2,459 рет оқылды

Ашық сабақтың үсті екен
Кәмісия келген шұбырып.
Ал қызыл галстук күшті екен,
Пионер отыр құлпырып.

Жуылды парта, тазарды,
Сызылған жерлер ағарып.
Апай да бүгін ажарлы,
Жаңа көйлек киіпті жаңарып.

Жап-жасыл тақта, аппақ бор,
Мұғалиманың әсем жазбасы.
Тақпақты толық жаттап бол,
Инемен құдық қазғасын…

Балауса қыз ең сол кезде,
Шашыңа ақ бантик байлаған…
Құлақты түріп жөн сөзге
Лениннің сөзін ойлаған…

Ғалия апай уникум,
Ұлағатты ұстаз едіңіз.
Іргеміз бүгін бүп-бүтін
Болуында бар сіздің себіңіз.

Ақ көйлек, қара шалбарлар,
Ол кезде адал тозатын.
Қуалап білім барғандар
Оқ бойы бәрінен озатын.

Обложканың да өзіне
Қарадық аса ұқыппен
Апай, ағайлардың сөзін де,
Екі етпен және килікпен…

ДыШы мен ән-күй фаворит
Дәрістер еді, шіркін-ай…
Бойыңа шындап қан дарид
Сыртыңа шығып кілкіп май…

Тәрбие, тәртіп, тағылым
Үш бұты болды жүйенің
Формулаларды ақырын,
Зердеге тоқып, түйемін.

Біздерсіз қаңырап шарбағы
Мектебім бүгін тұр бөтен..
Одноклассник ыру бар дағы,
Сыныптас кейзэд бар ма екен

Бес күндік мынау жалғанда
Шын сағындыратын жайлар кем…
Кластастарым аман ба,
Ғалия апай қайда екен
?

Ілмек: ,

1 жұлдыз2 жұлдыз3 жұлдыз4 жұлдыз5 жұлдыз (13 дауыс, орташа есеппен: 3.92 / 5)
Loading ... Loading ...

27 пікір жазылған

1.  Сәкен
21 Шілде 2008 - 3:13 pm

Қателеспесем ер баламен парталас отырған Нұрғиса ғой деймін…
Мектебіміз ұқсас екен.

2.  Ақзере
21 Шілде 2008 - 4:14 pm

Күштііі!!! Сыныптас кейзед жоқ болып тұр… Өкінішке орай…

3.  Нұрғиса
21 Шілде 2008 - 4:55 pm

Сәкен, ойланып көр тағы… Кәмілсің бе?

Қазақша М-агент шыққанға ойлап едім, сыныптастың да аналогы шығар ма екен деп. Негізі біраз кеңселер күш біріктіріп жатқан ұқсайды жанталасып, болып та қалуы әжеп емес.

Өткенде сыныптасыма жолығып қалып, келген-кеткенді әңгіме етіп отырып, Ғалия апай пісте, сағыз, шоколад сатып жүргенін айтты. Қартаң тартқан екен. Сол көрген жеріне барып едік, ол кісіні таппадық. Бір түрлі күйініш сезімімен тарастық.

4.  Сәкен
22 Шілде 2008 - 11:12 am

сенімдімін деп жаза алмаймын… тек шырамытып отырғаным ғой.
Арада 19 жыл өтіпті ғой :)

Менің апайымда кәсіпкер болып кетіпті. :[

5.  Asqat
22 Шілде 2008 - 11:51 am

Түһ, неткен керемет! Мектептегі өмірлеріміз ұқсас болған екен-ау…
“Жуылды парта, тазарды,
Сызылған жерлер ағарып”
Ашық сабақ болатын кезде, партаның бәрін қырып, тазалап, жаттауларымызды пысықтайтын ек. Құтты бір үйімізге қонақ келетіндей дайындалатынбыз. Кейін білдік қой, комиссия біздің емес, мұғаліміміздің (біздің жақта солай атайды) білімін тексеретінін.

“Ақ көйлек, қара шалбарлар,
Ол кезде адал тозатын”. Осы бір тұсына келгенде ерекше толқып кеттім. Керемет жеткізіпсің.

