16 рет оқылды

Image Hosted by ImageShack.us

Ескі шұлық дегенде ескі шұлық,
Түгіңді қалдырмаппын тесік қылып.
Менен емес, топлидан кінәні ізде,
Бәле ғой тұрсаң мені сезікті ғып.

Әйтпесе, судай жаңа болғаның рас,
Аяққа «хөуппәлә» деп қонғаның рас.
Табаның майланғанша киіппін-ау
Мұңым болар… мұным болмас…

Елең-елең етеміз нәски десе,
(Қарасын I love you әсіресе)…
Сені өлердей сүюім соншалықты -
Тез-тез киіп алар ем қаз ки десе.

О, нәски!!! Гөлфиің бар, жүн нәски бар,
Тобыққа келетұғын құр нәски бар.
Тоқылғаның бар тағы, сосын бар ғой –
Ешқашан тозбайтұғын жыр нәски бар!

Нәскиің таза болса сенімдісің,
Демек ки, тазалықта сенің күшің.
Резіңкеңді алушы ек рогаткыға,
Сен сонда жаманбысың, керімбісің?

Нәскидің жақсы болуы адамынан,
(Сақтай гөр нас, ұқыпсыз, жаманынан)
Жыртпай, сөкпей, майлатпай таза ұстаса,
Айналып кетесің әр қадамынан!

Жігіттер, нәскиіңді таза ұстаңдар,
Бір апта киемін деп алжаспаңдар.
Ыңғайсыз исі болмас, сасымас деп,
Үміт еткен халқың бар, Қазақстан бар!

Мінеки, осы біздің сарын, нұсқа,
Нәски деген маңызды барлық тұста.
Әйел көркі шүберек, жігіт көркі –
Нәски екенін мәңгілік жадыңда ұста!

Ілмек: , , ,

1 жұлдыз2 жұлдыз3 жұлдыз4 жұлдыз5 жұлдыз (Баға беріңіз)
Loading ... Loading ...

21 пікір жазылған

1.  technosyndrom
30 Қазан 2009 - 3:31 pm

Нәскиден бар тағы да бір берекет:
Иісін айтсайш, пай-пай-ай, о, керемет!…

2.  urimtal
30 Қазан 2009 - 3:41 pm

Өлең жақсы,тек суретті ауыстырмасаң, күні ертең Әлемдік Банктің басшылығы Қазақ үкімітіне қарсылық нотасын жіберуі мүмкін :)
Ой сен әлі малайский нәскиді көрмедің ғой, Нұреке! Тұтас бір поэма жазар ма едің :)

3.  Тупак Амару
30 Қазан 2009 - 3:49 pm

:) :) :)

Нәсекең көрінбейтін майданның қас батыры ғой, шіркін. Үйге келген қонақты киіміне қарап қарсы алып, нәскиіне қарап шығарып салады.

4.  Нұрғиса
30 Қазан 2009 - 3:56 pm

Қыспаққа ала берме, маза бергін
Сотқар тесік кімдікі, жазагер кім?! :roll:
Қазақтыкі дегенде жүн нәскилер,
Жаза бергім келеді, жаза бергім… :)

5.  urimtal
30 Қазан 2009 - 3:57 pm

Нұреке, мына жақта кісілер сұраған соң жазып жатырмын. Айып етпе. Малайзияда күн ыстық болған соң нәски көп киілмейді ғой. Бірақ дүкендерде оқушыларға арналған арнайы нәски сатылады. Өзі гольфи сиқты ұзын болады. Сосын жолақтары бар. Спортқа арналған екен. Бір дүкеннен бір бумасын ала салғанмын ғой. Ашып қарасама, әлгінде шұбатылған ұзын неме шығып жатыр. О, Тоба дедім! Мынаны Нұрғиса көрсе, точно бір нәрсе дер еді деген ой келді ме, сол кезде келмеді ме о жағы қазір беймәлім. :)
Сосын, бізде бұрын чешки деген болушы еді ғой, соған ұқсайтын нәскилер өте көп. Матасы енді жұқа. Теріден жасалмаған. Жай ғана аяқиім кигенде қажалмас үшін ырымын жасап киеді. Жұрт туфли немесе кросовки кигенде нәскиінің бар жоғы да білінбейді. Бір башпайға ілініп тұрған сияқты. Ондай нәскилер билеуге жақсы тәрізді.

