
Досекеңнің арманы екен деп естіп қалдым. Осынау артында із қалдырған тұлғаның өмірін экранизациялау. Армандар орындалады. Құлшыныс, тегеурінділік пен табандылық болса.
«Біржан сал» кәкір-шүкір жеңілтек сюжеттерге құралған «шытырлақ қағаз» кино емес. Тарихта болған, тағдыры тақсыретке толы тұлғаның өміріндегі қалтарыс-бұлтарыстарға, сол арқылы исі қазақ тұтас жұрттың картинасына қанықтырады. Болыстың болғаны-толғаны да, жұқарған жарлы-жақыбайдың дәрменсіздігі де боямасыз ұтымды бейнеленген. Ұлттың айшықтары деп киіз үй, ет тартылған табақтар, ақ шаңқан киіз үй, т.с.с. атрибуттарды қарастырсақ, бұлар барына бар. Сал-серілік құрған бір топ өнерлілердің ел мен жерді аралап, сауық-сайранмен кешкен ғұмыры. Өнерін көпке жайып, паш етудің манифесті. Меніңше, Біржан салдың әншілік, жыршылық өнеріне тамсану бар да, өмір стиліне өзіңше баға беру бар. Алпыстарға таяп қалған Біржан, он алтыдағы өрімдей Ләйлім екеуінің арасында оттың лап ете қалуы… Бұл дәстүрлі ой-санамызға қиыса бермес «алшақтық» болғанмен, фильм пәк сезім бойды билеп алса жас цензінің шегіндіртуші бола алмайтынын алға тартады. Жалпы, киноның үстем месседжі – асаулық және де құп көрілетін асаулық турасында. Бірақ заманасының уникумы, өнері мен аты алысқа кеткен біртуар дара перзенті еді. Біржан болыстың арнайы өзі кеп, Русиядан кележек жанарал үшін ән салуға шақырту алғанында: «салдың да шаршайтын шағы болады. Лиләләку деп сауық құрар жайым жоқ қазір» дейтін жері шарықтау шегі болар ма деп ем, олай болмай шықты. Салдыкі сол, сал шал болса да, сал-серілігін доғара салмақ емес екен. Мейлі, өз жұртың жынды атанды деп, теріс айналса да, салдың асаулығы асаулық.
Ерекше селт еткізген сөздердің бірері:
Осыңды дұрыс деп ойлайсың ба, елуден асқан шағыңда неткен жүріс бұл, деген өтімді мінге кідрмей: «Осы сенің ішің оттай оттай қари ма? Ал мені шоқтай шыжғырады» деп кесіп айтады. Иә, бәйбішесі, баласы мен қыздарынан да теріс айнала алмайтыны және бөгетсіз, тыымсыз ел кезуден баз кеше алмастығы. Шоқтай шыжғырмағанда қайтед…
Қасындағы сенімді «нөкері» Кенже ағасының елі алдында масқарасы шығарылып, жынданды деп байланып тасталғанында қоярға жер таппайды. Сонда серілестердің бірі келіп, еріксіз тұтқындалған нарын босатпақ болғанда теперіш көріп, райынан қайтады. Сонда Біржан: «Менің қолымдағы арқан – наданның жүрегіндегі кісен, шеше алмайсың» деп өзі жығылып жатса да, сауын айта келген досының жігерінің құм болмауына тілектес боп ірі сөз айтады.
Өмірлік жары дүниеден озып, біраз уақыт төсек жаңғыртпаған оған ағайын-туысы келіп, емеурін білдіреді. Қыз көп, біреуін ноқталасаңшы дегенге: «Әр байталға шаптыратын айғырың емеспін» деп және қойып салады…
Бұл орайда өмірлік жары да парасатты, асқан төзім иесі болғанын шегелеп атамақ ләзім. «Кемпір болғанымды байқамай қаппын. Ал саған тоқал алу керек» деп өзі батыл-батыл сөйлейді. Бірде төсек тартып жатып қалады. Біржан келіп, халін білмек болады. Оның қаскөй байға есе жіберіп ап, намысы қайрлғанын білетін ол, бар, сол миссияңды орында деп жатып, «Азаматтың ары тапталып жатқанда, бір қатынның жаны садаға» деп «ақ батасын» берер жері толқытпай қоймайды.
Барып көретін, ой тоқитын кино. Кинозалда менен артқы қатарда егде тартқан апасымен бірге отыздардағы келіншек болды. Қалалық. Кейбір бастапқы сәттерде «Боже, что за дикость, көрмегенство» деп отырған ол фильм түгесерге тақағанда «Какой молодец, какой красавица» деп тамсанысын жасырмай отырып еді. Соған қарағанд, көзі қарақты қазағым, барар жөнің бар. Бар, көр. Кейін осында алған әсеріміз туралы пікір алмасайық!




Афишасының түрі ұнамады. Дизайнерлер толыққанды жұмыс істемегенге ұқсайды…
Афиша дегенің ширма ғой, Ақзере. Әлгі “сырты бүтін, іші түтін” деп айтушылардыкі бар емес пе еді… Аха… Фильм көруге тұрарлық, қазақтың арғы-бергі тарихына бей-жай қарамайтын замандастарыма барыңдар деп үгіттеп жүрмін. Экшн мен жасанды шаблондардан шаршағандар үшін жақсы мысал.
ДВД дискісі шыққан жоқ па екен, ТВ-дан әзір бермейтін шығар.
