115 рет оқылды

Image Hosted by ImageShack.us

15, 20, 35,
120, 40.
0, -3, 30, 5,
Бұ неғылған қылық?

10 + 15, 25,
Пах, 25, бес 5…
10 + 8, 18,
Еске ал еміс-еміс…

1 000 000, 1 000 000 000, 10 000 000 000,
0, 1, 2, 3, 4, 5…
5 дегенің көп миллиард,
10 миллиардты көп деші?!

Ұшу, қону, сүріну,
Өмірдегі жағдай.
Парқын ұқпай бүліну
…Сол сормаңдай, ойбай…

Кіл өзіне зар қылған
Бұл санақсыз жоқ іс…
Шығатыны алдыңнан
10, 25, 30…

0,5 0,5 бір бүтін,
Жарым-жарым бөлек.
Бір бүтінде мың түтін,
Керек кейде көмек.

1 шегеру нөлде бес,
Нөлде бес пе қалдық?
Жарым деген өл емес
Сол құдайдан жарлық.

1000, 900, 500, 100,
90, 80, 50.
Бұл дегенің қоңыр күз,
Күзгі күнгі шеру…

Ілмек: , , ,

1 жұлдыз2 жұлдыз3 жұлдыз4 жұлдыз5 жұлдыз (Баға беріңіз)
Loading ... Loading ...

1 пікір

1.  Аршат
3 Қараша 2009 - 1:21 pm

амандық болса алдағы жылы 29 одан кейін 30 жас, ужассс нақ :) қартайып барамын :(

 

Пікір жазыңыз

Аты (*)
Mail (жарияланбайды) (*)
Сайт
Мәтін