146 рет оқылды

Image Hosted by ImageShack.us

СПИДке де шалдықтық, өткен аптада конго-қырым геморрагиялық безгегі (Қырым қанды безгегі) бойынша да дабыл қағылды, кеше Лондоннан оқудан оралған өрімдей жас шәкірттердің доңыз тұмауын жұқтырып келгені расталып отыр… Үңіле түссең, әр жағдайда қатерді жұқтырушының бейкүнәлігін байқау қиын емес. Шымкенттегі жаппай ғасыр індетін жұқтыруда инеге «улы» қанды құйғандар шақалақ бөпелер емес еді, КҚГБ жұғуында дерт ошағын дер кезінде оқшауландырылмағасын дәрменсіз күй кешуге мәжбүр болған кісілердікі де өзіне ор қазу емес еді, білім қуған жас ұлан да кісі еліне пәлекетке ұрынам де бармағаны да аян. Кеше әуежайға барсам солжерлік персонал түгелдей ауыздарын арнаулы қоздырғыштардан қорғауыш орамалмен жауып алыпты. Бір түрлі екен. Кірген беттен түгелдей сондай картинаны көрген. (Бейне бір сол жердегі ауада «улы таяқшалар» кезіп, құдды сол таяқша сенде профилактикалық қорғауыштар болмағасын дәл саған кеп қонатын тәрізді)… Бүгін қоғамдық көліктердегі жүргізушілерге де сондай қорғаныш орамалдар үлестіріліп берілген ұқсайды. Қатерлі індеттен арылтқызудың әлемде озық тәжірибелері болмауы себепті күресу кемшін соқпас па екен деп те уайым етпей қоймайсың. Назар аудартпай қоймайтын тұстар:

1) Тіпті медициналық инфрақұрылымы жақсы жасақталған елдердің өзінде әлгілердің алдын алу айла-әрекеттері сол дерттердің қозбай қоюын толықтай қамтамасыз ете алмайды. Меніңше, індет «табиғи» факторлардан жұғуынан өзге жағдайларда, атап айтқанда, мед.персонал тарапынан «адами факторға» жол берілгенде, айыптыларды «бұрышқа тұрғызып қоюмен» іс өнбек емес. Насырға шауып жүрмесе… Қайтадан «миллион, миллиардтарды бөлу керек» деген претензиялар қылтияды. Бөлінген күннің өзінде «келімсек» супертехниканы практикада пайдалануды меңгерген маман болмай шығып, ол қуыс бөлмеде үстін шаң басып жатады. Осы тақылеттес парадокстар мен әлеуетті мүмкіншіліктерді оңтайлы кәдеге асырмау қоғамның кей ретте дәстүрлі дәрігерлік ем-дом қондыру ісіне сенімсіздікпен қарауына себепші.

2) Базарда сатылатын азық-түліктің сапасы. Әсіресе ет, сүт өнімдері. Шынын айтайық, сауда-саттыққа жұмылдырылған кейбір пысықайлар санитарлық нормаға пысқырмастан, жергілікті тексерушілерге берешек ауызбастырық сомасын береді де, қандай шарттарда және қандай малдың сойылғаны белгісіз, етін «ырылдатып» жатады. Яғни сатыпалушы ретінде тәуекелдермен «бірге-бірсің». Анау йогурт-мйогурттар да тікелей күн сәулесінен қорғалмағасын қайсыбір құнары мен балаусалығы қалсын. Ал оны «алып бер де, алып бер» деген балақайға шешесі алып береді… Білмеймін, өз басым базарға алымсаққа барғанда мүмкіндігінше (ол мүмкіндік қай нүктеге барып шектелерін өзім де білмеймін) алажақ көкөністі жіті бақылап, солай алуға тырысады екенмін. Бірақ еттікі қиын… Сойылған мал ешбір ауруға шалдықпаған мал екенін анықтау тек лабораториялық шарттарда мүмкін шығар. Ал ол – базарішілік санитарлық қызметтің тікелей жауапты ісі екенін ешкім жоққа шығармайды. Өздері шығарып жүрмесе…

3) Медицина саласында білікті маман жетіспеушілігі. Пышақпен кесілетін кезде көзі ойнақшып, қолы қалтырап-дірілдеп, ақ тер көк тер болған Гиппократқа адал ант берушіге «өзіңді тәслім ете салу» оңай ұйғарым болмаса керек.

