
Сәбиттікі «Р»-ға тілі келмегесін ғой, лажсыздан Арманды «Алман» дейтін. Неміс қып қойды деп арланбайды сабазың, болса да. Логопедтер қанша тырмысқанмен, тырысулары еш еді.
Сөйлеудегі кем-кетікті тегістеу 100% сәтті бола бермейтіні бар емес пе?
Күйіп-піседі енді қашанда жанынан табыла кететін тілеулес досы Уәли. «Осы «Р»-ақ бәле болды!» деп.
«Қандай осылақты айтасыз?» дейді ғой сонда көздері шаранасынан шыға жаздаған Сәбит…
Естіген құлақта жазық жоқ. Дөп тигізіп айта алғамаған тілді де жазғыру әбестік. Барына тәубе һәм қанағат.
Әйтпесе, «осырық кетті, жел кетті, оған сенің нең кетті» деп жайбарақат нете беретін-ақ шығармыз осы жайшылықта…

(13 дауыс, орташа есеппен: 4.54 / 5)


Сурет сәтті екен
негізі дұрыс логопет болса, жөндеуге болатын тәрізді.
Бір әже өмір бойы “р”- деп айта алмапты. Және арасында “р” әрпі бар сөздерден қашады екен. Немерелері “әже, қызыңыздікінде неше ай боласыз?” деп, “бір ай” дегенді айтқызғысы келсе, әлгі әже :”отыз күн” деп тауып кететін көрінеді.
Иәә, әріпті айта алмау да қиын. “с”, “ш”-ға да тілі келмейтіндер бар
Менің інім “сиыр” деші десе, “бұзау-бұзау” – деп құтылатын.
Р-ға тілі келмей Ғ әріпімен ауыстырып сөйлейтін таныс қазағым бар. Сөйлеп кеткен кезінде француздарға ұқсап кетеді. Ал осырыққа келетін болсақ, ол әлбетте табиғи жел. Оның дауысты, дауыссыз, иісті, иіссіз, баяу, ұзақ түрлері адамдар өмірін әрлендіруде……….
ПыСы: қазақ блогосферасына жалқаулар мен мылжыңдар баса-көктеп келе жатқанын немен байланыстырсақ екен…