында жүлделі екінші орынға ие болды. ҚазНеттің өркен жаюына мол себін тигізіп жүрген осынау ресурстың құрушыларының бірі Бақытнұр Бәйтелұлын блог-кәде жоралғысымен әңгімеге тартқан едік.
А.Н.А. Бақытнұр, Жанарбек екеуіңіздің «Мәссағандатуларыңыз» тарихи өзбастауын қашаннан алады? Ұлттық порталдың ең алғашқы жазбасы жарияланған күнді, ең алғаш мүшесін … ең алғаштардың біразымен бөліссеңіз? Сайттың атауын кім ойлап тапты, идея кімге тиесілі?
Бақытнұр: Университет қабырғасында жүргенде-ақ қазақ тілді вебсайт істеу ойда бар еді. Соңынан ойлаған ойымыз орындалды. Сайтымыз 2005 жылы мамырдың бірі күні ашылған. Алғашқы идеяны да қазіргі Мәссаған әкімгерлері Жанарбек, Талғат үшеуіміз шығарған едік. Үшеуіміз Ұланбатырда бір университетте оқып, соңынан үш жаққа оқуға кеткенбіз. Сайттың аты қазақша, есте қалатындай, әрі қызықты болуы үшін чат үстінде ақылдасып “Мәссаған” деп шешкен едік.
Ең алғашында сайтта көп бөлім жоқ еді, хабарлар мен әзілдер сияқты бірнешеу ғана еді. Жаңылмасам ең алғашқы мақала “Ұлылардың ұлысы – МҰХАММЕД” атты болуы керек.
Ең алғашқы өлең “Мен Қазақпын” деген марқұм Кәкей Жаңжұңұлының өлеңі еді. Алғашқы мүшелер Моңғолиялық қазақтар мен шетелде оқитын қазақтар еді..
А.Н.А. Жырақта жүріп осындай жобаның іргетасын қалау қиынға соқпады ма? Негізі, о баста «Мәссаған» сіздердің тырнақалды туындыларыңыз ба еді, жоқ әлде бұған дейін өзге ысылтушы жобалар болды ма?
Бақытнұр: Мәссағаннан да бұрын туындыларымыз бар еді. Студент жүргенде бір компанияда жұмыс істеп, азын аулағымыздан тәжірибе жинақтаған едік. Ал Мәссағанды ашу үшін қиындық болған жоқ, себебі Интернет арқылы ақылдасып, шешетін едік. Ағылшынша туындыларымыз тағы бар, оны да алып жүріп келеміз.
А.Н.А. Бүгінгі таңда massagan.com «жүйеқұраушы» ресурстың бірі. Осы орайда порталдың алдағы жоспарларымен бөліссең, сайтқа басын сұғушылар жақын арада нендей тың жаңалықты күтсе болады?
Бақытнұр: Рахмет комплиментіңе, Мәссаған оқырмандары сайтқа баға бергені бізді де қуантады, әрине. Алдағы жоспары дегенде жақында ғана іске қосылған видео портал бөлімін айта кеткенім оң болатын шығар. Видео бөлісу портал сайттары қазақша Интернет ресурстарында бар (kiwi.kz, kaztube.kz), енді біз де сол қатарға қосылып жатырмыз. Қуаныштымыз!
Тағы да ойлаған ойлар бар, оның бәрін алдағы уақыт көрсететін шығар. Қазір айтып салсақ қызығы қалмай қалатын болуы керек.
А.Н.А. Қазақ сайттарының әкімгерлерімен қарым-қатынас орнатасыздар ма? Жалпы, жаһантордағы қазақ тіліндегі мәлімет пен дерек қорының серпінмен молаюы үшін қандай тетіктер керек? Википедиядағы қазақша сегмент молайса құтқарыламыз ба?
Бақытнұр: Ия, әрине, бірнешеуімен хабарласып, пікір алмасып тұрамыз. Tіпті, Мәссаған арқылы сілтеме де алмасып отырған сайттар бар оның ішінде. Сонымен қатар, қазақ блогшыларымен де жақсы қарым-қатынас орнатқанбыз. Қазақ блогтарының ең соңғы жазбаларын RSS арқылы Мәссағанға шығарып тұрамыз.
Қазақ блогшыларының санын молайту үрдісі былтырғы жылы жақсы жүргізілген еді. Бұл іске Асхаттың (urimtal) да үлесі зор. Қазір солардың саны біршамаға жетіп қалды. Сол сияқты әрбір қазақ өз үлесін қолынан келгенше қоса берсе қазақша Интернет қоры молая береді ғой. Уикипедия да оның бір бөлігі. Бірақ Уикипедия қоры – мәлімет болғанымен дерек емес.
А.Н.А. Бақытнұр, өзің көптеген елде болып, ел көрген, жер көрген азаматсың. Сен болған елдердің қазақтар қай қасиеттерін өзіне икемге келтіріп алса болады деп ойлайсың?
Бақытнұр: Біздің халқымыз өркениетті халық. Сондықтан басқа халықтарға үйретеріміз де, олардың қасиеттерінен үйренеріміз де көп қой. Өз ойым, біздің үйренеріміз басқа халықтардың тілге деген құрметі мен еңбекқорлықлығы.