Сендер де сабақтан соң, класс еденін жуушы ма едіңдер? Парта-парта кезекші болатын. Ұлдар су таситын, қыздар жуатын. Сол кездегі жүйені айтамын да? Қыстың күні күн ерте батады, сол кезде буы шығып тұрған ыстық суға шүберегін малып-малып жіберіп, парталас қыздар еден жуатын. Еденнің бояуы сапасыз болғандықтан ағарып, қыздарың еден жуғыш шүберектеріне жабысып ағаш пен сыр (краска) аралас бір иіс бөлмені алып кететін еді. Неге екенін суретке көзім түскен сол еді сол кездер есіме түсті. Қиын-қыстау кез болса да, іңкәр бала едік… Қызыл галстуты мұздай сумен жуып, жуып үтіктегенді жақсы көретінмін. Қатты қыздырылған үтікті дымқыл галстукке басып қалғанда, пыш етіп, буы шығатын… :) Содан ыстығы қайтпаған галстукті мойынға тағып, мектепке аттанатынмын.
Мектебім, менің класым…
Рахмет, Нұрғиса.

6.  Айко
22 Шілде 2008 - 2:19 pm

эх заман-ай…

7.  Нұрғиса
22 Шілде 2008 - 2:40 pm

Асеке, расымен ұқсас екен. Еденді жуғанда кірәскінің улы бір иістері шығатын. Бірақ ол кезде мектептің инвентарлық қорына аса ұқыпты едік. Күнделікке жазып қоятынбыз, “Ертең сыпырғы, тряпка, лезвия, порошок әкелу керек” деп. Үйдегі түбі жарамсыз болуға айналған сыпырғыны арқалап барасың, кластастарың да әкеледі, сосын сабақтан соң әй басталады… Алдымен партаны тазалаймыз, кейін партадан еденге аққан “сарқынды сулар” артынша тряпкімен жуылатын. Бәрімізде бірдей көйлек, бірдей галстук, ол кездегі шалбарлар “прочный” сияқты еді… Тек ойын баласы абайсызда жүгіріп жатып құлап қалғанда тізесі жыртылып қалатын. Мамама не айтам деп азар да безер боласың. Столовыйда пирожки, коржик, “язычок” сатылатын, таңертең ата-анамыз тиын-тебен береді, оны да аса ұқыппен жұмсаушы едік, қазіргідей сега-мега деген ермек болмады ғой біздің балалық дәуренде.
ДыШыда мектепте бірде доп болады, бірде болмайды, біз өзіміздің сопақтау болуға айналған добымызды әкеліп пұдбол ойнаймыз, қыздарды баратаға тұрғызып қойып :) Мен бірде алыстан “крученный удар” тебем деп қақпаны торуылдап тұрған Ақбаянның бетін оңдырмағаным бар… :( (( Кейін бәріміз оны жұбаттық. “Ол староста ғой, ол білмей қалды ғой” деп сыныптастарым маған адвокат болады.. :) )))
Сабаққа ерте келгенді ұнатушы едік, сабақ басталғанша майда (ұсақ) тиын ойнайтынбыз, бір-біріміздікін жеңіп. Мектептің кіре берісінде жоғары сынып оқушылары сабақ уақыты таяғанша ешкімді кіргізбейтін, біз ағасы, әпкесі тұратын балалармен “по блату” кіріп кетсек аса бақытты сезінуші едік :)
Бір рет сабаққа қатты асығыс үстінде галстугымды тездетіп мұздай суға бір батырып алып, “пышшшш” еткізіп, әдемілеп тұрып үтіктеп алдым да, үтікті паластың үстіндегі темір табан қойғышына емес, байқамай паласқа қойып кетіппін. Кешке келгенде ата-анам менімен тәрбие сұхбатын жүргізді :) Үтіктің ізі паласта сатқындарша қалып, жылтыр қылып қойыпты. Қазір ол палас қай жерде екенін білмеймін. Сотқарлығым ба екен, балалығым ба екен, әйтеуір қазір көзге батпайды :)

