154 рет оқылды

Image Hosted by ImageShack.us

Ол кезде ЖОО-дан түлеп ұшар төртінші курс студентіміз. Негізгі пән – ПУПР (практика устной и письменной речи). Таңғы бірінші ПУПР-ға қатыспай, тобымыздағы Түркиялық шәкірт Бахадыр үзілісте келді. Сырттамыз. Филфактың алды дәстүрлі түрде қыз-қырқын. Жігіттер бір түйір боп пирожки сататын дүңгіршектің қасында топтасқанбыз. Соңғы курстың бастауы еді. Он бірінші қыркүйек. Түгеліміз түнімен телеуізірден көрген сұмдықты талқылаймыз. Бахадыр Түркия азаматы, түрік арналарының таратылымын қарап, біраз үрейленіп тұрғаны да байқалды. Асқан саясаттанушы бола қоймасақ та, көз көрген нәрсе апокалипсис тәріздес аласапыран да, әсер ерекше еді. Әйтеуір алапат нәрсе. Алдымен бірінші, соңыра екіншісі соқтығысты әне. Есімде, Хабар, КТК, басқа да арналарды айналдырып, әкем, шешем үшеуіміз телміріп қарап едік. Хабардан Ләззат Танысбай еді түнгі тосын эфирге шыққан. Елдегі валюта алмастыру орындарында бағалар бәз-баяғы қалыпта екені, еш жерде дүрлігу, басбұзарлық жоқ екенін айтып, тыныштандыру еді дәл сол сәттегі науқан.

Сол күнгі сойқан сұмдық содан кейінгі жау-жалмауызға, лаңкестерге болжамды түрде бір табан жақын болуы мүмкін құрылым, қала берді тұтас мемлекеттерге құрық құрумен жалғасты. Былайша айтқанда, адамзаттың асыл құндылықтарына қайта зер салдыруға тырысты түгелі. Фаренгейт 911 документалистикасы да болған жайттың басқаша қырын жалаңаштап берді. Біреулер алдын-ала ойластырылған жаманат тірлік десе, тойтарыс бергіш тарап оны жоққа шығарады. Ондай жоспарланған залымдық болмас деп.

Кеше бір кино көрдім. АлмаТв жинақтамасындағы бір киноарна, әйтеуір. АҚШтағы жанұя. Әкесі Ирактағы соғыс қимылдарына жұмылдырылған. Кері келгенде ұлының сөзіндегі қиқарлықты байқайды. «Мен білем, ол жаққа құқықтарын қызғыштай қору емес, мұнайы үшін баса көктеп кірмедіңдер ме?» деп қыңыр әңгімені айтады. Әкесі ашуланып еді бұл сөзіне. Ол жақтан кетсек сол жақтың халқы қайтып бір-бірімен қырылыссын дейсің бе? Сондай жауапкершілікті, дұрысырағы жауапсыздықты жаса дейсің бе сонда, деген сарында әңгіме айтылып қалады. Бұл жалпыәлемдік жағдайларға қатысты орайлы бір диалог сияқты болды маған.

Әйтеуір, сол «тоғыз бір бірден» әлем болып біраз «дәрістер үйрендік». Қауіпсіздік мәселесі өте нәзік, «үп» деп үрлесең қабырғасы сөгіле салатын құндылық екенін біліп, көріп жатырмыз. Сыртқы іріткі салғыш, пиғылы түсініксіздеу содырларға төтепбергіш иммунитет бекем болсын деп елдегі бірауыздылық, бір жұдырыққа жұмылу мен берекетті бірлік болуын тілеу оң тілеу болса керек.

