
Төрткүл дүние түйдектесе сансыз түйткіл, сұрағын
Талаптан да, дүлдүл болып суырыл алға, пырағым!
Төраға ғып тәжді саған ұсынғанда ОБСЕ шырағың
Төрт «Т» болсын ұстанатын ұраның:
Trust – сенімің, иықтассаң үрейленбес болуға,
Сеніміңе селкеу түспей, орта солай толуда.
Tradition деп дәстүріңді қору керек әмәнда,
Түбірлерден тайқымауды сіңірте бер ғаламға.
Transparency – әрбір неде жасқанбайтын ашықтық,
Өз-өзіңді туралыққа дағдыландыр машық қып.
Tolerance’ың төзімділік: әр алуан мәдениетті ғаламда
Сыйластықтың сөзсіз парқын бағамда.
Ымыралас, араздаспай қаскөй бұқпас заманда,
Бір жұдырық болу керек жат пиғылды жаманға.
Ақ, қарасың, қызыл, сары, басқасың
Сен тұлғасың жаһандасқан қоғамда.
Өр мінезің, асқақ рухың сіңген ата қанымен,
Өзге саған тізгін берсе, бұның, қалқам, мәні кең.
Абыроймен атқарса игі, бұл да сенім, аңдасақ,
Аражігін ажыратар Тарих төрем әлі ертең..
P.S. Еліміздің ЕҚЫҰ-на төрағалыққа отырардағы айшықтап алған “Төрт Т” басым бағытына қатысты жазылды.
Ілмек: ЕҚЫҰ, төрт Т, ұстанатын қағида

(4 дауыс, орташа есеппен: 4.75 / 5)


БАЖ!
жақсы екен, жаңа естідім осыны.
Мынауыңды газетке берген де шығарсың? Ұйқасының шабысы өз алдына, кезеңімен үндескен мағыналы дүние болыпты.
Жоға, Гаста, бұл жаңалық кеше түстен кейін жария етілмеді ме?! Темірді қызған кезінде соққан кейпім ғой. Датасы есте қалсын деп түрте салған ниет еді бар болғаны. Жоғары бағаң үшін рахмет, халқым! Гаста, сені халқым десем ренжімейтін шығарсың, иә?
Тусовка
Торговля
Транспортировка
Таможня
бұлар бейресми кездесулерде болатын движениелер
осы тақырыптарда сөйлесіледі
еліміздің негізгі тілі орыс тілі болғасын солай жазуды жүн көрдім
XXI ғасырдың жырауларына жатқызамыз ба сізді!
Иә, Аршатты сөзсіз солай жатқызу керек.
Айтпақшы, қазақтың бұдан өзге де “Төрты Тысы” барын ұмытпалық. Төрт түлік дейміз оның атын. Осындай ТТлар бар қазақ диалектінде.
Жалқы мен жалпыны айыра білген дұрыс, әйтпесе, Қазақстанды Шымкент деп атайтын күн тууы мүмкін:)
Бұны есек пен зебраны айыра алмайтындарға жолдап отырғаныңды түсінсем де, утописттік сарыуайымға өрімдей жас боп алып неліктен салынып отырғаныңды түсініп көру мен үшін қиындау, қатардағы жауынгер Базарбай
бізде Тринка деген карта ойын бар, сонда ТТ деген ұғым бар, ол – екі Тұз деген сөз
Алты картаның (Дурак подкидной) төрт тұзы деген ассоциациялар пайда боп жатыр да
Өлең үшін дүйсенбі, яғни базар жоқ!
Нұрғисаш, сен өзің алдымен айырып алшы, мен халықпын ба әлде қатардағы жауынгермін бе? Әлде қатардағы халықпын ба? Әлде халық арасындағы жауынгермін бе?
Сосын білген блогыңды жей бер.:) Уайымы несі, шымшымаңды түсінбегенім айыбым ба?
Сен өзіңнің кім екеніңді айырып біле аламай отырсаң маған не салық саласың, Гастажан-оу. Осы тұста сені әсіресе аядым

Мен үшін басы бар інішектің бірісің. Ол баста шаш болуы міндетті емес. Мидыкі – міндет. Ал сенікі – міндет емес. Менікі де. Бірақ шымшыған жоқ ешкім. Әлде қытықтан қорқасың ба? Сен қатардағы халықтың қатардағы жауынгері емес пе ең? Не ғой… Блогты жеп қойды екен деп жерді екі аяғыңмен тоқпақтамассың… Ал негізі, Буркино Фасо пұдболдан толық нөл екен
Нұрғисаның аялы алақаны…жоқ дұрыс бастамадым..
Нұрғисаның аялы аяғы…тіпу тағы дұрыс емес.
Нұрғисаның аяған түрі…о-о-о-..міне…Монитордың ар жағынан менің жан күйзелісімді түсінетін сен ғана…
Үххху..үһһууу..(өкіріп жылаған смайлик)
Үшінші размерден кішісі жарамайды:)
Тәбетінің шапқышын…