ПыСы: ана сурет айтпақшы 1990 жыл сияқты…

8.  Asqat
22 Шілде 2008 - 2:50 pm

Сол 90-жылдардың басы ғой. Қытайдан ручкалар (тәтті иіс шығаратын) енді-енді шығып жатқан. Ауданда қндіріс тұралап, жұрт сым ұрлап сататын. Содан телефонның, түрлі-түсті сымдары жұлым-жұлым болып жататын. Мен сол сымдарды өріп, паста (ручканың ішіндегі) салатын етіп жасайтынмын. Әп-әдемі ручка болып шыға келетін. Сосын соның біреуін 3 сомнан (үш сомдықтар жасыл еді ғой) кластастарыма сатқан едім. Қыздар ондайға қмар ғой. Содан жиналыс болып, мені кіп-кішкентай болып, коммерциямен айналысып жүр деп біраз сөз қылыпты. Бұған дейін жиналыстан кілең мақтау сөз естіп келетін анам сол күні менімен тәрбие сұхбатын жүргізген. Мен болсам: “Онда тұрған не бар? Біреудің ақшасын тартып алып жатқаным жоқ. Сендерден ақша сұрап жатқаным жоқ”, – деп аң-таң болғанмын. Қайдан білейін, кеңес одағында мұндай жағдай заңсыз жолмен баю деп саналған екен ғой :)
Содан бері коммерциямен айналысқан емеспін. А жоқ, бірде базарда мұғалімдерімнен тығылып, ыстық нан сатқаным бар. Бірақ ол өз алдына бөлек әңгіме.
Бір күні ескі күнделіктерімді сканерден өткізіп блогыма жариялайтын екен. Бір күнде 5 сабақ болса, сол 5 сабақтан да 5 алмайынша тыным таппайтынмын :)

9.  Asqat
22 Шілде 2008 - 2:53 pm

Айтпақшы, Ақбаянды однокашниктерден іздеп көрмедің бе немесе мейл рудан. Ол да сенің крученый ударыңды ұмыта алмай бір компьютерге шұқшиып отырған шығар…

10.  Нұрғиса
22 Шілде 2008 - 3:22 pm

Ана суретте “1989 ж” деп тұрған жазу бір ақ бантиктің үстіне жазылған. Ол бантиктің иесі Гаухар деген қыз, озаттардың бірі еді. Бірінші партада отыратын Сарманов екеуі. Енді, аздап бойы аласалау еді, сотқар балалар “тышқан” деп мазақ қылатын. Бір күні Гаухар мамасын “кыласс сағатына” әкелмей ме… Жаңағы “тілі қышып” жүрген балаларды түгелдей тақтаға шығарып масқараларын шығарды!!! :) ))) Олар кәдімгідей жылады, Гаухардан жалынып кешірім сұрады. Гаухар ойланып көрем деген… :) )))
Ешкімге кесірім тимей, мазақтамағаным қандай жақсы болған дейсің ғой ондайда.
Мен одан соң жаңа дәптердің ішіндегі қосымша бір парақшасы болады ғой(промакашка деуші ме еді, ұмытыппын), соны қатты жақсы көретінмін :) Шарикті ручкалар ол кезде кейде сыр беріп, сиясы ағатыны болады, “құсып” жазып. Сонда әлгі қосалқы парақша мықты кәдеге асатын. Апай үздік оқитындардың дәптерінің сыртына бес жұлдызды бір “жапсырмалар” жапсырушы еді, жарысып оқитынбыз, кімде көп болады екен деп.
Ағылшын тілінен үй тапсырмасын түкке түсінбесек те, кәдімгідей серьеееезный боп жатқа айтып береміз бәрін. Бес аламыз. Старковтың кітаптарын кемірдік қой алаңсыз :)
Пеналымның ішінде неше түрлі ручка, қаламдар, өшіргіштердің болуын ұнатушы едім :) Кейін үрленбелі “Дональд дак” сағыздары шықты. Смола шайнап үйреніп қалғандарға ол кәдімгідей технологиялық прогресс еді :) ))))

11.  technosyndrom
22 Шілде 2008 - 10:21 pm

Алдыда отырған қыздың бұрымынан тарттың ба? Қасында отырғанды Қожа Жантасты жек көргендей жек көрген боларсың? :)