Құдай бетін әрмен қылсын, ауру мен дерттерге шалдығудың алдын алайық. Айта да салу оңай-ау, олардың айтып келмесін ескерсек.. Жаңағыларға шалдыққандар да кеше ғана мәз-мейрам боп жүрген еді-ау деп ойлайсың. Бүгінгі ушыққан жағдай бір мезетте халі мүшкіл болған азаматтар үшін бір сынақ та болар. Олар «өздеріндегілермен» тет-а-тет қалып қалмас пе екен? Тез сауығып, аяққа тұрып кетулеріне тілектес ғой. Ел аман, жұрт тынышта қауышушы болайық дегің келеді екен осындайда…

Ілмек: , ,

1 жұлдыз2 жұлдыз3 жұлдыз4 жұлдыз5 жұлдыз (Баға беріңіз)
Loading ... Loading ...

11 пікір жазылған

1.  Арғын қыз
24 Шілде 2009 - 11:54 am

бугін бір байқағаным барлық жүргізуші-кондукторлар ауыздарына повязка тағып алыпты.

2.  Нұрғиса
24 Шілде 2009 - 1:12 pm

Дәріханаларда сол повязкаларға сұраныс күрт артуы себепті жетіспей жатыр екен. Мұндайда артық байбаламға жол бермей, тиісті құзыретті органдар жағдайдың ушыға түсуіне жол бермесе екен дейсің. Әйтпесе не, қала құп-құйттай, алақанға салғандай…

3.  Nurlann
24 Шілде 2009 - 2:42 pm

Қорқыңдар-қорқыңдар? бәрі жаппай повязка тақанда ғана аман қалады. Біздің адамдар, қорқу дегенді білмейтін.

4.  Нұрғиса
24 Шілде 2009 - 2:45 pm

Астана әкімі И.Тасмағамбетов қоғаммен жиі қатынасқа түсетін салалардағы мамандарды жаппай сақтандырғыш орамалмен қамтамасыз етуді үкім етіпті. Дәріханада оның жетіспеушілігінен кішігірім дүрлігу бар. “Маска” бір реттік, кейінгі пайдаланымға жарамсыз.

5.  Арғын қыз
24 Шілде 2009 - 2:52 pm

иии, бір реттік деген бос сөз ғой. Мәселен, ауруханада бахиланы жуып қайта сата береді, квас ішкен жерде ешқашан стаканды сол жерге тастамаған дұрыс, немесе деформациялап кеткен жөн. Оны да кешке алып кетіп, азанда басқаға құйып береді. Сол жерде стакан жуумен айналысатын жұмысшылар бар. Әрине жасырын. Ал енді жұмыста былтырғы ЖЖ қалған бір реттік стакан, шанышқылар әне әлі тұр сол күйі. Жуып нағыла беруге болады;)) Сондықтан масканы да күн сайын ауыстыра қоймас жұрт..

6.  Нұрғиса
24 Шілде 2009 - 3:03 pm

… Сол кезде… Астанадағы дәріханаларда сұраныстың айтарлықтай артуына орай бірреттік маскалардың бағасы үш жүзге шарықтап шыға кепті. Мәселен, “Самалдағы” “Рамстордың” ішіндегі дәріханада… Білмейм, ассоциативті түрде былтырлары Жамбыл облысында қарлы боранда жолда тұрып қалған автобустар, мүсәпір жолаушылардың бір бөлке нанды мың теңгелерге сатып алғаны… есіме түсіп кетті… Бетін әрмен қылсын, әрине…

7.  Арғын қыз
24 Шілде 2009 - 3:24 pm

дәке (марля) да қымбаттап кеткен шығар))

8.  Айкона
24 Шілде 2009 - 3:47 pm

Дәрменсіздіктерді жек көремін. Жүрегім ауырад…

9.  technosyndrom
25 Шілде 2009 - 5:16 am

Нұреке, сені маскамен елестеттім :) )))
Жалпы, вирус талшығы молекулярлық деңгейде тарайтынын ескерсек, маска тағу, әншейін, символикалық шара ғана. Мысалы, ауруханаға барып тұрасыз, Сізге ақ халат ал дейді, үстіңе жәй іле салып кіресің, кеудеңнің барлығы әлі – өз киімің. Санитарлық талаптан гөрі – нышан ғана.
Маска тақпаңдар, қажеті жоқ.

10.  Нұрғиса
25 Шілде 2009 - 6:26 am

Білмейм ғой, маска тақса қатерден біржола қорғанбақсыңдар деп… Әлде онша-мұнша суырмаларда тұрып қалған маскаларды… қап…. біліп ем…

11.  Konil Ashar
30 Шілде 2009 - 8:31 pm

ой қазір аурудан аман қылсын..

One Trackback/Ping

  1. kz.kazakhstan.neweurasia.net » H1N1 қарсы тәжірибем    Шіл 26 2009 / 4pm:

    [...] соң, блогосферада “пандемия” басталған тәрізді. Нұрғиса мен Ансар соңғы жазбаларын осы тақырыпқа арнаған [...]

 

Пікір жазыңыз

Аты (*)
Mail (жарияланбайды) (*)
Сайт
Мәтін