2,086 рет оқылды

Бір нәрсені жақсылап түйсініп алу мақұл. Тар құрсағын кеңітіп, сені дүниеге келтіретін тас емшегін жібітіп, сені әлдилеп-аялайтын анаң. Туылатын – сен. Тиісінше, «туған күніңмен!» деуден гөрі, «туылған күніңмен» деу семантикалық, табиғи заңдылыққа қайшы келмес болар. Керек қылсаң, түп дұрысы сол. Шығыс құттықтау адрестің бірінде менен сұралғасын, «туылған күніңізбен!» деп көрсеткенмін. Аудармаға келгенде данышпан көп. Заңды құбылыс. Лезде артынша телефон шалып, «Туған күніңмен!» дегенді қате жазғаныңыз өкінішті деп түйрейді. Иә, «Ана, мені туған күніңмен (күніңізбен)» контекстінде бұл құп. «Мені туылған күніммен құттықтап жатыр. Бірақ ардақты іс – сіздің еншіңізде» дейсің. Әр нені бет-алды айтудан ілкін аракідік аражігін ажыратып тұру ешқашан ешкімге залал келтірер қырсық емес. Аңдап, бағамдаймыз. Туған анамыз да, туылған біз де…

Ілмек: , ,

1 жұлдыз2 жұлдыз3 жұлдыз4 жұлдыз5 жұлдыз (5 дауыс, орташа есеппен: 4.20 / 5)
Loading ... Loading ...

26 пікір жазылған

1.  Әлия
26 Қаңтар 2010 - 2:26 am

Анаңыз сізді туған күн – бүгін деп ойлап қалдым осы посттан кейін)) бірақ фейсбук наурызда дейді ;)

2.  Аршат
26 Қаңтар 2010 - 3:11 am

кім болса да бұрын бірінші боып туған күн деп бастап кетті, содан кейін осылай қалыптасып қалды. енді өзгеруі қиын…

3.  Нұрғиса
26 Қаңтар 2010 - 8:56 am

Қалыптасып қалған құбылыстар көп. Кейде “шынайы шындық” аласаламасын деп түзетемін дейтіндей мүмкіндіктер туып жатса, оны қалт жібермеу керек-ау :roll:

Ал негізі, наурыз жақсы ай. Ағылшындар оны “New Rose” (ньюроуз) десе керек.

4.  өрімтал
26 Қаңтар 2010 - 9:40 am

Маған салсаң, “Жаңа жыл жарылқа, ескі жыл есірке!” деген сөзде де қате бар :)
Ал негізі пікірің орынды.

5.  өрімтал
26 Қаңтар 2010 - 9:42 am

пікірлерге RSS қоя саласыз ба?

6.  Тупак Амару
26 Қаңтар 2010 - 10:23 am

“Туған” сөзі әу баста “туылған” деген мағынада қолданылған болуы әбден ықтимал. Өйткені “туған” сөзі қазақ тілінде тым көп. Күнге ғана емес, жерге де қатысты айтылады (Туған жер). “Туған братан” дейтініміз де бар, одан қалса.
“Туу” деп түсініп жүрген құбылысымыздың “табу”, “босану” деген қосымша атаулары да бар ғрй, айтпақшы :)
Осы қате үшін “Дудар-ай, дудым, бір сен үшін тудым” деп ән шығарып жүрген Марья Егоровна кінәлі емес пе екен, сұлучәйні? :)

7.  Нұрғиса
26 Қаңтар 2010 - 10:32 am

Басқасымен салаластыра беруге болады әбден, әрине. Бірақ орындысы көпекөрінеу боп тұр емес пе? “Туған жер” болса ол шын мәнінде сені “туса” не айыбы болсын? :roll: “Туған жиенім, нағашым” тіркесінде де реципиент бұл жердегі “туғанның” туыстық, жақын қатынасқа қаратыла айтылып жатқанын ұғар. Сосын, жаңа жылдық құттықтау открыткаларында “Жаңа жылмен” (С новым годом!) дейтін бар да, “Жаңа жылдарыңызбен!” (С вашим новым годом!) деуші бар. Бір елі ауызға екі елі қашанғы қақпақ бола берсін :roll: Сосын барып, о баста қалыптасып кеткен екен ғой деу басталады.

8.  Нұрғиса
26 Қаңтар 2010 - 10:39 am

өрімтал, Аршаттың білетіні бар сол туралы.

9.  Тупак Амару
26 Қаңтар 2010 - 11:15 am

Маша Егоровна орыс болғандықтан, қате сөйлеген-ау деймін, шамасы :)

10.  technosyndrom
26 Қаңтар 2010 - 12:41 pm

Бұл мектептен бері келе жатқан талас еді. Алайда классиктер: “Сен туған күн, меркеңмен! Ән салайық, кел екеуміз!” деген соң… ну енД андай, ол кезде бұл апптырларға шүбә келтіру қайда…

11.  technosyndrom
26 Қаңтар 2010 - 12:45 pm

Бұл негізі мектептен бергі таласымыз еді. Алайда классиктер: “Сен туған күн! Мерекеңмен! Ән салайық кел екеуміз!” дегесін, “Құттықтаймын мама туған күніңмен!” дегесін… ну енД андай, классиктерге шүбә келтірмедік те…

12.  Джакомо
26 Қаңтар 2010 - 2:42 pm

Иә, дұрысы “Туылған күн” болуы керек. Шымкент жақта біз көбіне осы нұсқасын қолданамыз.

