
Өмір туралы
әзірге көп білмеймін. Сүрген сайын, сүргің келе береді екен. Қашан үзілеріңді білмейсің. Интригасы бар, демек. Өзіңнен кейін не із қалуы маңызды сияқты. Құрдасымның «Адам боп келдім өмірге, адам боп кету тілегім» дегені өмірдегі бас ұстанымды жақсы сипаттайды.
Уақыт туралы
Санасуға тура келеді. Оның алдында дәрменсіздігіңді мойындау керек. «Уақыттың реті келмеді, уақыт болмады» дегенді көп жақтыра бермеймін. Десе де, аракідік айтуға тура келіп тұрады. Қанша жанталаспа, үлгермейтін нәрсеңді уақыт қыспаққа алса үлгермейсің. Жұмыста – ақылға сиымсыз уақыт аралығында көлемді материалды аударып берші дегендерге уәж айтып, сөзімді ысырап еткім келмейді.
Отбасы туралы
Өзара татулық, бір-біріңе қолдау, демеу болу көмегімен ғана мүмкін болатын құндылық. Оның қызығушылықтары мен ұстанымдарына сыйластық танытып, қабыл ету мақұл. Азаматының мерейін асырып, берекетін еселеу көп жағдайда қыз баланың бенефисі болатын тұс сияқты.
Ақша туралы
Адал еңбегіңнің мәні, шарықтау шегі. Көп жұмыс істесең, несібең де молдау. Ширақ, еңбекқор болуға итермелейтін мықты мотиватор.
Достар туралы
Досты о баста пәлен кезде керек боп қалады деп есеп етушінікі пәстік. Сондықтан достарымның асқақ шыңдардан ылдиламай, асқаралы биіктерде нық тұратыны тағдырдың ұлы сыйы деп білемін.
Қымбат қазынам
Бөле-жара айтатын категория емес екен. Ортақ қазына туралы айтар болсам, елдегі тыныштық, бейбіт күн шын мәнінде қымбат қазынамыз сияқты. Оны қызғыштай қору маңызды.
Арман туралы
Армандауда өзіңді алдамау өзекті. Арман утопия боп кетпеуі керек. Реалистшілдік арманның іске асабілгіштіне зор түрткі.
Жұмыс пен хобби
Беймарал бір-бірімен ұштастыруға, үндестіруге болады. Өз басымның хоббиім не екенін білмеймін. Резюмелердегі хобби тармақшасына «кітап оқу, карате, спорт» дейтіндердікі мен үшін қызық, расымен.
Ұстаным туралы
Түзу бол, дұрыс бол, қателікке ұрынбауға амал қыл.
Ақылға сыймайтын әрекеттер
Дастархан басында «Құдай өзі кешірсін» деп арақ ішетіндердікі…
Болашақ туралы
Сенің қолыңда емес. Бірақ әжептеуір әсер ете аласың. Кемел болашақ – кемеңгер істердің бонус-нәтижесі.
Эстафета таяқшасын Асхаттан алып, Бақытнұрға табыстаймын.





Rahmet, birak mynany jalgastyru kerek pe?
Bakytnur,
жалғастырсаңыз нұр үстіне нұр болар еді.
Ақылға сыймайтын әрекеттің жанды жерін тауыпсыз. Шынында, қиын.
Jaksy!
Ақша жайлы айтқаныңыз ұнады…
“Ширақ, еңбекқор болуға итермелейтін мықты мотиватор” шынымен-ақ…
“қыз баланың бенефисі”
One Trackback/Ping
[...] Бұл эстафетаны Нұрғисадан қабыл алдым. Менен бұрын жазған блогшылар менің қазір [...]