307 рет оқылды

Ел құлағы елу. Кейде алпыс, жетпіс. Сосын құлағы әр неге түрік. Жүрегі қазақ, бірақ. Сол құлақ құрғыр естіп, біліп алады ғой қайда, қашан қандай сеанс барын. Джеймс Камерон деп тұтас жұртың делебесін қоздыртқасын лажсыздан өзіңді осы көптің қалаулысына жыққызасың. Әлбетте, мүмкін болса ортарақтағы қатар, ортаңғы тұсындағы креслоны көздейсің. Болмаса, өзгесіне, барына тоқмейілсисің. Жолжақсыновтың «Біржан салы» болса бір сірә, ана поп-корнды алып не керек бар деп өзіңдегі нәпсіні тежейтін. Мынаусында моральдік қағидалар поп-корнды «гірш-гірш» етіп жей беруге тосқауыл қоймайды. Жоқ, Камерон қашанда Джеймс қой. Немесе, Джеймс қашанда Камерон. Болып қала бермек. Джеймс егерәки Камерон болмай көрсінші, «Титаник» «мұхитқа кетпес еді», кинотүсірілім мен көрсетілім тарихында ең көп кассалық жиын-терімге қол жеткізген «me far, wherever you are» болмас болар еді. Қалай еді әлгі, кіндігіне ана айдахардың жалын ұштастырып, «шу жануар» деп қанат қомдай сеңгір көкке ұша жөнелуші ме еді? Фантазия кемеріне сыймай тұр ғой. Дегенмен Камероннан асып түспесе, кем соқпайтын фантаст қазақ туралы құлақ естіді, көз көрді. Қалай дейсің ғой әлбетте ки…

Әлгі ортарақтағы орныңа ыңғайласып жайғасасың. Превью бөлімде «көрежек» туындылардың таныстырылымы болып біткесін межелі фильм басталады. Бәрі кеп-кереметтей-ақ: Пандоралық На’виліктердің қатарына қосылған Джейк Салли өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып келе жатады. Нейтири есімді Пандораның сұлуына «құлайды». Сезім тулайды. Нейтиридің «атастырып» қойған жігіті Джейкті ә дегеннен-ақ «жаратпайды». Шиеленіскен сәттердің бірінде Джейктің түп-тұқияны кім, не екені әшкереленеді де, бүкіл солжерлік қауым қарсы шыға келеді. Әлгі атастырылған жігіт жұлып жейін деп тұрған сәтінде Нейтири сұлу асқан өжеттілік пен шын сүйген ері үшін жанқиярлық танытып, «ыррррр» етіп әлгінің жолын кескестей қалады. Ойлап қараңызшы, қыз өзі «атастырылған» жігітіне қарсы шығып, шын сүйген жігіті үшін жанын пида етуге татитындай қайсар да өр мінез паш етіп тұр емес пе!!! … Дәл осы сәтте ғой, мүлгіген тыныштық орнаған залда ең алдыңғы қатарда отырған бір жігіт орнынан атып тұрып, сұқ саусағын әлгі хас сұлуға «шошайтып» тұрып: «Әкесінің аузын, маған тура осындай қыз керек!!!» деп қойып қалады. Бүкіл залдың ішек-сілесі қатады. Ары қарайғы көріністерде кинокөрермен әлгі фантасттың суырып-салма мінезіне қайран қалумен пыш-пыштасып отырады. Ал негізі, «Аватар» жақсы кино.

Ілмек: , , , ,

1 жұлдыз2 жұлдыз3 жұлдыз4 жұлдыз5 жұлдыз (4 дауыс, орташа есеппен: 4.00 / 5)
Loading ... Loading ...

10 пікір жазылған

1.  2020
10 Қаңтар 2010 - 12:13 pm

Ия, жақсы түсірліген. Тіпті керемет.

2.  urimtal
10 Қаңтар 2010 - 1:01 pm

Киноға тым беріліп кеткен ғой, әсілі :)

3.  Аршат
11 Қаңтар 2010 - 3:11 am

сценарийі қарапайым ғой. атастыру, басқа біреуді сүю, оны қорғау, бла бла бла…
сонда несімен ерекше бұл фильм?

4.  Gastarbaiter
11 Қаңтар 2010 - 3:27 am

Фильм бүкіл рекордтарды бұзып, қыруар ақша таубатын кинолардың ішінде критиктердің ең жақсы бағасын алған фильмдердің бірден бірі.
Көбіне касса бұзар фильмдер критиктерге ұнамайды.

Дегенмен фантастикалық кинолардан оригинал сценарий талап ету, артхаус фильмдерден арнай әсерлеуіштерді, жарылыс эпизодтарын талап етумен бірдей.
Фантастикалық кино қарапайым классикалық сценарийді керемет жүзеге асыра алса, адамды ақ матаның ар жағындағы өтірік дүниеге екі сағатқа болса да сендіре алса, бұл дегенің жетістік қой. Ал Камеронның Аватары бұл тұрғыда тас жарып, тау сілкіді деуге болады.

5.  Тупак Амару
11 Қаңтар 2010 - 9:59 am

3D-сына барып алып, жөнді әсер ала алмадым. Сценарий, сюжеттері кәдімгі американдық кинонікі. Басқа фильмдермен (Суррогаты, Район №9) ұқсастықтары да жоқ емес. Жалғыз қуантқаны Пандораның табиғаты болды.
Қалада он бес жыл жүріп, кинотеатрда көрген екінші фильмім еді :)

6.  Нұрғиса
11 Қаңтар 2010 - 11:12 am

Можантопай айтқыштар ойлап шығарыпты: “Аватардағылардың” USB жалғауышы керемет екен деп :) :) :)

Бойлары сорайған ұзынтыралар екен ә, бірақ… “Я тебя вижу” дегені қазақтың “Мен сені (жақсы) көремін” дегенімен үндес келетін тәрізді…

7.  Qazaq
24 Қаңтар 2010 - 1:59 am

“Avatar” soz’ joq jaqsi tusirilgen kiyno!Oz’ basim ahilshin tilindegi nusqasin korgenmin.Oris tilindegisi onsha emes awdarilhan(dawistari da saykes kelmeydi).
Shirkin,Qazaq tilinde Avatardi koretin kunimiz bola ma eken?!

8.  Нұрғиса
24 Қаңтар 2010 - 3:08 pm

Qazaq tiline jahse awdarilsa kerek, sebebi kiynoda “Men seni (jahse) koremin” deb aitade goi.

9.  Symbat
12 Ақпан 2010 - 4:53 pm

Bul indeecter goy, Amrikani otarlau taryhin korsetkendey. P.S. Indeecter türki bauirlar deydi goy :roll:

10.  Салтанат
7 Наурыз 2010 - 2:55 am

Сәлеметсіз бе,Нұрғиса! Сіздің сайтыңыздағы өзге бір басылымдардан аударылған “Айналайын Жыл құсым!” атты суреттерді сөйлеткен еңбегіңізді біз өзіміздің басылымға жарияласақ болады ма? Сілтемесін, аты жөніңізді міндетті түрде белгілейтін боламыз. Қалай қарайсыз? Ұсынысымды қабыл етсеңіз, менің тіркеуде көрсетілген жеке поштама жауабыңызды жазып жіберіңізші! Сізден оң жауап күтемін!!!

 

Пікір жазыңыз

Аты (*)
Mail (жарияланбайды) (*)
Сайт
Мәтін