
Дәл сіздің мекеніңіздегісін қайдам, бізде қыс қаһарына кәдімгідей мінгесіп алды. Сарыарқа төсіндегі тұңғыш қыс болғасын осы бір қызықтарды күтеді екенсің ересек күйіңмен. -35’тің Астанаша нобайы: көлігін жабулы паркинг емес, аулада тұрақтандыратындар сағат сайын қыздырып отыруы шарт, шарфты мойынға емес, бетке тағады, небір сәулетті ғимараттардан будақ-будақ түтін түтетіледі автономды жылу қазандықтары іске қосылып, «подштанниксіз» ердікі қиын, шалбарасты қам-қарекетке бей-жай қалмауы шарт…, қалада тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету дұрыс жолға қойылған, жұмысыңа жеткенше кейде бет қызарып, бөртіп кетеді екен. Үшәй-әй! АҚШ-тың экс елшісі өткенде баскентімізді әлемдегі ең суық астаналар қатарына қосуында «демократиялық бір шындық» бар… Бүгін православиеде суға түсетін күн екен. Мынандай қытымыр аязда ол қалай жүзеге асарын елестету қиын. Наурызды күтесің. Былтырғыдан бастап ресми үш күн тойлатылады, тойланады. Биылғы күнтізбе Наурызды мерекелеуге білдей 5 күн бөліпті, пәлі! Мына суықта малта езіп, суын ішу бір абзал. Бір жерден құрт алып езер ме еді… Тар қапас кеңседе құрықталып, шайға сүт қатып соны жанға медеу қылған менде жазық жоқ. Бірақ әз Наурыз көп ұзамай салтанат құрарын сеземін. Мынауы – өткінші…
Ілмек: ақ қырау, басқан жері сықырлап, малта, нәпитөк, құрт


(6 дауыс, орташа есеппен: 3.67 / 5)


Күн аяз болған соң, Астанада қазақ тіліндгі wordpress.com блогтары істеп тұр ғой деймін
қалай 5 күн? оО
22, 23, 24 наурыз тиісінше дүйсенбі, сейсенбі және сәрсенбіге тұспа-тұс келеді екен. Бұлар былтыр жария етілгеніндей, “қызыл күнтізбе күндері”. Бұған 20, 21 – дәстүрлі сенбі мен жексенбі күнгі демалыстарды қос. Қателеспесем, математикалық “ықшамдау” бес күндік демалысты кесекөлденең ұсына салады….
“Қызыл сиса, ақ сисаның” кезіндегі ауа райы қазіргімен салыстырғанда жаз сияқты боп қалған шығар? Әлде айырмасы жоқ па?
Wordpresske не болған????
Ол кезде -25′тер еді. Қазіргі отыз бестің әуселесі сойқан… Ойхой жиырма бесім-ай
Ал вордпресс… Білмеймін, бүгін бұны төртінші адам сұрап отыр. Соған қарағанда шынымен бір нәрсе болған ба деп қалдым…
Атырауда да кыс каhарына м1н1п тур…
Бұл қаһарлы қыста да өкімет көрегендік пен білгірлік таныта алды деп ойлаймын. Әсіресе Божкоға қолының суалмауын тілеймін, иншалла!
Бұл суықтан дәруішөлгенде біраз дәруіш үсіп өлген шығар
Аязды күні және жер тайғақта абай болыныздар http://problogger.kz/pro/pro-ex-ayaz-ayayaz-sa%D2%9Bty%D2%9Bta-%D2%9Borly%D2%9B-zho%D2%9B.html
Қыс аязымен қадірлі, Жаңа Жылдағыдай еріп жатса не істер едің… тек ұзамасын де, 5 күн демалыста қар аршып жатпайық
Гаитиде тағы жер сілкінді, Қожамсейтов күннің суығын Ирактағы бір скважинаның өртенгенінен көріп еді http://www.zhasalash.kz , енді Гаитиден көрер ме екен…
Астананың суығын білмим, Аягөздің тесігі бар дейді үлкендер. Жарықтық аязбен қосып боран да ұлып тұр. Мүлдем шыдатпайды. Ауылды жерлерде боранның болатынын білмей малға шығып кеткендердің біразы үсіп өліпті:(
Алдыңғы боранда ауруханада жатып сезбеп едім. Тамақ әкеле алмаймыз боран больницаға қарай жолды жауып тастады дегенде іштей ренжіңкіреп қалғандай болып едім. Енді өзім мына боранда жұмысқа барған сайын бекер-ақ ренжіппін деп жүрмін:)
Оһо, Семейің мен Өскемендерінің суығы бөлек аңыз емес пе еді, Мәрияш? Борандатып жұмысқа бару да өзінше бір романтика шығар деп пайымдап көрейін. Өткенде Атыраудан іссапарлатып келген бір әріптес жатақжайынан жұмысқа таза ауалатып жаяу жеткенше құлағы үсіп қапты. Онысын “Спаниельге ұқсайын дегесің бе?” деп жұмыстағы ұжымдастар тиісіп қоймағасын ғана байқаса керек. Ертесіне қымтанып кепті.
Алматыдан биттің қабығындай пальто киіп, жұқа орамал тағып барғанда класстастарым мүсіркей қараушы еді. Поездан түсе сап сары қақпаға кіретінбіз де, каникул өткен соң сары қақпадан поездға бірақ шығатынбыз:)
Ата-анамыз да ол киіммен ары бері жаяу жүргізе бермейтін еді. Өткен қыста Жадыра мен жолдасы келіп еді. Амандасуға барған мені алғашында танымай қалды. Баяғы жұқа киім жоқ ұмытқалы қашшааан, баста бөрөк, үстімізде тұлып дегендей:)
Менің бір жерлес құрбым Алматыда жайма шуақ қыстың күні тек біздің суықта киетін құлақшын мен тонды киіп корпусқа келгенде, бір қыздың музей экспонатындақарағандай таңырқап қарағанын көргенде жаман күлгенім бар:) Ол ол ма Қызылордалық группаласым “кетші бар сендер де сондай бас киім кие ме? мен оны тек мультфильмдерде ғана күлкі үшін салып қойған шығар деп жүрсем ” деп қатырған:)
Мұрны үсіп, кірпігіне мұз қатса көрер едім мүсіркегенін, деп Аршат “мұрнын” жяяяяқсылап тұрып тартып алған дейді…
Астана аяз ба әлі? бұйырса жұма күні келемін
Бүгін -33. Әуселесін келе көрерсің. Көре бер, Аршат. Көсем боласың бір күні
Бірінші келген адамға Астананың аязы ұнамайтыны рас. Бірінші курстарда үйден шықпай жатып алатын едік аяздарда)))
Қазір шыңылтыр аязы ұнайды. Қапырық жаз бен қарасуық күзінен кейін сағынып жетем)) Қыс болғасын көп қар, аязы мен бораны болған жақсы ғой. Сонда жаз да ыстық болады дейді азы дуалылар.