269 рет оқылды

Кім айтты саған,
Ағылшын тілі қазақ тілі бола алмайды деп,
Аудармашылар көп алдайды деп,
Кенже, өгей күйді кештірсең
Төл тілің жоғалмайды деп…

Тіліңнің құдіретіне ешкім сенбесе,
Сенікі емес, өзгенікіне терлесе.
Тірідей көміп жерлесе,
Онысы ірілік емес, ендеше…

Ағылшын тілі мен қазақ тілі арасындағы базбір коррелятивтік үндестік заңдылықтарын бірлесе тиянақтылап көрейік:

Did the dog know it?Ит біліп пе?!
Head of your grandfather!Атаңның басы.
Oi! Buy late too Ойбайлату
Бажа Tatooбажа тату
SMSес емес
Whatне
Thatзат
What’s that?Не зат?
Your bunny wroteСіздің көжегіңіз жазыпты…
See youсүю
I see youМен сүю
I sew looАйсұлу
All bus teaалбасты
Korean case earкөрейін қазір
Key youкею
Call cow youқол қою
My Jey sin boa?Май жейсің бе?
Door us tap ok!Дұрыстап оқы-ей!
It yeah ken sinит екенсің
How are you doing?Қалай істеп жатырсың?
How do you do?Негізі, қалай істейсің?
Cash, cash!Қаш, қаш!
Q mash! - Қумашы!
Thai yak J thing!таяқ жейсің!
What said beautiful were you!не деген көркем едің!
Cock core penny bulk you’ll debt youКөк көрпені бүлкілдету
Таяқ тастасаң аудармашыға барып тиедіКуда палку не кинь, попадет в переводчика.

1 жұлдыз2 жұлдыз3 жұлдыз4 жұлдыз5 жұлдыз (7 дауыс, орташа есеппен: 4.43 / 5)
Loading ... Loading ...

19 пікір жазылған

1.  Akzere
12 Қаңтар 2010 - 11:28 am

О, Нұреке, мынауыңыз нағыз тапқырлық екен… :) Жарайсыз!

2.  Gastarbaiter
12 Қаңтар 2010 - 11:30 am

Сhin I Tyson boa?&)))))
Мына сандырақты қалай атадың? “Кореллятивтік үндестік заңдылықтарын бірлесе тиянақтылау” дедің бе?

Q mash Нұрғиса;)) Ең қатты күлдіргені сол сандыраққа таққан Тіл жанашырлық желеуің…Себебі айналып келгенде дәл осы салыстырма жазбамен Құдіретті Қазақ Тілін ағылшын мен орыс тілінің көтіне тығып, жерге көміп, үстінен күрекпен топалап қойғандай болдың. Дөрекілеу болсам кешір. Ұйқым қанбап еді.

3.  Нұрғиса
12 Қаңтар 2010 - 11:34 am

Гаста, сен барып біраз ұйықтап келсейші. Демал дегенім ғой :roll: ;)

4.  Жазира
12 Қаңтар 2010 - 1:00 pm

))) Күлкілі! Осы тақырыптықолға алып, тереңірек зерттеп ғылыми атақ қоғап шығарсыз!Бәлкім!)))

5.  өрімтал
12 Қаңтар 2010 - 2:44 pm

Негізі мен де кішкене ұғыныңқырамадым, Нұреке :( Кейбір мысалдар шынымен де дыбыстық ұқсастыққа орай болғанымен, кейбіреулері қандай ұстанымға негізделіп жазлғанынын түсіне алмадым. Мұндай ұқстықтарды кез келген тілден табуға болатын тәрізді. Себебі ұқаса дыбыстар бәрінде бар.
Қисық ой: Ең алғаш бесінші сыныпта ағылшын тілін үйреніп жүргенде: My, all, ball дегендерді естігенде қазақ тіліндегі май, ол, бол дегендермен байланыстырып жаттайтынмын :)

6.  Нұрғиса
12 Қаңтар 2010 - 2:48 pm

Өзімнің қаламдас со-әріптестерім түсініңкірер :roll: Қысасып қалған догма емес қой, траекторияны аздап құбылтыңқырау сияқты бір кампания. Әйтпесе, “бас”, “кет”, “бол” деген қазақ, тиісінше “баскетбол” ойынының арғы атасы да қазақ деп орынсыз бөскісі кеп тұрған мен емес ;)

7.  Аршат
12 Қаңтар 2010 - 4:39 pm

Құрдас, Гаста мен Асхаттың саған айтқысы келіп айта алмағаны: “низачот” ау деймін. солай деп айтқысы келіп айтуға ұялған ау деп пайымдап отырмын :)

кезінде мындай да никім бар ед: “Ur Shutt” :)
айнұр деген қызбен типа жүріп жүргем, сол кезде оған “I noor” деп жазатын едім.

