487 рет оқылды

Ат төбеліндей 12 жыл… 12 жыл медальге шөліркеу, шеке тырысып, бір жарымай жүру қиын сынақ. Өткен ғасырдың 94-ші жылы Лиллехамердегі Смирновтың айымызды оңымыздан тудыртқан алтыны мен 98-дегі Прокашеваның қоласы айта-айта жүрер толағай табыс еді. Одан кейінгі жылдар бойында Олимпиададағы «қуаңшылық» бүгінге дейін созылып, апшымызды қалайша қуырғанын еске түсіре де бергің келмейді екен. Ванкуверде асық алшыдан түсер деп, ашығын айтайық, қарабайыр жанкүйер біз де, құзырлы шенеуніктер де күтпеді-ау осы. Атыңнан айналайын Хрусталева деген «қызымыз» биатлонда құралайды көзге атты, төрт ату межесінде жиынтық саны 20 нысананы түгел көздеді. Бергерден кейінгі екінші орында тұрақтауы әлем БАҚтарының сенсация деп беретін «ыстық бәліші» болғалы тұр. Рас, тұла бойды қуаныш тұтастай баурап алды қазір. Күміс медальді болдық… Санаға енді-енді еміс-еміс жатысып жатыр. Соңғы сәтке дейін мәреге соңыра келетін бәсекелестер қырсық қылмас па екен деумен тілеулес болдық… Хрусталева табандылықтың кәнігі үлгісін паш етті бірақ. Ризамын. Жұп болсын дегің келеді екен… Қанағатшылдықты да ойлап қоясың бір жағынан, есіргің келмей. Қазақстан жалауы Канада төрінде бізді толқытып желбіреп тұр әне. Олимпиада алдында отандық БАҚтарда қоғами резоннанс тудырған фотосессия жасарманы болса да, өзіне жүктелген вәзипаны адал атқарды деп білеміз. Лена қыздың ныспы ендігіде әлемдік биатлон анналдарында лайықты қошеметпен жазылып қалмақ. Мәнерлеп сырғанауда алматылық Тен деген азаматымыз бірінші кезеңнен кейін оныншы орынды місе тұтуын да зор табысқа балап ек, биатлондағы күміс естен тандырды… Енді ешнәрсеге алаңдамай, тәтті ұйқы құшағына кете берсе болатындай. Ұйықтап қалған жамағат, таңертең омырауыңда күміс медаль жарқырап тұрады. Айтпады деме…

1 жұлдыз2 жұлдыз3 жұлдыз4 жұлдыз5 жұлдыз (13 дауыс, орташа есеппен: 4.38 / 5)
Loading ... Loading ...

15 пікір жазылған

1.  huanysh
19 Ақпан 2010 - 3:36 am

:) OWWWWWWWWWWW
Kutty bolsyn KZ!!!
Jaraysyng Elena

2.  Аршат
19 Ақпан 2010 - 9:29 am

ал құтты болсын! қуаныңдар!

Қазақстан халқы шын ниетімен қуанса деймін!

Ұлты орыс, Олимпиада алдында шешініп суретке түсті дейтіндер болады әлі. Ондай гомосексуалистерге мән бермей бұл 12 жыл күткен медальға қуануымыз керек!

3.  Нұрғиса
19 Ақпан 2010 - 10:17 am

Күмісіміз құт болсын, Жалқы болмай жұп болсын! деп көрсек ше? :roll:

4.  Maratkhan
19 Ақпан 2010 - 10:53 am

Енді, үш-төрт алтын болса, қысқы Азия ойындарын қызармай өткізуге болады :-)

5.  technosyndrom
19 Ақпан 2010 - 10:55 am

Құтты болсын жігіттер, қыздар!!!

6.  Нұрғиса
19 Ақпан 2010 - 12:02 pm

Ана неміс қыздары мен Украин азаматшалары біраз терлетті. Хенкель мен Вильхельмдердің нысана көздеуі осал тұсы болғаны – бізге қарасқаны. Ал Бергер… Бір қиыс атуы бар бола тұра, сырғанаудағы шапшаңдағы талассыз екен. Априори фаворит Йонсон мен Нойнерлердің мылтыққа тісі өтпегені де қызық болды. Орыстар қайтадан қапы қалды. Біздің Красноярскінің қызы ғой деп қояды. Біздің Хрусталеваны :roll:

7.  Akzere
19 Ақпан 2010 - 1:01 pm

Тура орыс қой түрі :) )))
Шынымен, молодес болды не болса да! )

8.  adius
19 Ақпан 2010 - 1:03 pm

Жарадың Хрусталева!
Қуан қазақ!!! Нұрғисаның жазғанын оқысаң негізі күмісті өзің алғандай боласың ! Осы блогқа көп кіретініміздің себебі оқырман қауымға жеткізе білуінде шығар Нұрғисаның…
Жұмыстағылардан сүйінші сұрап жатсам, Олимпиада қашан басталд деп жатыр кейбіреуі, бар болғыр

9.  Аршат
19 Ақпан 2010 - 2:47 pm

Қазақ журналистерден бұрын жариялап қойғаның ұят болды Нұрғиса

10.  Бөкен
19 Ақпан 2010 - 3:17 pm

Машаллаһ құтты болсын :)

11.  Нұрғиса
19 Ақпан 2010 - 5:45 pm

Аршат, БАҚпыз ғой, БАҚтың… :roll:

12.  Gastarbaiter
20 Ақпан 2010 - 8:31 pm

Басы осы болсын!

13.  Anar
22 Ақпан 2010 - 12:59 pm

Сәкен, дұрыс айтасың! Олимпиаданың қашан және қайда басталғанын білмейтіндер бар әлі. Медаль құтты болсын, жұғысты болсын дейміз!

14.  adius
23 Ақпан 2010 - 1:47 pm

Неге мені бәрі Сәкен дейді екен а?

15.  Нұрғиса
23 Ақпан 2010 - 2:03 pm

Анар, дұрыс айтпайсың!

 

Пікір жазыңыз

Аты (*)
Mail (жарияланбайды) (*)
Сайт
Мәтін