12.  Нұрғиса
23 Шілде 2008 - 8:26 am

Жоқ, менің тәртібім сотқарлардыкіндей болмады, Техносиндром. Жаман тәртіпті болдық қой :) Алдымда отырғандар – Дәрменов Данияр мен Жанна. Қасымдағы – Шермуханбетов Данияр, мықты тамырым. Қазір Астанадағы тұтастай бір ауданды ұстайды екен, білдей учәсковой!!! :) Өткенде Астаналатып барғанда күтіп алып еді. Артымдағылар – Нұрболат пен Қаракөз… Екеуі үнемі “қырылысып” отырушы еді :) )) Қаракөз медакадемияны тәмамдағанын естідім. Мен негізі кейін бір партада қыздармен отырғанмын, Бақытгүл, кейін Ақмарал деген :) )) Олар қазір тұрмысқа шығып, мама атанып жатқан шығааар… Эһһ, қыздар, қыздар, осыдан кейін сендерге қалай сенуге болады :) ))) Ой, мектепте неше түрлі махабаттар болушы еді, айтпақшы…… :) ))

13.  Сәкен
23 Шілде 2008 - 11:34 am

Талай галстуктің ұшын шайнаған кездерді айтсайшы.
Пионерге өтетін күні (22 сәуір ғой, осы күні үздік оқитындарды өткізуші еді, сосын 19 мамырда қалғандарын) қалып қойыппын. Азанда сенбілік болған. Содан үйге барып әбедтеніп жүргенімде ұмытып кетіппін. Түстен кейін өзімше болып сабаққа келе жатырсам, мектептің алдында жиналыс. Жұрт пионерге өтіп жатыр. Әйдә жүгіріп барсам, галстук жоқ менде. Сол жерде жоғарғы сыныптың бір баласын ұстап алып, мойнындағы қыржым-қыржым галстугін алып тақтық :)
Ант беруге де үлгермей қалыппын тіптен. Негізі білгенмін ғой, КСРОның ыдырап, пионер дегеннің жойылатынын.:)

90-жылы Алматыға лагерге барғаныммен есімде қалды. Алатаудың баурайындағы Прометей деген лагерде болғанмын. Сол кездері әйтеуір Арал-Қазалының балаларын жылда лагерге жіберуші еді. Экологиялық апат аймағында тұрғанымыздың “құрметіне”. Медеумен, Шымбұлақпен алғашқы таныстық сол кезде болды ғой…

эххх… балалық еске түскенде, бақтырмай қалай жазылдым деген емес пе…

14.  Нұрғиса
23 Шілде 2008 - 12:04 pm

Ана суреттегі оқушылар бүгін есейді.. Ал артқы “пыланда” отырған кәмиссиядағылар шал, кемпір болған шығар немерелі-шөберелі…
Пионер алдын ақпақұлақ октябрят та болып үлгердік. Бірақ нансоғар комсомолға жеткеміз жоқ…

Бірде мектепте наурыз тойланды. Кәнцертте өлең айтатын болғандығымнан сыныптастарыммен бірге кыласта наурыз көже ішіп, тәтті мәмпәсилерге қарқ бола алмадым. Нөмірімнен кейін ала-құла шауып келдім кыласқа. Апай өзі отыр, диктанттарды тексеріп, оқушының бірде бірі жоқ… “Апай, наурыз көже қалды ма?” дедім шіміркпестен. Былай, қарным да қатты аш болмаса керек. Ұстазымыз зат адам ғой, сыбаға деп бір кесесін шетке алып қойыпты. Әдемілеп тұрып сіміріп алдым. Сол көже ішкен көжелерімнің ең тәттісі болып қалыпты есімде.

15.  Ақзере
23 Шілде 2008 - 4:15 pm

Мен де Асхат сияқты күніне 5 сабақ болса сол 5 сабақтан 5 алып қайтқанды жақсы көретінмін :-)
Біз кейін бітіріп жатсақ та, айтылып кеткен оқиғалар бізге де таңсық. Сіздерде Анкета деген бәле болып па еді? :)

16.  Нұрғиса
23 Шілде 2008 - 4:44 pm

Сол анкеталардағы “сенің ең сүйікті түстерің”, “Б-дан басталатын үш қаланың атын жаз” деген сауалдар қызық көрінетін, сосын “Мынау менің қолым” деген фотогалереялар ерекше еді :)

Ойпырмооой, сендер мына жерге “отличник” болғандарыңды айтып қоймадыңдар ғой, түге. Апта сайын күнделікте қанша бес болды екен деп санадық деп жүрмеңдер тағы ұятты болып :) )))

Мектептен қайтып бара жатып “үш” тиынға сиропсыз, “бес” тиынға сироппен су ішетінбіз “анандай аппараттардан”.