Айтпақшы, түркі тілдес басқа халықтар осы екеуінің қайсысын қолданады екен?
Мысалы, өзбектер де осы дұрыс нұсқасын қолданады.

Жалпы, бұндай қате тіркестер өзге тілдерде де кездеседі. Мысалы, ағылшын тілінде “Бұрыс етістіктер” деген бар.

13.  Symbat
26 Қаңтар 2010 - 3:02 pm

Мен бұрын бала кезімде осы “Туған күн” дегенге қарсы болатынмын, кейде жұртты түзеп те қоятынмын: туған емес туЫлған күн деп.. Кейін құлақ үйреніп кетті, көндім басым жұртшылыққа :lol:

14.  Тупак Амару
26 Қаңтар 2010 - 4:26 pm

Түріктер “туЫЛуды” “doğmak”, “тууды” “doğurmak” дейді.
“Туған күніңмен емес, туЫЛған күніңмен құттықтаймын” дегенді бешірлерде тілек айтушылардың фольклоры шығар деуші едім өз басым :)
“Басына күн туды”, “тоқалдан туған”, “жаңа ай туды” дегенде де “туған жер” дегендегі сияқты контексте айтылмаған шығар?

15.  Нұрғиса
26 Қаңтар 2010 - 4:35 pm

Иә, Тупакжан, рас. Бұлар “туған жер” контекстінде айтылмаған. Расы, “тоқалдан туылған” болса шарт :) Туылған күнге килігетіндей басыңа не күн туды? :roll:

16.  Тупак Амару
26 Қаңтар 2010 - 4:51 pm

Ту(ыл)ған күн туралы бірінші жазған мен емес сияқты едім, Нұреке. :)

17.  Нұрғиса
26 Қаңтар 2010 - 4:54 pm

Бірақ, туғаныңды емес, туылғаныңды мойындасаңшы, замандас-ау ;) Түріктерің доғура берсін :roll:

18.  Тупак Амару
26 Қаңтар 2010 - 6:24 pm

Не ғой, менің айтпағым — анау дұрыс, мынау бұрыс емес, жай ғана түп-төркінін түсін(дір)у еді. Сонау баста “туған” деген сөзді “туылған” ығыстырып тастаған емес пе екен деген ой да.
ПС. Туған күнге де аз қалды :roll:

19.  Нұрғиса
26 Қаңтар 2010 - 6:32 pm

Негізі сен тупак емес сықылдысың. Туылған күніңе аз қалса да… Дегенмен, Наурыз – ұлық мейрам.

20.  Аршат
26 Қаңтар 2010 - 7:54 pm

шынында да Туған жер деген де дұрыс емес сияқты ғой. Туылған жер дұрыс.

бұл туралы әйгілі марстық қазақ Саян3 не дер екен?..

21.  Akzere
27 Қаңтар 2010 - 10:27 am

Туылған не, туған не, әйтеуір сені түсінсе болды ғой.
“Бүгін менің туған күнім, о Бәле-ай” – деп жырлаған Мұхаң да бұған басын қатырмаған көрінеді…

22.  Самал
2 Наурыз 2010 - 2:04 pm

Меним білуімше оңтүстік Қазақстанда “Туылған күн” деп айтады ал Солт. Қазақстанда “Туған күн” дейді
Дұрысы 2шісі деп ойлаймын!

23.  Мақпал
11 Наурыз 2010 - 11:08 am

“Нұрын төккен маған, шуағымсың сен” деген балабақшада салған әніміздің сөзін білетін жандарға өтініш: makpal_1986@mail.ru почтама жіберсеңіздер, ризашылығымды білдірер едім. Алдын ала рахмет!

24.  Мақпал
11 Наурыз 2010 - 11:11 am

Сәлеметсізбе Самал! Негізінде Қазақстанның қай жері болмасын “Туылған күн” деп айтылу керек. Өйкені ол сіздің туылған яғни, дүние есігін ашқан күніңіз. Ал анаңыздың “туған куні”.

25.  Садикке бармаған бала
11 Наурыз 2010 - 2:37 pm

Нұрын төккен маған, шуағымсың сен
Құтты болсын мама, туған күніңмен!
ля ля ля ля ля ля ля ля ля ля
ля ля ля ля ля ля ля ля ля ля

осы жерлерін ғана білемін. бала бақшаға барып көрген жоқпын, барған Нұрғисалар жақсы білулері тиіс

26.  Сәкен
8 Тамыз 2010 - 11:27 am

Nurgisa,”tugan kun” degennen,”tuylgan kun” degen durystau siyakty…

 

Пікір жазыңыз

Аты (*)
Mail (жарияланбайды) (*)
Сайт
Мәтін