Жаңа мыңжылдық-миллениумның бетпердесін ашып жатқан саналы адамзаттың, сөзсіз, қателіктері жоқ емес. Неше түрлі ұлт пен ұлыс болса, сонша түрлі менталитет, алуан-алуан «ұлттық дүниеқабылдағыштық, дүниетаным» модельдері бар. Бір модель мен екіншісі кей ретте үйлесіңкіремей, сайтан от тұтанып кету қаупі болып жатады екен. Моделаралық тайталасына әлімжеттік факторы қосылса, ол да жаман. Қанша жерден біліми прогресстер боп жатыр дегенмен, жасырын-ашық түрде қару-жарақтық арсеналдың қарқын алып жатқанын байқаймыз. Және мылтықтар мен зеңбіректерге, ойға кіріп шықпайтын небір көк сеңгірден атқылаушыларға қыруар қаржы жұмсаушылар кейде біреуге тіс қайрағаннан емес, сондай тіс қайраушыға өзі құрбан боп қалмауы үшін қам-қарекет етеді-ау. Адамды қанайтын да адам, пышақ ұратын да адам. Жәкем айтпақшы, «пейіл мен моралистика» мәселесі шығар.

Әйтеуір, бетін аулақ қылсын. Басқасына нұсқау бола алмасақ та, өзімізге ие болу құқығын ешкім тартып ала алмас. Ерік бізде. Еріксізденбеспіз. Қамсыз жүрер заман емес білем… Әйтеуір, бетін аулақ қылсын…

Ілмек: , , , ,

1 жұлдыз2 жұлдыз3 жұлдыз4 жұлдыз5 жұлдыз (1 дауыс, орташа есеппен: 4.00 / 5)
Loading ... Loading ...

6 пікір жазылған

1.  Ansar
11 Қыркүйек 2009 - 3:28 pm

Kazakhstandyk bir azamatsha bolgan eken sol kezde kaza tapkandardyn arasynda.

Bul terraktynyn astarynda talai kupia jatyr goi. Birak resmi turde ewtene ashyp aitylmaidy. Sayasat degen ünemi solai öz degenin jasatyp keledi. :(

”Endi kaitalanbasyn mundai kandy kurgyndar” – dep tileiik.

2.  technosyndrom
11 Қыркүйек 2009 - 6:45 pm

Қазақстандық арналар осы оқиғаны хабардар етуде үлкен дәрменсіздік танытқаны есімде.
Әлі күнге дейін мына тұрған Өскеменнен телефонмен репортаж істейтін арналарымыз өздерін шығармашылық тұрғысынан да, формат тұрғысынан да сарқып бітті деп ойлаймын.
Қазақ арнасы деген ұғым – жоқ.

3.  technosyndrom
11 Қыркүйек 2009 - 6:46 pm

Нұреке, дым демеші тек, CNN қарайтының рас қой )))

4.  Аршат
12 Қыркүйек 2009 - 2:08 am

Ереке, давай олай демей ақ қояйық. Бір күн кешіктірсе де жаңалықтар беріп жүр ғой. Басқалар үшін Ескілік шығар ал біздер қазақтар үшін ол Жаңалық. Әлі сарқып біткен жоқ, бүгін бір күн кешіктірсе бес жылдан кейін жарты күнге дейін жететін боламыз. Пессемистігіңе ренжіп отырмын. Елім, ұлтым дейтін жігіттердің бірі едің ғой. орыстарға, жөйіттерге еріп баратқандайсың бауырым!

5.  Madlen
24 Қыркүйек 2009 - 12:20 pm

PUPR? KYZ-KYRKYN? TANYS SIYAKTY… INYAZ?

6.  Ақбөкен
2 Қазан 2009 - 5:58 pm

Дәл со кезде мен 5-сынып оқушысы едім тәңертең сабаққа барайын деп атқанда көрші ағамыз келіп ТВ-ден осылай хабарлағынын айтып еді сабақтан қайтып келіп ТВ-ді сайратсам шынындада бәрі дүрлігіп атыр екен.

 

Пікір жазыңыз

Аты (*)
Mail (жарияланбайды) (*)
Сайт
Мәтін