
Көп ретте мақтангершілік етіп, ұрымтал тұсымызды түстеп жатудан гөрі кем-кетігімізді, осал тұстарымызды жалаңаштайтынымыз бар. Кейбіреу онысын бүгіп қап, тасалап қалуға бейілді келеді. Мінсіз тұлғаға претензиясы. Ол, бәлкім, керек те болар: әлсіздіктеріңді әшкерелеп алған бәсекелестерің сілеспей қатырады әйтпесе. «Жермен-жексен» етіп. Резюмелерді түзгенде де әзіл-шыны, өтірік-расы аралас әспеттейтініміз бар. Пәленшеге жүйрікпін, түгеншеге мықтымын сарынында. Вуаля, міне сіз іздеген мен – Бэтмен-супермен… Бұл енді өзіңді «еңбек ету нарығындағы қандай да бір сұранысқа ие майталман маман» ретінде мейлінше өтімді бағаға сату талпынысы. Анау, базардағы сатушылар бар ғой, сол сияқты. Олар қайтеді? Олар картоптың жарылмағанын, сырты бүтінін «қылтиманың» алғы жағына, сатып алушы көре алатын жағына қояды да, «ширманың» арғы бетінде небір «оспадар нұсқалар» қиқар сәтті тосып тұрады. Сатып алушының зейіні босай қалған замат «авоськаға» небір шірігі мен “бейпрезентабелді” кәкір-шүкір тасталынып жібереді. Әлгі бейбақ үйге барып бір-ақ біледі: сатушы – антұрған! Аха, айтып қал, запыраныңды төгіп қал…
Біріміз әлгі бей-ұрымтал қасиеттерімізді барлық деп қабыл етіп, онымен күресуге ынтызарлық таныта бермеуіміз оның ушыға түсуіне, догмалық сипатты иелене түсуіне зор ықпал тигізсе керек. Бұл енді «шірік» түскен тіс сияқты: бастапқыда еш құнттамайсың. Уақыт «жоғын» (априори надан тезис) сылтауратып. Кейін ол қоңсылас өзге тіске түсіп, толғағы піскенде басқа шабады, төске өрлейді… Азар да безер боласың. Онымен қоймай, дантист те мінезі ытымырлау біреу боп шығады. Тіс емдеуге келсе жақсы… Кейде тамырымен суырып, опырып тастау да керек болады емес пе?
Өзіңізді шексіз сүйесіз. Білем. Ол дұрыс та. Құптаймын. Бірақ қазіргіңізден де кереметтеу бола алатыныңызға сеніңіз. Оған ашыла қоймаған қырыңыз бен әлеуетіңіз жетеді. Тек, барлап, бағдарлап көріңіз. Былайша айтқанда, селф-диагностика. Әлгі «оспадарларды» қамауға алып, оларға жариялаған «өлім жазасына мораториіңіздің» күшін жоғалтқызып, амал нешік, келмеске кетіріңіз. Бұл, әрине, сіздегі табандылық пен кемелдене түсушілікке құлықтылығыңызға байланысты. Әйтпесе, тістің сау болуын кім тілемейді дейсіз…
Ілмек: диагностика, сау тіс, қасиетсіздік, қасиеттер




Сізде тіс мәселесі “басқа шауып, төске өрлеген бе”?
. Соңғы 2-3 жылдан бері тісім тіс дәрігеріне баруымды талап ете береді. Тағы бару керек боп жүр
xa)