Ата-ананың берген тиын-тебенін кейде ешнәрсеге құртпай, жинап, кейін түкке тұрмайтын бір нәрсеге жұмсай қоятынбыз не ұтылып қалатынбыз :) ))

Мектепте үлкен сыныптағы балалар кішілердегіні шағыстырады. Соққыласуға аса пейілді емес бейсотқар балалар: “Іммм… ішім ауырып жатыр, ертең төбелессем бола ма?” деп құтылатын :) ))))

17.  Сәкен
23 Шілде 2008 - 4:54 pm

Анкета сұрақтарынан:
Сүйікті актерің? (міндетті түрде Үнді актері)
Хоббиің? (хобби дегеннің не екенін білмейтіндер де жауап беруге міндетті)
….. :)

көбі есіме түспей отыр… шамалыдан кейін толықтырармын :)

18.  Мылжың Профессор
23 Шілде 2008 - 6:29 pm

Мен осы бағаға құмар болмаған екенмін..мектепті қалай бітіргенім де есімде жоқ..Тек бір рет қана, сыныпта әдебиеттен менімен жарысатын бір қыз бар еді, сол екеуіміз бәсекелесіп, бір тоқсан бойында кім ең көп бес алады деп..төртінші тоқсан болатын..ол ең қысқа тоқсан еді ғой естеріңде болса..

Содан тоқсан басталды, біздің жарыс басталды..Есімде сонда мен бір сабақта екі бес бірдей алғанмын..сонда не тындырғаным есімде жоқ..Әйтеуір мұғалім риза болып екі бесті бірдей қойып берген..сол сабақтың арқасында, мен бір тоқсанда он алты “бес” деген баға алдым да, менімен жарысқа түскен қыз, он бес “беспен” шаң жұтып қалған..:))))

Мен де негізі, тоғызыншы сыныпқа дейін сабақты жақсы оқитынмын..кейін ғой ол, қызға қырындаймыз деп сабаққа көңіл суытқанымыз..

Мен сосын сыныпта еш тыныш отырмайтынмын, жыбырлап, артымдағы, қасымдағылардың барлығымен сөйлесіп, ойнап отыратынмын..бірақ сонда мұғалімнің айтқанын қалт жібермейтінмін..Кейде мұғалім басқалармен күбілесіп отырғаныңды байқап, сазайыңды тартқызу үшін, түсіндіріп жатқан жерінен кідірістеп, орнымнан тұрғызып алып, “ал мен не айттым, қайталашы” дейтін, сонда мен мі бақпастан айнытпай қайталап беретінмін..:)))

Бірақ ешқашан бұзық болмаған екенмін..бірақ сонда да екі рет мектептен шығарып жіберген..екеуінде де нақақтан нақақ күйіп кетіп едім..онда да қасымдағы достарымды сатып “қатын” болмау үшін ғана..:)))

19.  Ақзере
25 Шілде 2008 - 11:11 am

Анкетадан мына сұрақты түсінбеуші едім:
Твоя антипатия? деген. Оны барып, иесінен сұрайтынмын, не жазамын деп, ол өзі білмейді, біреудің атын жаза сал деп. Басқалары да түсінбейді :-) )

Қызық…

20.  Нұрғиса
25 Шілде 2008 - 11:31 am

:) )))) Кез-келген біреудің атын жаза салып, жазықсыз біреуді “жапа шекітірп” жібереді екенсіңдер ғой.. Неткен қатігезсіңдер :) ))

21.  Айко
25 Шілде 2008 - 1:00 pm

:) ))) өлдім-өлдім. сенің алғашқы жігітің?(анкетадағы сұрақ), 2-3 сұрақтан кейін, соңғы жігітің? дейтіндеріне жыным келетін еді.
Бір жолы толтырмасаң болмайды деген досыма жыным келіп кетті де, мәәәә еее қандайсыңдар. соңғысы несі алғашқысыда жоқ қой десем. Өтірік жаза сал, ато түрі жаман екен деп ойлап қалады оқыған адам дейтін. :) (жер тоқпақтап жатқан смайк)
Қызық сондай. мен өтірік жазам, біреу қызықтап оқып отыр. осы сурет көз алдымда қалып қойды мәңгіге. со кезде тарқылдап күліп алғаным әлі есімде.

