
О баста сөз сүйемелдеуінсіз қалай болар екен дегендей едім. Фильмнің моральдық, бейморальдық «қасиеттерін» тықсыра тұрып. Киноның жалпыхалықтық сипатты болуынан шығар, мәртебелі тұлғалар бірі даттаса, бірі шашбауын көтерді. Бүгінгі білгенім қазақтың «Келіні» «Оскардың» «үздік шет елдік фильм» номинациясына іліккендердің жартылай ақтық мәреге сұрыпталғандары арасында. Ақпанның басында үздік тоғыздың бесеуі келер сатыға жолдама алады екен. Бәсекелестер ішінде «Пророк» бар. Фильмді қарағандар бейнормативті лексикаға тұнған оның шын мәнінде ортанқолдан жоғары композиция екеніне келісер, бәлкім.
Кішкентай да болса бір жеңісті керектіру өмірдің алуан-алуан қырында ұшырасып отыратын заңды қажеттілік. Мүмкіндігінше кинопарктарымыздағы премьераларды қалт жібермеуге тырысатындардың бірі менмін. «Атышулы» деген анықтауышпен қосарлана айтылуы дағдыға айналып үлгерген «Келінді» алғаш қарағанымда, шынын айту керек, «қызық» көрінді. Қазақ киносында жайшылықта кезіктіре бермейтін тың көзқарас, бұрын-соңды қолданылмаған приемдарға жайбарақат қарап отырмайсың ғой, болса да. Әмеңгерлік – иә, ол төл тарихымызда бар жағдай. Ешкі дәнекерлігімен құмарын қандырған баланың эпизодын продюсерлік фантазияға, «фильм міндетті түрде қазақ ұлтына қатысты жағдай емеске», т.с.с. шегере салуға болады. Фильм пәстікті, хайуани инстинктті ұран етеді деуге де болар еді. Білмеймін, кібіртіктеп отырсам да, «Келінімізді» көмушілерге жатқызбайды екенмін өзімді, байқағаным.
Осылайша, «Келін» дүйім жұртқа сәлем салды. Оны қабыл қылу я қылмау бізге тиесілі. Ол саларын салып қойды…
Полемика көп. Бірақ барлық продюсер мен режиссер міндетті түрде бір өрбу траекториясын кезе бермесі әлімсақтан белгілі.
«Таяқ жейтін бала атасының сақалымен ойнайды» дейтін бізбіз осы. Ешбір атаның сақалына жармасқан көргенсізді көргем жоқ. Енді қызығы, түбі не боп бітер екен… «Хатико» болу қайда-а, дегенмен…
Ілмек: "Оскар", моралистика, әмеңгерлік

(4 дауыс, орташа есеппен: 4.00 / 5)


Шынында да бет шымшырлық фильм екен. Етегіңді көтеріп алған Оскары құрысын! Алаштың арысы Нұрлан Өнербай байбалам салмағанда, үй ішіммен көргелі жатыр едім. Енді бетін аулақ қылсын! Көрінеу көргенсіз фильмді жарнамалаған Нұреке, Сіз де қызық адам екенсіз.
Анау “аты өшіп” бара жатса, Филипптер де жөн-жосықсыз репортерлерді жерден алып, жерге ұрады екен ғой. Әлде “Келіндікі” сондай бір пиғыл ма екен дейтіндер де табылады әлбетте, білем. Ал үй ішіңмен көрмеген сенің айың оңыңнан туған екен
Ал “Оскар”… Ол тек сенің емес, басқаңның да басқа да жерлерін жалаңаштап берді емес пе? Бірақ, компенсация ретінде онысы үшін саған атақ-даңқ нәсіп болады да, э!
Жалпы, шынымен де осы киноны жақтағандардан гөрі даттаушылар жетіп артылады. Әрине, әр режиссердің өзіндік дүние танымы өзгеше, бірақ ертеректегіі салт дәстүрімізді осылай көрсеткеннен не ұтамыз, ал Оскар алсын, сонда осындай туындымыз Оскар алды деп қалай ұялмай айтамыз…
Түсірген жігіттің К+ телеарнасынан интервьюін көргенмін, сабазың қиналып отырған жоқ нақ бір Титаник түсіргендей.
Қазақ кино өнерін Шәкен ағаларымыздың ізін ала отырып дамытсақ та бәріне үлгереміз.
пысы: 4-5 жыл турасында шығар, бір жігіт авариядан қайтыс болып, оның жесірін әмеңгерлік жолмен інісі алды.