6.  Нұрғиса
30 Қазан 2009 - 4:03 pm

Білмим, блин, маған сенімділеу, “қолда” екі жүз елу, андай қымбат бутиктерде екі мыңнан сатылатын матасы жұқалау қарасы ұнайды. Бітімі сөгілмейтін, берік қалқан болғасын аса алаңдай бермейсің. Қайбір жылдары кілең қытайский отыз, елу теңгелік нәскилер қаптап кетіп, құдалыққа баратыны бар, хабаршы (айыпкер) боп баратыны бар, түрлі сондай ресми рәсімдерде жаман неудоввны болат таэ… Аяғыңды қайда тығарыңды білмей зәразап боласың… Аналар да қасарысқанда мұрын қуысын жауып, саған тіксіне қадала қалады ғой… Тұншықтырасың ғой, блин…

7.  Аршат
30 Қазан 2009 - 8:33 pm

Миф 1: Тырнақ нәски жыртады
Ана суреттегідей нәскидің басы тесілуі аяқкиімнен, тырнақтан емес.

Миф 2: Күнде ауыстырмасаң сасиды
Иістің басты себебі нәски емес аяқкиім және аяқ. Сондықтан аяқкиімді таза ұстау керек, ал аяқты жуып тұрукерек. Ал нәскиді күнде ауыстыру міндет емес.

Миф 3: Нәски иіскеу ұят
Түк ұяты жоқ, қыздар солай ойлайды. Ал жігіттер иіскеп көріп, қатты иіс шықпаса киіп жүре береді. Түк ұяты жоқ, иіскей беріңдер.

Миф 4: Аяқты тығып отырсаң иіс шықпайды
Аяғы сасып тұрғандар әдетте аяқтарын барынша столдың астына тығып, жасырады. Иіс шықпайтындай, неге шықпасын шығады. тықпаңдар аяқтарыңды. шығатын иіс кіреберістен бері бұрқырап жатыр ақякиіміңді шешкен кезде.

(Аршат Әминәкесінің ұлына арнап жазған “Достойно өмір сүріп, дұрыс движение істеудің қыр-сырлары” атты жартылай мемуар кітабынан үзінді)

8.  Шырайлы Шымқаладан Шота
30 Қазан 2009 - 10:05 pm

Аршат кітабыңа мыналарды да қосып қойшы!
1. Қара нәски киген дұрыс. Кірі білінбейді.
2. Нәскиді қабаттап кию керек, тесігі білінбейді.
3. Нәски тез тозбау үшін нәскилерді ауыстырып кию қажет, мысалға бүгін сол аяққа киген нәскиді ертең оң аяққа кию керек.

9.  Нұрғиса
30 Қазан 2009 - 11:57 pm

4. Нәскиді үтіктеуге қатаң тыйым салынады. Дұрыс кеппеген нам нәскидің ылғалы бәрібір түгел бумен ыдырап кетпей, қалдық ылғал кейін жағымсыздау фэйвірге себеп болады.
5. Өмірлік циклы капут болған нәскиді қоқысқа лақтыруға асықпа. Аяқ киімді майлап болғасын жалтырлатуға күшті текстиль ол. Ұзына бойы екі ұшынан ұстап, подъездегі текпішектерге ыңғайласып орналасып ап, әдемілеп ысқылайсың. Айнадай жылтырлатады.
6. Нәски далаға жайылып, түнде үсік шалып, таңертең жайылған кір мұз боп қатып қалса ішке кіргіз. Жіпсігесін нам форма алады. Құрғауын тездетем деп байқайсызда төртінші пунктіге кереғар тірлік істеп қойма.
7. Ешқашан жалғыз пар шұлыққа сенбе. Кемінде екі жұп артығы болсын. Оның өлді дегенде бір жұбы жуылған, кепкен, таза болуы керек.

