
Самарқанның көк тасы иіп, жібіп, көктем жаршысы наурызкөк Ұлыстың ұлы күнінің келгенін жария ететін датаға орайластырып отандық телевизия алтын қордағы жаһұттарды жомарттық таныта ұсынды. «Менің атым Қожа», «Гауһартас», «Тақиялы періште», «Алпамыс мектепке барады» (Алпамыстың роліндегі «бала» қазір орда бұзар жаста-ау, ә?!)… Шәкен Айманов пен Абдолла Қарсақбаевтардың өлмес мұралары болмаса кім біледі, отырар ма ек шегіркөздің «Будулайы» мен «киелівудтың» «теміртатырларына» телміріп.
Хош, қара топырақ бусанып, жер-жаһан қызылды-жасылды көкке оранатын әз Наурызға тарту-таралғы ретінде қаладағы синемада «Ойпырмай немесе менің қымбатты балаларым» отандық киносының тұсаукесері болды. Тұсаукесері емес, премьерасы дейік дәлдік үшін. Бәкең екеуміз барып ек. Бұл туралы «айқындықтар» өз «рецензиясын» беріп те үлгеріпті.
Кинозалға жиылысқан дүйім жұрт кей эпизодтарда ішек-сілесі қатып, қарқылдап күлгені рас. Киноға позитив пен болымды күш-қуат алып, тұла бойға пәрмен бітіріп шыққың келетіні бар емес пе еді?! Міне, соның кебі. Кигендері.
Кино тек таза коммерциялық табыс үшін түсірілсе, контентіне бағыттап «қарғыс/алғыс, лағнет/респект» (копирайтс – Асаубота) айтып береке таппақ жоқ, сірә. Өзінің мөрленген клишелері бар, кей ретте тәлімдік маңызға претензиясы бола бермейтін сюжеттері бар демекші… Режиссер бұған дейін «Қарой» туындысын жарыққа шығарыпты. Өзім көрмегесін, сын-мін айтпан. Бірақ кей отандық кино жанашырлары фильмнің жеткізбек болған месседжіне дүрдараз күймен қарайтынын байқадым түрлі платформадағы пікірлерінен.
«Ойпырмай» менің пайымдауымша комедия жанрында түсіріле отырып, күйкі тірліктің шет-жағасын паш етуге талпынған. Білуімше, елдегі көрсетілімінен кейін іле-шала әлемдік аренаға сапар шегетін ұқсайды. Ендеше, осы фильм аясында шет елдік аудитория тағы бір мәрте қазақтар мен олардың болмыс-бітімі туралы дерекке қанықпақ. Бұл өзі үдеріс болып келеді осындай. «Тюльпан», «Сталинге сыйлық», тағы да өзге «made in KZ» ленталары шалғай елдердегі кинобәйгелерде бақтарын сынап, көсегелері көгеріп жатқандары да бар. Осы тұрғыдан алып қарағанда, әлбетте, фильмнің тұтас идеясы, расында да, кемшін соғатын тұрмыстың кикілжіңдеріне төрін ұсынған. Әрине, киноға апарып тек жарқырап, жайнап тұрған компоненттерді тықпақтай бермейсің. Қазақ киноларына доминантты түрде натуралдылық (табиғилық десек пе екен…) образдар тән сияқты. Ауыл, ауылдағы өрістен қайтқан мал, маңырап-жамырауы, содыр әккілердің мәтәсиклі (ол тағы оталмай, қырсығып тұрып алады)… «Ойпырмайдағы» мұндай екпін ауылдан қалаға балаларына сауын айта келген апа мен кенже ұл дәнекерлігімен көрініс тапқан. Мінездерінде (дау туғызардай) немкеттілік пен әдепсіздік дейміз бе, әйтеуір жағымсыздау бір микстуралар байқалады. Бірақ, көрерменнің ықыласына бөленіп, оны қырап топан күлкіге батыруы фильмнің озат сюжеттерден кенде емес екеніне анық айғақ. Залда отырған алдыңғы толқын апалардың жылы қабақпен қарсы алуынан соны ұққандай болдым. Әсіресе, кенже ұл мен апасының бір үйден екінші үйге бара жатқандағы билері ұнады. Сосын, Майра атты қызы, соның жатақханасына барып, қуырдағын ұрлап кеткен суайттарды иіс арқылы іздеу барысындағы музыка ұтымды түрде кәдеге асқан деп білдім. Айтпақшы, алып қашқан қыздың артынан «кешірімшілердің» (хабаршылар) барғандағы ана бір қыздың жымиыстары да қызық енді…
