242 рет оқылды

Image Hosted by ImageShack.us

Лондон, Нью-Йорк, Бейжің, Лос-Анджелес, Рио-де-Жанейро, Мәскеу… Астананы қосыңыз тағы… 28 наурыз күні жасанды қара түнек орнайды екен. Апокалипсис деп ойлап қап, байбалам салып таусылмаңыз: әлемдегі сегіз жүзге тарта шаһар дәл осы күні жергілікті уақытпен кешкі 21.30-да электр жарығын тура бір сағатқа сөндіруге уағдаласқан. Бұл «Жаһаншар сағатының» ұйымдастырушылары – Әлемдік жабайы табиғат қоры. Кампанияның түпкі мақсаты – адамолла тұтастай қараңғылық құшағында табиғатты сақтап қалу туралы ойға шомуы керек. Міс.

Астанамыздан соң іле-шала бұл бастаманы басқа кенттер де іліп әкететін ұқсайды. Майшам жағып отырып бір мезгіл экожүйенің біртұтастығы хақында толғанып көру, әлбетте, игі іс. Басқасын былай қойғанда, мұнай өндірісінің өзіндегі атмосфералық ауаны ластағыш заттектердің шығарындысы мен төгіндісі айтыла-айтыла жауыр боп, бірталай «Жамал апайды қартайтып» жіберген де шығар. Қартайып жатқандар аз емес қой… Былай қарасаң, адам атаулы өзін өкшелер буынына жер ананың төсін қандай күйде мирастары бей-жай қалдырмауы керегі ұғынықты жайт. Киот хаттамасы бар, басқа мәмілелер бар – презервациялық инициативалардың кейбір алпауыттар тарапынан қолдау таппауы салдарынан соңғы жылдар көлемінде біз бақылап отырған бейқалыпты табиғи катаклизмдер болса шаш-етектен. Басқасын былай қойып, ысырып тастағанның өзінде, Алматы апорты мен Каспийдегі бекіре тұқымдастарын тойына жеп, тоят таба алмауымыз техногенді құбылыстардың кертартпа әсері де шығар. Әйтеуір, өндіріс қарқынындағы соны дүмпу мен жұтатын ауамыздың сафтығы арасындағы нәзік тепе-теңдік қайсыбір ақшалы топтардың қарақан басының мүддесіне жыққызылмаса екен дейсің. Сондағысы, ішер суымыздың тұнықтығы мен жұтар ауамыздың кіршіксіздігі озбыр содырдың кесапат пиғылының құрбанына айналмаса деген пендеуи тілек қой…

Хош, оқырман, сонымен 28 күні кешке әлем бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып ортақ мүдде айналасында тоғыспақ. Қазақ сахарасының Абайы ғой, сенің кірпіш екеніңді, кетігін тауып қаланып кетуіңді мұраттаған. Жарық дүниенің жарығын бір сәт өшіріп, көр қаланып ендеше… Бірақ, қасарысқанда, телеуізірді қосып қойып, бүйректен сирақ шығарасың ғой… «Түретский сериалым бар» деп…

P.S. Каспий тобының «Жарығым-айы» бұл кампанияның ұраны емесін біліңіз.

Ілмек: , , ,

1 жұлдыз2 жұлдыз3 жұлдыз4 жұлдыз5 жұлдыз (Баға беріңіз)
Loading ... Loading ...

10 пікір жазылған

1.  Аршат
26 Наурыз 2009 - 10:08 am

Ақтөбе уақытымен сағат нешеде болады? Таныс электриктер және форточниктер бар еді, солар сұрап жатыр.

2.  Нұрғиса
26 Наурыз 2009 - 10:26 am

:) Аршеке, бұл, біле білсеңіз, әлем қауымдастығы жұмыла істеп жатқан шаруа. Ал сіз форточник дейсіз. Сіз, мысалы, осы күні үйді барлық жарықты өшіріп, “суытқышты” тоқ көзінен суырып, бір сағат көлемінде қараңғы қапаста отыруға құрбандық етер ме едіңіз өзіңіз және жанұяңызды? Адамзаттың игілігі мен кәдесі үшін.. а?

3.  Аршат
26 Наурыз 2009 - 11:03 am

етпес едім. өз басым мұндай флешмобтарға қатысқым келмейді. себеп: Қазақстанда өмір сүріп жатуым. бізден бәрібір эффект болмайды. өйткені бұқараны ақпараттандыратын құралдарымыз тупой және интернетке қолжетімдік өте аз. бұл хабарды блоггерлерден басқа ешкім естімейді де. сонда мен ақымақ болып үйде сібетсіз отыруым керек пе ойбай әлемді құтақарамын деп.

4.  Нұрғиса
26 Наурыз 2009 - 11:11 am

:) :) :) Аршат, ойыңның өрбу динамикасы маған түсінікті. Брюс Уиллистер сияқты соңғы мезетте қызыл және жасыл провыдтың қайсысын кесу керек еді деп абдырап, “тисе терек, тимесе бұтақ” деп әйтеуір біреуін кесіп, ол ақыр соңында сол провыд боп шығып, әлемді құтқарып жатсаң оның несі жаман… Ал шынтуайтқа келсек, бұл мәлімет кеше отандық жаңалықтардан да берілді телеарналардан. Аршат, әлі де ойланып көр… Сен жанбасаң лапылдап, мен жанбасам лапылдап… Кім жанады, жүгәрмек? :)

5.  technosyndrom
26 Наурыз 2009 - 12:19 pm

Біздің науқаншылардан қорқып отырмын мен…
Ертеңіне “Хабардан”, әлдебір аурухананың жан сақтау бөлімінің меңгерушісі: “осы акцияны қолдау мақсатымен – түнде реанимациялық қондырғыларды сөндіріп қойдық!” деуі әбен мүмкін…

6.  Мылжың Профессор
26 Наурыз 2009 - 2:24 pm

Негізі бұл идея өте жақсы..Бірақ әлемді құтқару, анау мынау деген сияқты мыжыма себептерге бола емес..