Көп күттірмей, іле-шала премьерадан кейін артынша шығушы еді ғой… Біраз ой салсын десеңіз, сабыр етіп, шыққасын сатып алыңыз. Үйдегі картотекада болуы керек дывыды.
Талайдан бері аңсап, неге осылай түсірмейді екен, неге бұрынғы қазақ өмірін бұзылмаған қалпында көрсетпейді екен, қазақ деген мұндай емес еді ғой деп жүргенде, сол арманыңыз орындалса қандай күй кешер едіңіз?!
Досқан Жолжақсыновтың «Біржан сал» фильмін көргенде қазіргі қиыншылық түйткілдері артта қалды, өмір табиғи қалпына түсті, көңіл толды, ортаға жайдары шуақ орнады! Күнделікті көріп жүрген жасандылықтың, дүбара сөз бен қарым қатынастың арасы жабылды. Тіпті, күніге радио тыңдаған сайын мезі болған «әнін жазған Тілендиев немесе Қалдаяқов» деп жүргізушілердің, сазгердің әнді жанын жеп шығаратындары ескерілмей, бұзып айтатындары мына фильмнен кейін тоқтайтын шығар деген де үміт пайда болды.
Кинода Біржан салдың жан сезімі, ерекше жаратылысы, өнерге деген, өмірге деген құштарлығы Досқан орындауында өз дәрежесінде сипат алған. Құдай тіл-көзден сақтасын, ол тағыда шын талант иесі екендігін дәлелдеген. Мін жоқ!
Көп сөзділіктің орын алмауы,кейіпкердің сәні мен мәнін көрсететін сөздерді нақты бере алу (әсіресе, Біржанның насыбай шишасын іздеуге байланысты айтылған «сені түбінде насыбай құртады ғой» деген достарының қалжың сөзі) сценарий авторының (Әсемқұлов Т.)ұлтжандылығын, тапқырлығын көрсетеді.
Айтар сөзді, іштегі ойды көзбен көрсету, бет бейнесі қимылымен білдіру Біржан сал мен Жанбота рөлдерінде шеберлікпен орындалған. Ешнәрсе айтпаса да, езіліп отырып түсінесің, жан тәніңмен қабылдайсың. Бөтен мылтықтан атылған оқтың, аспанға болсада, бәрімізге қатысы бар екендігін сезесің, дүниеқоңыздықтың, қолқусырушылықтың берекесіздігін ұғынасың. Ұғынасың да, осы надандық қасиеттердің неге қыр соңымыздан қазірге дейін қалмайтынына қайран қаласың!
Көңіліңді жадырататыны – қазақтың көз сүйсіндірер табиғаты, өзен-көлі, еркін өссе де ибалылықты, силастықты бойларынан жоғалтпаған қыз-бозбала,үлкен-кіші. Сал-серіге деген ынтызарлық, сый-құрмет.Осы көріністерді ұтымды да, ұғымды етіп түсіре білген операторға (Ибрагимов Р.), режиссер қыралығына (Әлпиев Р.) риза боласың.
«Біржан сал» фильмі осындай жоғары орындалу дәрежесімен, ерекшелігімен соңғы жылдары атүсті, мән-мағынасыз, тұрпайы түсірілген «қазақ» фильмдеріне таптырмас толық қанды жауап бола білген. Кино өнеріндегі қазақтың шын мәніндегі көркем туындысы осылай болуы керек екендігін көрсеткен.
Сусаған көңілімізді қандырып, рухымызды көтергендеріңізге мың да бір рақмет!
Atyrauda ARDAGER de osi film korsetilip jatir eken, seanska ulgeruge tirisam, Atyraulik baram deushiler jinalaik!
Jinalaiyk, kaida kezdesip, neshedegi seanska baramyz?
Біржан сал фильмін алғаш көргенде бастан-аяққа жылап отырдым. Фильмнің басындағы қазақтың тұрмыс-тіршілігі керемет суреттеліп, мені өзіне бірден баурап әкетті. Ал дархан далада еркін жортқан есіл ер Біржанның торға түскендегі дәрменсіз халінен сол заманның ұлы өнерінің дәрменсіздігін көрдім. Сөз жоқ Біржан сал фильміндегі әртістердің рөл ойнаудағы шынайылығын мойындауымыз керек. әйтсе де фильмдегі әттеген-айларды айтпай кетпесек тағы болмайды. фильмде қазақ дәстүріне қайшы келетін тұстар да жоқ емес. Мәселен, Біржан сал соққыға жығылғаннан кейін оған қызметшілер табақпен ет әкеледі. Сол кезде Біржан сал табақты қамшымен ұрады. Атам қазақтың дәстүріне сәйкес астан қадірлі нәрсе жоқ. Осы тұс сәл өңделіп берілсе жақсы болар еді. Одан соң Теміртастың Әпіш өлгеннен кейінгі Біржанға қол жайып ызалануы. Бұл жерде де баланың қолын көкке жаюы да сәтсіз сожет деп ойлаймын. Осы іспетті бірлі-жарым кемшін тұстары болмаса, Біржан сал фильмі қазақ киносының алтын қорына қосылатын құнды дүние деп ойлаймын.
Постерінің сырт қағазына қарап, кім-екенін-өзің-білесің еріксіз есіме түседі : “Так верстают только мудаки!”
Қазақфильмнің дүниесі болған соң амалсыз көресің ғой бірақ.