Өмірдің өз өрнегін қиюын қиыстырып тұрып оюлапты. Ұрымтал. Коллаж прожекттерге жүрдім-бардым қарап жүрген пақырыңыздың мына бір «тұлғаны идентификациялау» суретнамасына аңсары кәдімгідей ауғанын-ай… Сөйтті де білек сыбана құлшына кірісіп, мына бір компиляция туды түпкі қорытындыда. Қазіргі көңіл-күйімді осы жерден ұққайсыз… Тамырымды ұстағанмен барабар.
Суреттегі мистика да осы-ау, ә? Құдды қос ішектен құйқылжыған күмбір күйдің тылсым күшімен жапсарлас дерсің. Сөзсіз ұққызады. Түпсіз тереңіне бойла… Мына коллаж арқылы кісінің панорамалық келбеті кескінделеді ме екен, қалай сонда?

Сұрақтардың жиынтығы бар екен, түгеліне шегіншектемей, оң алақанды жүрек тұсына қойып тұрып жауап беруге тырыстық:
1. Атың кім? – Нұрғиса
2. Сүйікті фильмің? – Mr. & Mrs. Smith
3. Сүйікті сусының? – Анар шырыны
4. Өскенде кім болғың келеді? – Ұшқыш…
5. Қазіргі көңіл-күйің қандай? – Қанатым бар күмістен жаратылған…
6. Бір сөзбен өзіңді қалай сипаттайсың? – Қиындыққа мойымауға тырысып бағатын…
7. Арманыңдағы қала? – Мекке
8. Туған қалаң? – Шымкент
9. Сүйікті түсің? – Жасыл
10. Сүйікті тамағың? – Палау
11. Дүниедегі ең қатты жақсы көретін нәрсең? – Сәбилердің сыңғыр күлкісі
12. Сүйікті мекенің? – Өркениеттен алшақтау, тыныш жер.
Иә, ұшқыш болғым келеді екен. Үшінші сыныпта оқып жүргенде Ғалия апайымыз шығарма жаздырып еді. «Өскенде кім болғым келеді» деген тақырыпта. «Балалар, жақсылап ойланып, жеті пішіп, бір кесіп жазыңдар» деп еді. Сонда шопыр болам дегенім бар еді. Ол кезде мен үшін темір тұлпарға мінгесіп, «шу, жануар» деп қалаған жеріңе жүйрікмобильмен лезде жету балаң арман-тын. Қазіргім – ұшқыш болу. Airbus ұшақ бортының пилоты болғым келеді… Елімнің азаматтарын межелі жерлеріне көкпен қалықтатып отырып жеткізіп отырсам… Небір сеңгір көкпен таласқан асқар тауларды, буырқанған телегей теңіздерді еңсеріп… Эххх, мен енді қиял құшағынан жақын арада арыла алмаймын ғой, Өрімтал-ау…
Ілмек: google мінез, ұшқыш болғым келеді





суреттеріңіз тамаша, анау палаудағы қып-қызыл жатқан не нәрсе?
Қып-қызылы қызыл бұрыш болса керек. Кейде палау ішіне сарымсақ (чеснок) та қосады, хош иіс беру үшін. Көп ретте көпшілікке жасалатын палауды шашпа палау деп жатады. Ноқат, мейіз қосылған палаулар дәмді келеді. Оны қызан мен қиярдың балауса салатымен жеп, артынан бал қосылған жасмин дәмді көк шай ішкен мақұл
Мен сөйтем.
Palaudin suretinin copyright-i tagy aspazdik pa?
Бақытнұр, сәлем! Жоқ, Элекеңнің дүниесіне біріміз қалмай бәріміз көз сұққыштай берсек ұят па екен деп қысылдым. Сосын өз дерекқорымдағы бар палаудың бірін жүктей салдым. Палаудың “зирасы” болған жақсы. Айтпақшы, оны міндетті түрде ыстық лепешкамен жеген абзал. Маған майы “кілкілдеген”, көптеу палау ұнайды құрғағынан гөрі…
6 пунктқа, бір сөз десе бірнешесіз жазыпсыз ғо. ки*ки*ки …
9 пункт маған ұқсайд екен. білес пе сізде күлетін адамдар қатарына жатасыз…
11 пунктқа жыладым отырган жерімде. ужс. бақытты жансыз дегенмен!
Палауды тәтем басса, күні түні жей берем
палауды өзбектер күчт басад деген сөзді алып тастаңдарч сөздік қордан, жаздай жарықтықтар басад біздің үйде бірі піскен, бірі майға шыланған, әбден іш кеуіп, ыңғайсыз жағдайда қала беред екенсің
))
Иә… Сіздің маған дер кезінде келгеніңіз жақсы болды. Алайда бір күн бұрын келгеніңізде, доктор Фрейдті де кездестіре алар едіңіз, қазір…
Барлығы жақсы-ау, тек ана бір түрлі-түсті гүл… Сол бір гүл… Қап…
анкетаңды көшіріп алып өз сайтымда жазсам бола ма? жалпы флешмоб істеп жіберсек бола ма деймін?
