
Атырау өңірінде «сол баяғы тауық» деген тіркес бар жергілікті диалектте. «Бәрі баз-баяғыша, өзгеріссіз» деген сипатта. Батыс жақта вахталап істеген кезімізде күнделікті ішіп-жемде тауық тағамы жиі ұшырасатын ас мәзірінде. Тамаққа тізілген кезекте досың телефон соғады, «тамақтан не бар?» деп. «Сол баяғы тауық» дейсің, бетің бүлк етпей…
Сол тауық «түбіме жетіп» тынды ақыры… Жайшылықта таңғы ас бата бермеуші еді, үйге қонақ келсе бірақ тәбет ашылады екен, мәслихат үстінде дастарханыңдағыны тәнті боп жегің келеді. Бәкеңнің әңгімесі қызық еді. Шай құйып отырған мен пақырыңыз кешегіден қалған тауықты жылытып, бір тілімін жеуге оқталып жатып тістің бір бөлігін сындырып алудың кереметіне душар болдым. Жазым ғой, әйтпесе быламықтан да сынатыны кездесіп жатады ғой осы.
Ала-құла жұмысқа оқталып, асығыс-үсігіс кеткем. Мына тіл деген пәлені қоя берсеңізші, тегі жаңағы ойылып қалған шұңқырға «тиісе» береді екен. Өздігінен. Ықтиярыңнан тыс. Ойылып бітетін болды. Тіл. Осы уақытқа дейін қызарып үлгерді. Қазір қызыл тіл ол. Тауық жылы туылғандықтан ба, даттауға тілің бармайтын сияқты. Кіжінейсің ғой бірақ. Пендеуи күю-пісу мысалы. Осы тілден зәразап болдым. Ілп-ілп етіп іліп әкете береді әлгі саңылауды. Біреу мазаққа ұшыратып, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді … құрметте» деп мысқылдағысы келуі де мүмкін. Бірақ тілім мен тісім мысық пен қақпанға салынған сыр сияқты қырғиқабақтасуын доғарса қане? Әр адамдағы жеке бастың қайғы-қасіреті өз шаруасы мен «несібесі» десек те, блогқа жазып тастап, шеріңді бір тарқатып алу бақытына ие болу мәртебе-ау, ә?! Рахмет саған, тауық!
Ілмек: ауыз қуысындағы қырғи қабақ соғыс, сынған тіс, қызыл тіл




Dove-қа рахметтің мәні енді ашылғандай болды…
Кешке шығып, тіс дәрігеріне барыңыз, осы кездері кешкі 8-ге дейін істейтін болып жүр ғой… ))
Осы баяғыларда “Жоспарлаушы/нормалаушы” мамандықтары болушы еді зауыт-пәбірикаларда. Келу, кету уақыты қатаң сақталып, регламентке сөзсіз ұю үлкен талаптан туатын жағдай еді. Міне, сол нормалаушы Жәкемдер көзі тірі болса әлқисса алтыда тәмам болуы керек жұмыстан жұмыскерін сол кезде “қуып” тынар еді. Әйтпесе, кештетіп тоғыз, онға дейін кімнің отырғысы келе береді дейсің
Кір сабын – жақсы сабын.
Түбінде тіл жеңіп шығады
Біраз уақыттан кейін-ақ тісті майдалап егеп, сынғанын білдіртпей кетеді.
Тауығың арық болған-ау деймін, тісіңнің сынғанына қарағанда))
Өз-өзіңді сынап көрудің керемет мүмкіндігі! Мен сөйтетінмін. Тілімді сол ойылып қалған жерге жібермеуге тырысатынмын. Өз тілімді қаншалықты игере алады екенмін деп
Уақыт оздырмай тіс дәрігеріне барғаның жөн. Байқас бол! Жөні түзуіне барғайсыз.
менің де тістерім сынып жатыр. доғдырға барудың қорқынышын ауруға шыдай қырсықтығымен жеңіп жүрмін. бір жерім ауырса оны елемей қырсығып жүре беретін болыппын.
Валуев өзі түскен кинода айтып еді ғой “Ауру, оны адамдар ойлап тапқан, негізінде ол жоқ” деп. шынында да егер ауру туралы ойламасаң шынымен ауырмайды.
Ана тауықтарың сені мазақ қылғандай ақсиып тұр ғой:))))
Пломба салдырт, Аршаттың айтқаны неврастениктерге арналған, ал көрер көзге опырайған ақауды елемеуге болмайды.
Қырыққа келмей жасанды жақ салдырғанның несі сән??
Мына http://www.nurgisa.kz деген сайтта көп болмаймын,анда-санда кіріп-шығамын.Мәңгүрттердің сайты деген баға бердім.Қазақтың ұлы тұлғалары туралы,Қазақтар туралы жазу керек.
Сосын,орыстың сөздерін тастау керек,орыстың сөзіне еліктемеу керек.
Сенің бағаңды күтіп, зар болып отыр едік ептібайымайт.
Сонгы камент ортейд