Бізде энергия қуаты жетіспей жатады, осының алдын алуүшін ғана бір акция бастатылса мен қолдар едім..

Мысалға бір сенбі күнгі кеште, бір сағатсыз май шам жағып, отбасымен жиналып ас ішу акциясы..Не деген романтика, жас отбасылар кешкі астарын, жарықты сөндіріп май шам жағып отырып жесе, сосын әлгі бала шағаның көбеюіне де үлкен үлес қосар еді бұндай ациялар..

Яғни айтпағым, ел істеп жатыр екен деп қосылу емес, өздігінше оған бір мән мағына қату, өзіндік бір коларитті қосып жүзеге асыру, тиімдірек болады ма деймін..

очм, осы айтпағым, тойыс, жазбағым..

7.  Айко
26 Наурыз 2009 - 4:18 pm

кетщварь, бүйткен флеші құрсын, итак қаланың қақ ортасында тұрып атқан жұрттар жарыққа жете алмай атр(алматта), мүмкін дамыған елдерде романтика шығар :) ал бізге не до романтика, шаңыраққа ағайындарыма бара қалсаң свет жоқ, осылай экономит етед деп отырад :( , әлгі шет ел белгілеген дата, біздің жақта күніге бов тұрад :) )).

бір әнек кеп тұр айта кетейін, аңдып жүріп жарық өшріп, суды көп ағызбай өзімше болып елге тыныштық бермеймін үйде, сондай жаман әдетім бар ед. ана жолы Ди-Джей бөлмедегі светті өшірмей өзі басқа жаққа шай ішуге кетіп барад екен. Ойбай, кризис, сосын алматта тұрып светке жарымай атқан халық тұрғанда мынауңз не? деп қойдым, әәә солай ма ед деп қалд, занудамын, кіпкішкентай болып алып, ертең қартайсам келін бала шаға қашып кетер, әгәрәки олар болған жағдайда :)

8.  urimtal
26 Наурыз 2009 - 9:37 pm

Куала Лумпур қос қолдап бұны қолдап жатыр. Бұл күні кейбір қонақ үйлер арнайы сондай менюмен ас әзірлемек. Әлгінде он рингитке (төрт жүз теңге) осы акцияның арнайы футболкасын сатып жатқан. Мен қарсы емеспін. Негізі мына жақта жұрт, дейстбительно кондишнге тоқты көп жұмсайды.

9.  Arsik
27 Наурыз 2009 - 1:01 am

мен осындай мобтарды түсінбеймін, былтыр болғаны есімде жоқ, оффлайн бір жаққа кетіп қалғам қаладан. бірақ айтпағым ол емес; осы біз неге шынымен де қажет кезде электроэнергияны үнемдемейміз, шығарда шамды сөндірмей(+компты әсіресе), оған бей-жай қараймыз да, осындай жамылып әлемдік флешмобтар болған кезде, бәріміз қатыса салады екенбіз. түсінбеймін!
сосын тағы бір қызық, ресми сайтта тіркелсен саған, Асхат аға айтпақшы, акцияға арналған футболка беріледі дейді, сондағы үнемдеу осы ма? осыншама футболку үшін қаншама электроэнергия кетеді?
Жер сағатын парафин шамының 1 сағатына айырбастамаймын.

10.  Rauan
29 Наурыз 2009 - 12:41 am

Ия табигатты сактап калу жаксы такырып, ойткени табигатты сактасан ол адамды (денсаулык таризди) сактап калуына да оз септигин тигизип жатады емес пе.
Ал Алматылап куанып айтарлык каламыздын озинин хали де бир мушкил жагдайда Ол жайлы мына жерде:

http://www.zakon.kz/our/news/news.asp?id=30203440

Ия толык окып карасак, Шында да арбир адам озин эколог етип сезинсе екен дейсин.
Ал сол жерде калдырган комментери де бир кызык екен.

3 Trackbacks/Pings

  1. kz.kazakhstan.neweurasia.net » Букит-Бинтаң келбеті    Нау 28 2009 / 10am:

    [...] өз ойлары бар. Мәселен, Нұрғиса осы тақырыпқа қатысты өзінің жазбасында: Астанамыздан соң іле-шала бұл бастаманы басқа [...]

  2. kazakhstan.neweurasia.net » Earth Hour on Kazakh blogosphere    Сәу 02 2009 / 2pm:

    [...] reflects on this action [kz]: It seems like after Astana, other cities are having a race to switch off the [...]

  3. Neweurasia – Kazakhstan » Букит-Бинтаң келбеті    Жел 20 2009 / 2am:

    [...] өз ойлары бар. Мәселен, Нұрғиса осы тақырыпқа қатысты өзінің жазбасында: Астанамыздан соң іле-шала бұл бастаманы басқа [...]

 

Пікір жазыңыз

Аты (*)
Mail (жарияланбайды) (*)
Сайт
Мәтін