Тағы бір назарымды аударғаны, бір домбыра үш бөлек жерде пайдаланылған… Тырнақ астынан кір іздей берсең, шыға беретін шығар. Езгілей бергің келсе. Анық ниетің сол екен – төтесінен маникюр салонына тарт, жарқыным. Тырнақтың апай-топайын шығарушылардың темірқазығы сол жер болсын. Бірақ, өз ұлтыңның ақ-қарасы жария етілетін туынды болғасын бей-жай қарап отырмау керегі тағы бар… Ұрып-соғып, «отыр, қалың екі» дейін десең бір түрлі сияқты. Қиямет жұмыс жатыр себебі ар жағында. Дегенмен, 850 мың долларға комедия да болса тәрбиелік жүгі мен миссиясы қомақтылау дүние түсіруге болады ма еді деп кібіртіктеп қаласың… Жалпы, фильм менде екіұдай, кіл инь мен яндардан тұратын апофеоздардың тууына түрткі болды. «Әй, қазақтар, жаппай барып қараңдар» дейін десем, ертең құмары қанбаған аудитория бәтеңкелерін ала жүгіріп қуса қашып құтыла қойман. Бір білерім, бұл фильмді ертеңдері жанталасып, дүкен сөрелерінен DVD нұсқасын іздей қоймайтын сияқтымын. Ал «Рэкетирдің» дивидиін алып едім… Ааа, не дейсіз? Антипатияға толы аннотацияны неғып жазды деп жатыр дейміміз? Пішту! Так и передайте им, @$#$# айырам…
Ілмек: "Ойпырмай", не смотреть всем, рецензия, смотреть всем, өздерің біліңдер





көргім кеп кетті, айқынан кейін…, соңғы кезде ауа-райы ма әлде басқа жайттар ма жүрегім сыр беріп жүргендіктен, қатты нагрузка салгым келмейд өзіме… Әлгі шулатқан Қаройдың режисері дейд ғо… Негізі жаманды*жақсылы кино түсреле беру керек сияқт дәл қазір КЗға, ал шет елге шығу жайында сәл ойланқырау керек шығар. әлгі Қаройды шет елде сыйлық алған дейд ма, ойбай, сұмдық денем тіртіркеніп аяғына дейін көре алмай қалдым. дискісін тығып үйдегі қалғандар көріп қоймаса екен деп күдікпен жүрм
очм.
байқассыздар ма, қазір қазақтардың киносы екен десе зат толып кетеді, өзіме сондай сияқты, әбден күтіп жүрсе керек қазақ көрермендер өз туындыларын
былай қарап отсаң, кейбір жерге келсуге келетін сияқты ма қалай, яғни көргем жоқ, оқығанымнан түсінгенім, қалаға кіші ұлын үйлендіруге келген апай жайында делік, сонда кіші ұлы өз тойына өзі ақша жыймай не істеген деген сұрақ туындайды… шыны керек несін жасырамыз, ауылда әке-шешесіне міндет ететіндер көп. аулының не қала да да толып атр, сен кезінде маган ЖОО оқуға мүмкіндік берген жоқсың дейтіндер, сұмдық*ау грантқа түсіп оқысаң қолыңнан ешкім қаққан жоқ*қой
очм қазақтың психологиясын түсніп болмадым уа жамағат, артық кетсем кечрп қойң. бір ғана мысал, да, мында коменттер жазыпты, өз үйін көргенен жазыпты деп. өз басым шындықты айту үшін міндетті түрде батан кеч міндетті емес. Оян қазақ дегісі келген шыгар режисер. Ал былай, қоғамда бар екенін неге жоққа шығаруымыз керек.
Нұреке бұл біздің Шымкентте ма? Қай кинотеатрларында боватыр?
