
Баяндыкінен оқыдым. Өзіме сұмдық қызық көрінді. Алғашқыда пікір ретінде жазғым келіп еді, ол райымнан қайтып, өзімнің «топ ондығымды» құрағым кеп кетті.
Қазіргімнен алдыңғы жұмысымда құлтемірге құлаққапты жалғап қойып жиі тыңдайтынмын. Қазіргімде өйтуге мұршам жоқ па, білмедім, бірақ негізінен машина жүргізіп бара жатып тыңдау ғана несібе боп тұр. Сонымен, менің ондығым:
1. Қарақат. «Балапан қаз» (жетігенмен айтады)
2. Қарақат. «Жылқышының әні»
3. Мейрамбек. «Қазағым»
4. Мейрамбек. «Алланың бары һақ»
5. Алтынбек Қоразбаев. «Шашбаулым»
6. Алтынбек Қоразбаев, Мейрамбек Беспаев. «Ақ дегелек»
7. Құрмаш Маханов. «Кездесу мен қоштасу»
8. Каспий тобы. «Жарағым-ай»
9. Ерболат. «Мен қазақпын»
10. JSC. «Жизнь была бы сказкой»
Онша-мұнша көзтаныс, сөзтаныс ұжымдастар «ана әннің ана жері қандай еді» деп орысша, ағылшынша «хиттердің» мәтінін сұрайды. Білмеймін. Кеңседе әрлі-берлі ырғалып-жырғалғанда «ың, ың, іңі, іңі» деп ырғағын келтіріп, ыңылдағаным болмаса, сөздерін біле бермейді екенмін. Осы, кейбіреулер болады ғой, үтір, нүктесіне дейін айна-қатесіз тізіп беретін. Таң қалам өз басым…
Көп ретте ұлттық фольклорды ұйитыным жастайда, кенже ұл болғасын үлкендердің онша-мұнша отырыстарына жиі «этачмент» (жалғанған, «қыстырылған» қосымша) болып ілесіп отыруымнан шығар. Әр жерде ауылдың алты ауызын естисің. Әр ауылдың, тіпті әр «көшенің» өз мақамы болады! Керемет! Небір көпке танылмай қалған дарынды импровизаторлар тағдыр тауқыметімен үйіндегі ошақ басынан аса алмаған апалар мен егде тартқан әжейлер ме деймін…
Рейтингілеп, анаусы бірінші, мынаусы пәленшесінші деп жіктеу де аздап ыңғайсыздау шығар. Әйтеуір, өзіме көңліме қонымдысы боп жүргені әзірге осы. Саңғыр-сұңғыр, даңғұр-дұңғырға біздің есту аппаратымыз шыдас бермейтін тәрізді…
Замандар өтеді, ұрпақтар жаңарады. Ат тұяғын тай басады. Ал Шәмшілер мен Нұрғисалардыкі мәңгі жадымызда, жүректің төр түкпірінде салтанат құрып қала бермек!
Ілмек: балапан қаз, енді маған сен бір елессің, жизнь была бы сказкой




Балапан қазды жіберіңдерш маған а
Құрметті 6º, ол әнді негізі көліктің ішінде, әсіресе ол жақсы саббуфермен жабдықталған болса, тыңдау мақұл. Даусың шығарыңқырып былай… Түу, рахат қыласың ғой енді… Сөзіне үңіле түссең…
Списоктан Тунтеков, Кишкинбаев сияқты жас таланттарды кездестірмедім, әлде оларды тыңдауды ұнатпайсызба?
Кейде “Қарақат тек ғана жетігенмен айтса ғой” деп ойлаймын. Эстрадныйына қарағанда, дәл сол жетіген Қарақатқа арнап шығарылған сияқты. Қарақаттың орындауында Қызжібектің әнін естігендер менімен келіседі деп ойлаймын. Елжірейсің, балқисың деген сол…
Менде де осындай қазқатар. Бірақ жетінші қылып Билли Джинды койдым…
маған Мейрамбектен артық әнші жоқ сияқты болып тұрады
Иә, Қарақаттың “Балапан қазы” маған да қатты ұнайды. Бұрын Жанар Айжанова домбырамен орындаушы еді. Өте әдемі ән. Маған да сол әнді жіберсеңіз дұрыс болар еді…..
иа нұрғиса өзің тіптен сөз маржанын терген шеберге айналыпсың талапыңа нұр жаусын. қатты өзгеріпсің
Рамазан Стамғазиевтің әндері жақсы. Рамазанның әйелі айтатын “ақ көбелек”, Көктемді сағындым ғой, деген әндер мықты.
Көктемді сағындым ғой,
Өткенді сағындым ғой,
Өзіңмен бірге жүрген
Көк белді сағындым ғой….