7 класта жанымдағы баламен кезекші болып қалатын болдым. Ағай пол жумаймын деймін мен клас жетекшімізге. Неге деп таңқалады. Маған болмайды. еңкейсем юбкамнан бәрі көрінеді деймін. О кезде жынды сияқты қып-қысқа юбка кигенді қатты қалаушы едім. Со күні бұдан кейін, кезекшілікте қысқа юбка киіп келме деген көрші баланың жыны ұстаған бейнесі келеді осы күні. :) бір қызығы 9 жыл өткен соң, екеуміз бір бірімізге қарап, қатар келе жатып, сөйлеспей кеттік былтыр. танымай. :( ол үлкен бала болып кетіпті. мені шырамытты-ау шамасы бетіме қарай берді. былай шыққан соң жанымдағы адамға ана бала қызық екен, сонша қарады десем. сенің кластасың ғо дейд. ма-мааааа талып қалдым…

22.  Аршат деген
25 Шілде 2008 - 2:36 pm

мен мектепте жақсы оқыдым, тәртібім де бес болды. осы репутацияны құртпау үшін кластың комбинаторы болып едім, өзім істегім келген нәрселерді басқаларға істетін едім. басқа біреулердің жинап жүрген фантиктерін қарап өзімде жоқтарды алдап сулап алып алатынмын немесе жамандарына ауыстырып. өмірі дұрыс пол жуып көрген жоқпын және қоғамдық жұмыстардан барынша қашып кететін едім. эххх қыздардың анкетасын оқуды ұнатушы едім. сосын пионер кезде үлкен балдардың сеніміне кіріп авторитет жинау үшін солардың қыздарға запискасын таситын почтальоны болып едім, бір күні пионервожатый апай ұстап алып ұрсып ед, сонда қатты қорыққам пионерден шығарып жібере ме деп…

23.  Нұрғиса
25 Шілде 2008 - 2:46 pm

:) )))) пионер болмай қалмау қаупі болды ғой сонда, иә? Осы дейм де, Аршеке… Қыздардың анкетасын тіміскелеп екен ғой қызлогия мен қыздар психологиясын жетік меңгеруің. Сол кезде қалай, тығылып, білдіртпей оқып аласың ғой ия жаңағы? Айконың келтірген “бойфреендтер” туралы тармақта өз атыңды ұшырастырған кезде кеудеңде ерекше бір тоқу сезімдер болды ма, айтшы соны бүкпесіз? :)

Ал мен қоғамдық шараларға, әсіресе кәнцерттерге көп қатыстым домбыра арқалап. Тоқсаныншы жылы, үшінші сынып оқи жүріп мектептің ансамблі болып Алматыға телевизияға түсу үшін бардық. Сол кезде фонограммамызды қабылдамай, “живой” айтуыма тура келіп еді. Қадыр Мырза Әлидің “Қазақ осысын” (Қазақтарды шет елдіктерге таныстыру) айтып едім.

Бір рет жағрапиядан төрт ап қап едім, күнделіктегі жүз отыз алты бесті нөл қып жіберді. Әкем сол кезде ауыр сөз айтпады, жай ғана көзінің қырымен бір қарағанының өзі жаман қатты батып еді…

24.  Аршат деген
25 Шілде 2008 - 3:46 pm

анкета туралы айтқандарыңа қосылам Нұреке, кейде ешкімге көрсетпе деген суперсекретный анкеталарды да оқитынбыз, қызық ед… музыкаға жоқ болғасын сахнаға шыққам жоқ, біздікі редколлегия ед. плакатқа сурет салып, карикатура сызып, өлең жазып газет шығару. біздің кайф сол болды… переменде жолдың ар жағындағы үйдің подъезіне кіріп штучно алған темекілерімізді тартатынбыз…

бірақ ана пионерден шығып қалу қаупі маған қатты әсер еткен еді, одан кейін почтальондықты қойып кеткем…

25.  Нұрғиса
11 Қараша 2009 - 1:00 pm

Почтальондықты әрине қойып кетесің, мейл руың бар, джимейлің бар… қаптап кетті ғой… :) Керегің қанша :)

Айко әлі талып жатыр ма екен… Әлде ұзын етек киіп алды ма… Бәлкім, әлгі танымай кеткен бала су сейіп, ес жинатқызып жатқан шығар?! :roll:

