340 рет оқылды

Қалай барып, не көргенімізді айтып машықтандық қой. Қалай бармай, неге көрмегенімді айтып көрсем ше?

Фокуста – Наша Рашаның премьерасы. «Нәшәйникә, пезнецтің» дәл өзі. Қандай да бір алауыздық емес, ішкі менім мен өзімді тартқыштамады синема төріне. Сюжеттік линиясына, актерлік құрам мен перформансқа лағнет жаудырмайсың ғой. Көрмей жатып. Әйтпесе, ТМД кеңістігін баурап алған Галустян мен Светлаковтың бір білгені бар шығар да…

Энтертейнмент нарығындағы тәлім-тәрбиелік месседждерден гөрі, жеңілтек әжуа мен шымшытарларға түпкі аудитория боп көндігіп үлгердік. Коммерциялық табысқа кенелеміз деген энтузиасттардың ұсынған өнімінде де заңға томпақ келер тұс жоқ. Сияқты боп көрінуі мүмкін… Егер де, сценарийге арқау болған қайсыбір ұлттың намысын қайрайтындай жағдайлар болмаса.

Түу, осы дайын өнімді қайрау мен мінеу, қажау мен сынау неткен оңай еді.

Гастарбайтерлер, осылайша, бестселлердегі оқиға желісінің кесек қаһарманы бола қалды. Комедианттардың былтырлары түсірілген бір фильмінің преамбуласында «Славься, великая Русь» сияқты мәтінде бір аңдатпа бар еді. Тарихы зор халықтың ұрпағы қазіргі буынның бытырамауына, күштенуіне үндеу салады. Әлімжеттік деуге келмес болар, бірақ Тәжікстан туралы түсінік-пайымның жаңа көлеңкесін сомдайды бұл тақылеттес туынды. Ал «Наша Russia. Яйца Судьбы» қайсыбір ұлт-ұлысты әшкерелейтін кезекті а-ля Борат бола ма, жоқ па, оны киноталдаушылар сараптап көрсін…

1 жұлдыз2 жұлдыз3 жұлдыз4 жұлдыз5 жұлдыз (14 дауыс, орташа есеппен: 3.86 / 5)
Loading ... Loading ...

8 пікір жазылған

1.  technosyndrom
2 Ақпан 2010 - 10:04 am

Ресей – ия азиат емес, ия еуропалық емес ел. Еуропалықтар Ресейді ешқашан – еуропалық деп мойындаған емес, азиялықтар үшін де орыстар азиат емес. Олар қазір қатты торығуда. Мәдени тұрғыда әншейін Батыс мәдениетінің реэкспортерларына айналды. Радищевтер жылап өткен “русскость”, “самобытность” идеялары әдіре қалды.
Орыстар тек біздер үшін ғана креативті халық. Олар батыстық бағдарламарды көшіріп алуды “ұрлық” деп айтуды қойып, енді “взаимствование” деп атайды. Олар да ағылшындардың французды сыбайтыны сияқты, “зайырлы қалжың” қалыптастырғысы келеді. Дегенмен, Сіз арақтан бас көтермейтін мұжықты сомдап, камеди-шытпақтар шығарып көріңіз, қалай болар екен. Ол кезде автоматты түрде халықтар достығы арасына сызат түсер еді.
Бұл жерде Пайғамбарымызды (ғ.с.) келеке еткен дат газеті маңайындағы оқиғалар есіме түсіп отыр.Ізе-шала орыстың бір газеті соны көшіріп басып, “сөз бостандығы принциптеріне адал” екендігін дәлелдегісі келгенін айтқан еді. Ірі мұсылман ұлттары бола тұра сөйтпеді ме? Ендеше Батыстық құндылықтарға адалдық жолында, әлі де қазақ та, қырғыз да сомдала жатар. Оған ашуланып қажеті жоқ. Әбден өздерін көрсетіп болсын.

2.  Нұрғиса
2 Ақпан 2010 - 10:43 am

Ерақа, сақа пікіріңе рахмет. Жақсы айттың…

3.  Gastarbaiter
2 Ақпан 2010 - 9:49 pm

“Галустян маған ұнайды. Гастарбайтерлерге күлуге рұқсат!
ҚазНеттің бас гастарбайтері айтты. Өзіңе өзің күле білу де өнер.
Екіншіден, Галустян жинама образ, ол белгілі бір ұлтты ғана білдірмейді деп – Галустянның өзі баса айтып кеткен.