Енді дәл сол Аймановтай түсіре алатындар жоқ болғасын қайтпекпіз? Барымызбен базар болып отырған күйіміз…
хммм… қазақ журналистерге бір екі айға азық болайын деп тұр ғой бұл тақырып
Келін толқыны тағы басталыватыр дисің ғо
Түгі де жоқ бүкіл семьямызбен көріп, тиісті бағасын бердік. Барлығымыздың пікіріміз түйіскен жер, ол колорит, киімдер, таспаның сапасы, ым-жыммен түсіндіру, жабайы заңдар…
Жылтраған көт, жылт еткен емшек, ұятсыздық іздеген адам әриен табады:))
Бірақ бізге басқа жағы қызық еді.
Атышулы “Келінді” мен де көріп шықтым. “Оскарға”ұсынылып жатқанында білеміз. Дұрыс қой, өтсін, ұтсын, тиісті сыйын алсын. Тек ертеңгі күні “біз тек осындай дүниелермен ғана алға шыға алады екенбіз” деген ой туып,осындай, тіпті, бұдан да бетер туындылар көбейіп кетпесе етті. Онсында осы киноның соңын ала бере “Қайрат-девственник№1″ фильмі де жарыққа шықты емес пе? “Бұл да өнер ғой” дегенімізбен, біздің тәлім тәрбиеге бұл сай келе қояр ма екен? Соны ойланып көрелік…
Гүл-Бақыт, енжар күйі жатып сынау оңай іс, өз басымнан білемін. Бірақ “осындай” дүниелермен ғана алға шығады екенбіз деген ой тумас үшін, басқа бағытта шебер туындылардың шығуына үлес қосуға кім, немесе не кедергі?
Бұл жерде журиктер мәселесі жалаңашталып қалғандай. Өз көзқарасы жоқ қасқалар Нұрлан Өнербайдың соңынан, Парламенттен шыққан үн ғой деп, рефлекс бойынша зарлап қойып еді, ал бұл Оскардың ширек финалына дейін шығып, қатырып кетті )))
Журиктер тоқырауда, айтпайын десе, осындай жүлдеге осынша жақындаған алғашқы кино, оның қасында Сарыөзен мектебіндегі тоғызқұмалақтың қорытындысын да жазып жүр ғой. Айтайын десе, гаккууу: атойшылардың арғы позициясына өтіп кетті… Ох, бейшара журиктер!!!
Жана шыкканның сыналуы адамға тән. Оның солай ғана жарнама болатыны сөзсіз, Келін жақсы кино, бір уақыт өткізуге болады.Үнсіздігінің өзі үлкен тапқырлық. Жарайсың, Нұрлан! Ұлт туралы айтатындай дәнеңе жоқ бұл жерде. Жалтыраған жерлер көрініп жатса табиға дүния, одан көкесінде көрсетіп жатыр.
Үлкен атаққа жету үшін, көптеген қыртым шыртым сын болу шарт.
Ойбай, жалаңаш қыз былай тұрсын, басын балтамен жарып, ішек-қарынын қуырып немесе тіптен шикідей жеп, одан қалса тірідей аяқ қолын аралайтын фильмдер бар ғой. Сондай фильмді ұялмай-қорықпай ақ көреді, “Келінге” келгенде немене әлдеқандай боп қалады осы жұрт?!
Симона, көрдің бе, Алман асып, басқаша ракурс, басқаша қырдан қарап отырсың. Ал локальді қазанда бұрқырап жатқан біз абдырап қалдық. Әйтпесе, кинода емшек көрмеген біз емес ек…
Түк даурығатын ештеңесі жоқ еді, қайта киноға пиар жасалды ма деймін. Тың дүниеге қырын қарайтынымыз рас және бір жағынан. “Оскарға” тоғыздыққа жеткеніне қуанып отырмын, финалға жетсе, ішіп кетерміз.
Өй, соңғы кездері қайда барсаң да Келін болып кетті осы…
Мұсылмансыңдар ма?Не зат мынау?!Жалаңаш кино құрысын.
Айтқандай, “Келініміз” үздік бесттіке ілінбеді. Енді қажет деп табушылар “ууф” деп демін ішіне ала берсе болатын сияқты. “Foreign Language Film” номинациясы шеңберінде келер сатыға сұрыпталғандар:
“Ajami” Israel
“El Secreto de Sus Ojos” Argentina
“The Milk of Sorrow” Peru
“Un Prophète” France
“The White Ribbon” Germany
Осылай екен.
Жақсы фильм.
))
Таныстарыма жарнамалау үшін “ішінде ешкіні нетеді” деп айттым бір-екі рет. Барлығы көшіріп алды бірден
Ну казактар, етекти ашсак та “Оскар” буйырмапты! сабак болсын карапайым халыктан “денгейи жогары” режиссер мырзага! Америка ашкандай болып жур еди…
Наз, Келінге Оскар бұйырмаса, демек ол режиссердың деңгейі Американың Киноматографиялық өнерлер мен ғылымдар академиясындағы адамдардыкінен де жоғары болғаны ғой.
))