26.  aizat
22 Наурыз 2010 - 5:32 am

Нұрғис, №24 мектепте Алтынай, Зәуре мектепті бітіретін жылдары жұмыс жасағанмын .Қазір №24 С.Ерубаев атындағы мектеп деп аталады,сенің айтып отырған апайың бастауштағы “Ғалия” болса, қазір зейнеткерлікте, мектепте жұмыс жасауда. Ал суреттегі математик”Ғалия” болса №65 мектепте жұмыс атқаруда. Өзім де осы салада жұмыс жасағандықтан ұстаз үшін шәкіртерінің ыстық ықылыс бідіргендері жүрегіме жылылық ұялатады.
Бұл киелі де, ардақты- мектеп.Себебі
өзің сияқты елді аузына қаратқан шешен ,ізденімпаз шәкірттер ұшқан мекен емес пе?! Мен алғашқы еңбек жолымды осында бастадым.Менің жастығыма,өмірімнің қызығына, қуанышыма да оы ұжым куә болып , қайғымды да бөлісті.Сенің де сыныптастарыңмен кездесіп, ақұр-шұқыр болатыныңа сенемін. Бұл мектептің жайы өзіңе белгілі шығар,алла жазса биыл жаңа мектепке кәшеді. Жаңа мектептің салынғанына өзім қуаныштымын,сол мектепті,ұжымды қатты сағынамын, хабарласып тұрамын.
Сыныптас демекші биыл 20 жылдық кездесуге бардым.Сол кезде көптен қауышпаған ,балалық шақтың балауса жылдарын бірге бөлісіп, бір-біріміздің сөмкемізден кітаптарды (роман, өлең, махаббат жайлы) ұрлап оқыитын достарыммен қауыштым.Балалық шақтағы достардың орны өте бөлек болатынына өзімнің қазіргі кезде көзім анық жетті. Одан қала бере сынптастарымыз мектепке иісі бұрқыраған алма,құрт, қаттама нанды көп әкелетін , соларды алу үшін сөмкелерін апай келгенше лақтырып ішіндегілерін өздеріне бермей алып қоятын кездерімізде болатын. Бүгінде сол кездерді еске алсам бәрі қызық, таң қаламын, шындығына келсек сол нан, алма, құрт дегенннің барлығы да үйде бар , мұның аты балалық қой….
Біздің сыныпта Бағдат есімді бала болатын, өзінің сондай басы дәу, ақылды, бірақ ұрыншақ “дәубас” деген лақап аты бар еді.Әліге дейін біздің ауданның балалары қорқады. Бір күні ойнап жүріп менің бетімнен сүйіп алды. Мен болсам жылап ,еңіреп директорға барып, қалай сүйгеніне дейін айттым.
Директорға барып айтқаннан кейін үйге қайтып кеттім,ұяалғанымнан ба, жоқ намыстандым ба ,әйтеуірі мектепке бармай үйде қалдым. Мектепке біраз күннен кейін бардым.
Кездесуде ұл балалар сен үшін (7-класта) жігіт болған кезімізде шашымыздан айырылғанбыз (тақырлап) деп күлдірумен болды.Біздің заманымызда беттен сүю деген, болды! Бітті! сөзімен тең еді-ау.
Ал қазір жай сыйластық деп түсініп, мектепте жүріп -ақ тірлігін бітіреді. Бірақ шектен шығуға тиым болу керек деп ойлаймын. Өзімнің төрт қызым, бір ұлым бар.Кішкентай кездерінен құлақтарына құйып отырамын, өздеріне сана берсін деп құдайдан тілеймін.

27.  Нұрғиса
23 Наурыз 2010 - 9:57 pm

Айзат, осы “мақала” дәнекерлігімен Ғалия апайға жақын кісілермен қауышу бақытына тап болармын деп ойламап едім. Бұл бір күтпеген, тосын қызық боп тұр мен үшін. Ғалия апайымыз ұстаздық кәсібін әлі алып келе жатса, бүгіндері еңбек өтілі әжептеуір, аға мұғалима екен ғой. Құдай қаласа, Ғалия апайды қай маңнан табарымды білдім. Осынау қастерлі миссияны шебер атқарған сізге алғыс зор болсын, Айзат.

 

Пікір жазыңыз

Аты (*)
Mail (жарияланбайды) (*)
Сайт
Мәтін