А.Н.А. «Мәссағанда» сауалнаманың қазіргі сұрағы «қазақтардың қазіргі бас ауруы» жайлы екен. Өз басың қазіргі дертіміз не деп ойлайсың? Қазақтар жаһандағы шын мәніндегі сөзі өтімді ел болуы үшін қандай салаларға ден қоюы керек?
Бақытнұр: Басты мәселеміз қазір рухани жағдайымыз бен тіл болып отыр ғой. Сауалнаманың қорытындысында көпшілігі Тіл мәселесі деген екен. Келісемін.
Өзім технология саласының адамы болғандықтан білім мен технологияға ерекше мән берілу керек дер едім. Қазақстан үкіметі осы саланы дамыту үшін көп маңызды шаралар өткізіп жатқанын оқып жатамыз. Әрине, құптарлық.
А.Н.А. Бақытнұр, сөз соңында www.nurgisa.kz блогының оқырмандарына «Мәссағанның» әкімгері ретінде не тілек айтар едің?
Бақытнұр: Сұхбат бөліміне шақырғаныңа рахмет. Блогыңа ашылған күннен бері қонақ болып, қадағалап жүремін. Ізденіс пен талапкерлерлігіңнің арқасында Үздік блогшы атандың. Құтты болсын.
Қонақтарға айтарым “айтылмаса сөз жетім” дегендей “оқырманы жоқ болса блог жетім” болып тұрады. Сондықтан қазақ блогшыларын қолдап, сын пікірлеріңізді үнемі жазып, пікір алмасып тұрыңыздар. Мүмкін болса, қазақ тіліндегі ресурстарды көбейту үшін ат салысыңыздар.
Ілмек: www.massagan.com





Сайттың атын естігенде нені айтып тұрсың, ондай да сайттың атауы бола ма? деген едім маған сілтеме берген адамға
Ия, шындығында блог иесі мен сайт әкімшілігі арасындағы әңгіме көңіл қуантарлықтай!!! Барлығы еліміздің болашағы үшін екенін күмәнім жоқ, әрқашан да сәттілік тілеймін!!!
Қазағымның сіздердей азаматтары көбейе берсін.
Алла жар болсын сіздерге!
Жігіттердің еңбектері жана берсін!!!
Қазақ интернеті тек биіктен көріне берсін.
жақс сұрақтар, жақс сұхбат… көп жасасын!
әкімгер деген не сөз, типа владелец деген сөздің қазақшасы ма? жақсы аударылыпты.
Uzdik blogta bizding sitteing suhbaty jurgeni kuantady.
Қазақ ғаламторының дамуының бастаушыларының бірі десем, артық айтқаным емес. Өзіңдей қазақ азаматтары көбейе берсін деген тілек айтамын!
Аллаһ тағала істеріңізге сәттілік берсін!
Сайтқа жиі зиярат жасап тұрамын.
ең жынды форум – СолайДе.
мәссаған СолайДенің қасында да тұрмайды. оның форумы мұңайған.
п.с. мәссағанда мені банға жәберді. кешірмеймін.
Aiko, akimger degen administrator degen sozdin kazakshasy.
Akimwilik – adminiztratsiya, akimwilik maseleler – adminiztrativnye voprosy degen siyakty…
Kazaksha sayttardy kobeitetin karakoz jigitterimiz ben kyzdarmyzdyn arbir bastamasyna unemi Alla jar bolsyn!
Сержаны банға жібергені дұрыс болмапты.
Мен де қазақша интернет контенттің бар екенін естігенде күлгенмін, ол не екен тағы да қазақ мәселесін зарлаған бір сайтсымақ шығар дегенмін.
Бірақ Мәссағанға кірген күні ұнаттым деп айта алман. Ең бастысы бұл сайтта қызық адамдармен таныстым.
Сыртқы пішін, дизайн, пиздайн, жылдамдық, деп тырнақтан кір іздемесем, мазмұнына көңілім толады.
Форум боқтамай жазсаң, кез келген пікірді көтереді екен. Тіпті боғауыздың мағынасын әдемілеп жазсаң тимейді, мысал: Туф, менің миыммен жыныстық қатынасқа түспеңізші десең фильтрге ілінбейсің:)))))
Мәссаған керемет сайт,ол сайттан көптеген мәліметтер алуға болады,тіпті студенттер кітапханаға бармай-ақ деректер тауып алады.Мәссаған kz неге жасамайсыңдар?
Мәссаған сайты жоғалып кетіпті ғой.Жауып тастаған ба?!Айқын да ашылмайды?
жақсы
Мәсаған менің ғаламторға кірер табалдырығым еді. Ең алғаш Мәссағанға МузАрттың “Бір тамшы көздің жасындай” әнін іздеп кіргенмін, өлең табылмады, бірәқ сол жақта қалып қойдым. Маған жеке бетшеден бастап, форум, құжаттар, барлық бөлім ұнайтын.
Жабылып қалғаны дұрыс болмады, жеке хаттарым, жиған терген архивтеріме қол жеткізе алмай қалдым
Бақытнұр ағатайға үлкен рахмет, Мәссаған сайты болмағанда өзбек сайттарын аралап жүре берер едім