10.  Аршат
31 Қазан 2009 - 3:33 pm

Шота, қара нәски және сыртынан тағы біреуін кию керегін кітапқа жазбасам да болады. Есі дұрыс еркектердің бәрі солай істейді деп ойлаймын онсызда. Ақ нәскиді көбінесе мәмбеттер киеді.

Нұрғисаның үтік туралы айтқанына толық келісемін. Ылғал болсын болмасын нәскиді үтіктемеген дұрыс. Бұл қыздар дамбалды да үтіктесе таң қалмаймын.

11.  Ansar
1 Қараша 2009 - 2:31 am

Мәссаған! :)

Жақсы шығыпты. Ал суреті тіптен қатып кеткен.

12.  Ардак
2 Қараша 2009 - 12:21 pm

Шұлық!

13.  balgyrgan
3 Қараша 2009 - 11:18 am

Аршат, ақ нәскиді кроссовкімен кисе болады емес пе??? сразу мамбет деп :-’

14.  Нұрғиса
3 Қараша 2009 - 11:30 am

Кірәсөпкінің жөні бөлек, Балғырған. Сен қара кешкі сәнді көйлек, қара топли, қара клатч, мойныңа қара жеңіл орамал тастап, аяғыңа ақ нәски киіп көрші… Бәрін хихикилетесің… Аршат соны меңзеді. Кешір, әрине… :roll: ;)

15.  Аршат
3 Қараша 2009 - 1:18 pm

қыздарға бола береді Салтанат. розовый, морковный, салатный нәски кисеңдер де.

16.  берік
8 Қараша 2009 - 2:36 pm

екі тесігі, арнау одасы, көпшіліктің қызығушылығы және (!) 15 пікірі бар мына нәскиде арман жоқ екен :)
айтпақшы БҚО-ның кей диалектикасында “ұйық” атауы да қолданыста бар.

17.  Maryam
10 Қараша 2009 - 11:33 pm

Er azamattar yshin kiim ishindegi en manizdisi naski siakti ma kalai? :)
karapaim naski turali er adamdar munsha maglumat beredi dep ysh uiktasam tysime kirmepti de oilamappin da!:)
Mdaaaa, tan kaldirdirdinizdar joldasta!:)

18.  Maryam
10 Қараша 2009 - 11:34 pm

Suret endi sumdik, senin ayagin ba,Nureke?
:)

19.  Нұрғиса
11 Қараша 2009 - 9:56 am

Сұр нәскиді өзін сыйлайтын джентльмендер кимейді ілкінде. Өзіңнен кіші інішектердің шұлығын ұрлап киіп кетіп қап, ол аяғыңа тар кеп, оны тесіп шығуды қою керек қой осы. Ұят емес пе екен… :roll:

20.  altygradus
24 Қараша 2009 - 10:31 am

башпайдың формасынан жыртылып тұр шынымен ана нәски
хмм неге сұр болмайд екен?

21.  қазақ бала
2 Желтоқсан 2009 - 1:02 pm

Дегенде нәски жыртық, нәски жыртық,
Шығарайық бізде өлең қыртып-қыртып,
Нәски-ау, қор болғаның бізден емес,
Себепші оған анау башпай мыртық…

Дегенде нәски ескі, нәски ескі,
Сол нәски ойға түссе желдей естім,
Бас бармақ, тікірейген түрің құрысын,
Аялы, аппақ арман нәски тестің!

Әрі қарай “әке” десең шықпай жатыр((((

Бауыржан Момышұлы айтпақшы, жатып алып потолокқа түкіру керек шығар. Сонда шабытым келер…

One Trackback/Ping

  1. Нұреке, сізге айтамын… « Өрімтал    Қар 04 2009 / 9am:

    [...] [...]

 

Пікір жазыңыз

Аты (*)
Mail (жарияланбайды) (*)
Сайт
Мәтін