Қырсық, қыңырлығың бар ғой деймін: ұшағың қисайып, кемең бір жағына қарай майысып жүзеді екен
Коллаждың бас жағы қорқынышты басталады екен. Очки киген загадочный адам, сосын қабырғағағ шашыраған қан (деп ойлап қалдым). Сосын біреудің ұшағы апатты жағдайға тап болып, ішіндегі жолаушы секіруге мәжбүр болады. Десе де мақсатына жету үшін кемеге отырады. Сөйтіп Түркістанға жетіп, бір тынығып, палау жеп, балалардың күлкісін естіп: “Е, мына жер жақсы екен” деп, сол елдің тауы мен тасын біраз аралап, гүл теріп жүріп, есіне жұмысы бар екені түседі. Сөйтеді де, галстугын буып, Мекке қайдасың дейді. Сөйтсе, түсі екен. Сахна алдына шығар алдында қатты қобалжыпты.
Пы.Сы. Неге екені Нұрғиса сахнада басқа жаққа қарап тұр
Айтпақшы, домбырасыз Нұрғисаны көреміз деп ойламаппыз
Ортадағы сурет кілемнің рекламасы ма? Қыз бен жігіт қазақша киініп алып кілемді сертификат, фирманың патенттерімен бірге ұстап тұр ма? Қызылды жасылды әдемі кілемдер екен…
Ортадағы суретте автор үшінші курста. Университетте өткен “Еңлік-Кебек” байқауында бағы жанып, бас жүлде иемденіп еді, ана қыздың аты Айшат. Бізге, көрініп-білініп тұрғандай, паласты тарту-таралғы етіп берді. Қайран, сол бір кездер-ай, подиумда дефилемен қызық қылып (өмірінде өйтіп көрмеген қазақ үшін қиын…), факультет намысы додаға түскен сәтте бір жұдырыққа жұмылып… Шеткері фокусқа қарап тұрғаным – тақымқысар аудиторияға қарағаным болуы керек. Зал лық толы еді, терлеп-тепшіп кетті ыстық боп.
Қырсық, қыңырлыққа келсек… Кім біледі, ол жағына аса мән бермеген сыңайлымын. Ұшақ ана бір жерде маневр жасап жатыр – әдетте айырпорттан ұшқан мезеттен соң өз бағытына қарай солай қисайыңқырап барып, солай түседі кәлиясына… Кеменікі – табиғи катаклизммен бетпе-бет ұшырасуы… Енді, суасты дүмпумен қисайыңқыраған кеме үшін менің қыңыр болуым міндетті емес шығар? Су перісіне айт шағымыңды, Баян
Техносиндром, мен әлжуаз романтикпін бе сонда? Бәрі бітті-құрыды ма? F1, F1.. депті бір шәйнек батып бара жатып бассейннің жағасында ыржақ-ыржақ етіп тұрған айтишниктерге…
Сіз қай университетте оқыдыңыз?
Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті бар. Сосын Шымкент бар, Шымкенттік. Сол Шымкентте ХҚТУдің тармағы бар. Ол тармақтың филфак деген жұрнағы бар. Ол жұрнақта көп қыз ішінде “арпа ішінде бір бидай” болған аз-кем жігіттер болды. Ғ.Ілияев көшесінің бойында.
Айтпақшы, дәл осы суретті университтеттің кіреберісіндегі панодан түсіріп алып едім
Жеті-сегіз жылдай уақыт өтсе де бұл сурет әлі бар екен, қызық…
анадай ғып гүлді веществолармен процедура жасап алып бояғанау ә?
Мекке менім де арманым. биыл орындалар мүмкін.
ренжімеңіз, Нұрғиса, маған коллажыңыздан комментарийлер қызық болды
ортаңғы суреттің әсерінен бе қалған суреттер туманда- анық емес сияқты әсер береді екен
ренжімессіз деп ойлаймын
Негізі коллаждың ортасында басқа сурет тұруы керек еді бастапқы ойша тізбектеген нобайым бойынша, оның жолын білмедім. Біздер айтпақшы аноу Миландағы фэшн уикте әрлі-берлі жүрісін мапаздайтын жігіттер бар ғой, сондай жүріспен де жүрдік қой сахна төрінде, Құдай-ау…
Маған бірқалыптағы адамның бейнесі келеді. Бәрі жақсы, бәрі ойдағыдай деген..
сіздің сол универіңіз Қащіргі таңда АИУ деп аталады ғой бұны білесіз бе?
One Trackback/Ping
[...] Akzere, Nurgisa, Arsenal, Balgyrgan, [...]