Айқындағы мақаланы соңына шейін оқи алмадым. Неге осылайша тиісе береді екен, ә? Маған салса, ең нашар, пленкасының сапасы төмен, актерлері ойнай алмайтын фильм болса да көрер едім, өз елімізде жасалған болса. Жылына жүздеген фильмдер шығып жатса дұрыс, таңдауға болады. Саусақпен санарлық Отандық фильмдерге қуанудың орнына… Аш адамға тамақ ұсынғанда “Өй, мынауың не, дұрыстап істемейсің бе?” дей ме екен?
Айтатыным – ешбір сынға қарамастан, нашар болса да түсіре беру керек, түсіре беру керек өзіміздің фильмдерді. Бір жасағаннан Оскарға лайық фильм түсіру мүмкін емес. Уақытпен келеді оның барлығы.
Шымкенттік бауырым, бұл Мега-орталықтағы кинопаркта ғой. Барып көрсең болады. Алдын-ала уақытын біліп алып.
Азамат, сенің пікірің қара қылды қақ жарған секілді. Менің айтпағыма дөп түскен сияқтысың…
Осы біздің қазақ журналисттердің, барлық нәрсені ұлттық идеологияға әкеп тірейтіндеріне таңқаламын..
Айналайындар ау, бір режиссердің түсіргені оның өзіңдік көзқарасына сай шыққан туынды..Ол мемлекеттің идеологияға сай кино түсіретін мемлекет қызметкері емес қой…
Өзінше қызық көрген бір сюжетті алып түсірген..Ол ана барлық қазақтың аналарын, немесе қызы, баласы, домбыра, бір ұлттық құндылық ретінде алынбағаны белгілі ғой..Кино комедия..болды, күлерсің, кетерсің..Күлдіріп отырып ой тастағысы да келген, ол да жақсы..Бірақ барлық қазақтың ұятын шығарды дегенге келіспеймін..
Мен Сіздерге келіспеймін! Бул кино казактын уятын расында да шыгарды деп ойлаймын. Озім коргенде бір де бір кулген жокпын.Кулетін ретін де тапкан жокпын!Шетелге шыгаратын болсса Борат аз болгандай шетелдіктер Карой мен Ойпырмай аркылы бізді біраз “танып” калатын болды!Және бул комедия емес нагыз трагедия !
Жазира-ханум,
Ендеше бұл киноны трагикомедия боп санаймыз
ойпырмай ұнады!бірінші рет өз киномыздан рахаттанып шыктым.Бұл не кино дегендерді де естіп жаттым…Жарамайды, достарым…Қазбалап, тырнақ асты кір іздеуді кою керек.Неге сонша намыстанамыз,біздің тіршілігімізде дәл сондай базар, жатахана бар емес пе…Мен енді базарда жүрген қазақ жігіттеріне басқа көзбен қарай бастадым.Шіркін, бәрі сондай анажанды,бауырмалды, өз істеріне адал болса ғой.Онда олар ол базардан өсіп шығып, үлкен бизнесте жүрер ме еді…Киноны көре отырып,қазақ жастарының өзін өзі әлі талай тәрбиелеу керек екенін түсіндім.Әлем қазаққа жақсы көзбен қарасын десеңдер, әркім өз табалдырығынан бастап,жан дүниесін тазаласын.Режиссерге үлкен алғысымды білдіремін.күнде көріп жүрген қаншама проблемаларды үлкен экраннан еске салды.Біздің де, режиссердің де табысты күндеріміз әлі алда.Бірге есейіп,бірге рухымыз биіктесін.
Ойпырмайды көре отырып, бірде бір кейіпкері ұнамады,жиіркеніішті дей алмадым.Бәрінде ұнаттым,түсіндім…Біздің актерларымыз өте талантты.Кино саласы енді ғана дамып келеді.олар киноға түсуді,өз кейіпкерін сомдауды сағынып қалған.Бізде қандайда болмасын фильмдер түсірілсе,артистер үшін қуанамын.олар түрік, ресей болсын ,еш елдің жұлдыздарынан кем емес.Олардың талантын бағалайтын бізде кино әлемі жоқ.Ойынннан шөлдеп келген бала сияқты,суды кесесімен қоса басына бірақ көтерген. эстетикалық талғам, ұлттық нақыш әлі келеді.Режиссер жолдастарға да, артистер қауымына да.Олардың дарынды туындыларынан бізде әлі үлгі алатын боламыз.Уақыт керек.Төзімділік керек…