804 рет оқылды

Өзінің репертуарымен, дауыстарының тұнықтығы мен ән сапасы арқылы құлақ құрышын қандыру миссиясында толағай табысқа жетіп жүрген «МұзАрт» тобы мен үшін эстрадалық жанрда әнді мұртын бұзбай, түпнұсқа нақышына қиянат жасамай, ұтқыр образбен жеткізетінімен қымбат. Көп ретте ән әнші тарапынан өңделіп, қиюы әркім тарапынан өзінше қиыстырылып, шығымдағы өнім бірде сапалы болса, бірде сын көтермей жататыны болады. «МұзАрттарда» әнді құбыжық ету, аранжировка жасаймыз деп мазмұнына шығын келтіру жоқ. Мінеки, бізді осысымен әлдилеп жүрген трио өз сайтын ашты. Сайтты жасақтаушылардың бірі менің досым. www.muzart.kz бұдан былайғыда онлайн нұсқада тыңдарманымен бірге болуды мақсат тұтса керек. Әнді жүктеу үшін сайтқа тіркеліп, тіркелу барысында көрсеткен поштаңызға келетін растау хатындағы сілтемені басу керек. Ары қарайғысы оңай.

Меніңше бұл көптен күтілген бастама. Қазірдің өзінде «картотекада» қырыққа жуық ән бар. Ол қоржын сіз бен біздің ықыласымызға ие болатындықтан күн өте молая түсер деген үміт бар. Тезірек тіркелгіңізді иемденіп, сүйікті әндеріңізді жүктеп алғайсыз… Әйтпесе.. «Ол көктем оралмай» қалуы мүмкін…

Ілмек:

1 жұлдыз2 жұлдыз3 жұлдыз4 жұлдыз5 жұлдыз (2 дауыс, орташа есеппен: 3.00 / 5)
Loading ... Loading ...

13 пікір жазылған

1.  Мылжың Профессор
17 Сәуір 2009 - 2:42 pm

Нұреке бұл сүйінші хабарыңыз баға жетпестепей ғой..:)) Осы МұзАрттың сайты қашан шығады деп жүргендердің бірі мен едім..:)

Ал әлгі сайтты жасағандардың ішіндегі досыңыз кім екендігінің адамды любопытный қылып отырғаны бар…:)

2.  Мылжың Профессор
17 Сәуір 2009 - 2:49 pm

Ана Кенжебектің өмірбаянында:

“Отбасында 18 ұл – қыз бала” деп жазылған екен..соны түсінбедім..бір жанұяда 18 бала бар ма? әлде қате кетті ме екен?

3.  өрімтал
17 Сәуір 2009 - 5:18 pm

Сайт дизайны сәтті шыққан екен. Ұнады.

4.  Bayan
17 Сәуір 2009 - 8:49 pm

Үш айдай болды, осы сайттың тұрақты пайдаланушысымын :) Жақсы сайт!
Енді “Қоңыр” тобының осындай сайты ашылса екен…

5.  Шымкенттік
19 Сәуір 2009 - 1:12 am

тағы да каспий тобы келмей ма бұлармен бірге

6.  Айко
20 Сәуір 2009 - 9:47 am

“Қоңыр” тобының осындай сайты ашылса екен…

7.  Konil Ashar
20 Сәуір 2009 - 1:09 pm

маған керісінше дизайны аса ұнамады.
ал бірақ ішінде әндері талай бар екен

8.  Maratkhan
14 Мамыр 2009 - 1:54 pm

Бұл сайттың ашылғанына біраз болып еді ғой. Жылдан асқан сияқты :-)

Өз әндерін тегін тарату саясатын ұстанған екен, онысы жақсы әрине. Әйтпесе, пираттар қарсыласқаныңа қарамастан таратуын таратып ақ жатыр.

9.  Аршат
20 Мамыр 2009 - 2:50 pm

біраз бөлігі қазақша екен, қазақша жағын айтам. молодцы!

10.  Нұрғиса
20 Мамыр 2009 - 2:56 pm

“Әйтеуір сол қыз бір сұлу” демекші, әйтеуір осы сайт та, трионың өзі де керім енді… Қиқым-шиқым мен бидеме-шидеңе емес ;)

11.  naziko
30 Қазан 2009 - 1:20 pm

маған бұл сайт қатты ұнайды.мен МҰЗАРТТЫ қатты жақсы көрем!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

12.  Коки
21 Қараша 2009 - 7:29 pm

Керемет! Өте қуаныштымын. Біздің сүйікті тобымыздың сайты ашылғанына!

13.  malika
7 Наурыз 2010 - 10:41 pm

Алла жарылқап, қазақтың ақпараттық жүиесі дамый берсін.

 

Пікір жазыңыз

Аты (*)
Mail (жарияланбайды) (*)
Сайт
Мәтін