айтпақшы түріктерде де осындай приколдар бар:

I run each team – Ayran içtim
Has sit there – Ha sittir!

8.  Нұрғиса
12 Қаңтар 2010 - 4:43 pm

Уот, уот, тамырын басайын дедің аздап :)
Зачот, незачот үшін емес қой. Жай, түрткен нәрселер екен. Біреуге қызық, біреуге қызықсыз. Бәрі, мысалы, Мәдина Сәдуақасованы ұната бермейді ғой. Сол сияқты шығар :roll:

9.  Аршат
12 Қаңтар 2010 - 4:54 pm

маған қызық :) саған жаңа Джитолкта жазғандарымды жазайын ба? :)

10.  Нұрғиса
12 Қаңтар 2010 - 4:56 pm

Ur Shutt, әр нені аңдап басалық. Жерде жатқан кей кебу бұтақ тақ-тақ етіп жазатайым сынса сұрауы кімнен? Опшым ұғыныстық деген ой менікі :roll: Ал былайша, Гаста жаман бала емес ;)

11.  өрімтал
12 Қаңтар 2010 - 5:18 pm

Со әріптес болмай қалдық оу… Alas! Alas! Alas! ^ _ ^

12.  Gastarbaiter
12 Қаңтар 2010 - 6:39 pm

Асхат, әріптесінің түрі мен ғо:))))))

Ал ұйқымды қандырып, дем алып кеп, енді қарап отырмын.

Былайша қатардағы адамдар сұмдық гениалды бірдеңе жазбаса , әшейінде жұрт қыртқа қыстырмайд.

Нұрғисадай веб-тұлға әлденені шытпақтай салса, жұрт дым түсінбесе де, инерция күшімен “алақайлап” кететіні бар ғой.

Өзің кінәлі, жұртты сапалы жазбаға жаман үйретіп қойған:))))

13.  2020
12 Қаңтар 2010 - 10:39 pm

Мектепте бесінші сыныпта ағылшын тілі пәні қосылған еді.
Бір күні сабақта бір қыз текст оқып тұрып дәл I am… деген жазуға келгенде am-ді оқымай тұрып қалды. Мұғалім “Әй, оқысайшы!” деп ұрсып жатыр, ал анау болса ниқұя оқымайд.
Ол да осындағы жоғарыда айтылғандар секілді сол жерде бір ұқсастық тапқан болса керек.

14.  Нұрғиса
13 Қаңтар 2010 - 9:46 am

:) Асқарбай, есіме тек ана бір өлең жолдары орала береді, неге екенін… “Көбелек кінәлі, көбелек кінәлі” дегенді естуің бар ма еді? Өлеңді айтушы жігіттердің өздерінің сөзіне қарағанда жаңадан шыққан мегахит сияқты… :roll:

15.  Gastarbaiter
14 Қаңтар 2010 - 12:08 am

Көңіліңе алма, Майкл Джексонның де нашар өлеңдері бар ғой:)

16.  Нұрғиса
14 Қаңтар 2010 - 9:10 am

Сен енді перфекционист, кезінде әбден озат боп үйренген бозбаласың ғой Асқарбай. Титімдей мінеу сөз тиісінше адамды аздап қажауы мүмкін деп түйсінетіндейсің. Бірақ сендегі асқан парасат пен ұстамдылық нашар, жақсы деген өлшеммен шектеліп қалмауы керек. Өсе, көре келе болатын жағдайлар ғой. Біз күтуге бармыз, неғыса :roll: :) ))

17.  Ардак
24 Қаңтар 2010 - 5:31 pm

ох НҰРgаyC.A. сіздің де таппайтыңыз жоқ.

18.  Simona
24 Қаңтар 2010 - 9:07 pm

Мен әжемді (негізі бізде әжеге Апа дейді) “апа” да демейм, “әже” де демейм- Дәумама деп атайм ;)
Атам ұрысатын, “Дәумама” деген не сөз, “Апа” деп айт деп :) Қазір аударсам- “Дәумама” деген ағылшынша- ГРӘНДМАның тікелей аудармасы екен ғой, қайдан біліп айтқам десейш :-P

19.  Fatih
6 Ақпан 2010 - 3:35 am

Çalışmalarında başarılar dilerim.

 

Пікір жазыңыз

Аты (*)
Mail (жарияланбайды) (*)
Сайт
Мәтін