Ал арақтан бас көтермейтін мұжықты сомдау сонау Голливудтың бүлдірген “Товаръищ Драгомир, пейте водка на здоровья, Товаръиыш Медвед поиграйтэ балалайка, ” -сынды әзілдер тізесі шыққан баянға айналған.

Жаңа бірдеңе ойлап табуға болады.
Ренжу бекер екендігімен келісемін. Ренжу ең сорлы позиция.

4.  technosyndrom
3 Ақпан 2010 - 2:20 am

Менің меңзегенім мынау.
Орысты келеке ететін американдық және еуропалық дүниелерді есепке алмаймыз. Орыстар бәрібір олардың алдында мәдени тұрғыда комплексовать етед. Және советтік текетірес кезінде өздерін жамандағанға еттері үйреніп кеткен. Олардың келеке етуі – тіпті орыстарға жағады.
Менің айтпағым мынау. Қазаққа малақай мен байпақ кигіземіз. Именно – қазаққа, ұлты қазаққа. Сосын бір әзіл ойлап таптық дейік, мысалы, бөтелкені аузынан ішіп алып, Беринг бұғазынан Америка жаққа қарап тұрып айқай салсын: “Америкосы, верните Аляску, верните мать вашу! Екатерина – проститука, ошиблась баба, когда продавала, одним сладким местом думала!” деп.
Сосын осы сериалды каналдардан жіберейік. Орысша мәмбетизмді сонда көрерсің. Қазақтың бұл әзілі желкесінен шығар. Қазіргі, путинисттік империализм кезінде, осы камедиіміз үшін галстук шайнап кетеміз. Бұған жүз пайыз сенімдімін.
Ал ия, орыстың дәл сол патшайымы жылқымен төсектес болатын пронофильмдер де болған, бірақ оны түсірген – немістер. Айтып тұрмын ғой, оларға ештеңе демейді. Қазақтыкін көтере алмайды.

5.  technosyndrom
3 Ақпан 2010 - 2:24 am

Бұл пост саусақтан сорып алған мәселе емес, шынымен бар мәселе.

6.  technosyndrom
3 Ақпан 2010 - 2:49 am

Дат демеуші ме еді? Жәй, бұрыннан қадағалап жүрген мәселе еді.
Мысалы, ресейлік армяндардың иммиджін алайық. Оларды келеке еткенде де, үлкенге құрметін, кішіге ізетін ғана көрсетеді (“паслюшай, пока дед не жениться, и я не буду жениться” тағылеттес)! Алайда олардың ақшақұмар мінездері тек асханада ғана айтылады.
Енді, дәл сондай, тіпті одан да артық
ұлттық қасиеттер тәжікте де бар. Оны насихаттау тиімсіз, себебі, біріншіден – оны армянның ғана қасиеті етіп көрсетіп қойды. Екіншіден, тәжіктер дәл сондай интеллектуалдық соққы беруге қауқары жоқ.
Енді грузиндерді еске алайық. Орыстарға критикасы үшін қалай өңі айналып шыға келді, а? Кикабидзелер автоматты түрде, сегізкүндік соғыстан соң, құбыжыққа айналып шыға келген жоқ па?
Кремль ертеден-ақ мынадай итаршыларды сақадай сай қып қойған. Ендеше тәжіктің сомдауындағы орыстың Бораты, маскүнемі ешқашан жарық көрмейді. Ешқашан.

7.  Gastarbaiter
3 Ақпан 2010 - 6:48 pm

Орыстың тәртіп сақшысы өртейд…

http://www.youtube.com/watch?v=iLVGQnOAUds&feature=related

8.  Gastarbaiter
3 Ақпан 2010 - 6:53 pm

Орыстың мақау ментярасы.
Күлетін ешнәрсесі жоқ ондайлар бізде де бар.

http://www.youtube.com/watch?v=2ssFo3nVyWw&NR=1

 

Пікір жазыңыз

Аты (*)
Mail (жарияланбайды) (*)
Сайт
Мәтін