328 рет оқылды

Олимпиада болсын, басқа дүбірлі дода болсын, сайыпқырандар ішінде дүлдүлі оқ бойы суырылып, онысы үшін лайықты медалін алып жатады. О бастан асығы алшысынан түсеріне күдіктілер «бастысы – қатысу» ұранымен мұрт майласа, Құсайын Болт сияқтылардың мақсат-мүдделері түбірімен өзгешелеу келеді. Бір қызығы, қайсыбір спорт түріне зейін қоймайық, бәске қатынасушылар ішінде көп ретте фаворит болатыны бар. Осы біреу жеңеді-ау деп тұрасың…

Сайыстан соңыра медаль тағу салтанаты өтеді. Бірінші орын алған спортшының елұраны орындалады. Мәселен, әлгі априори фаворитті жеңіп, бірінші орынды солай алған болса, әнұран орындалып жатқанда тіпті жүрегі елжіреп, көңілі босайтындар да ұшырасады. Еркеккіндіктінің өзінде. Ал әлгі екінші орынды місе тұтуға мәжбүр пырағыңыз салы суға кетіп, оны барынша білдіртпегісі келеді. Бұл жерде тағы бір қызығы, үшінші орынға іліккен адам екінші орын алғанмен салыстырғанда бақыттылау келеді. Парадокс! Осыдан барып, «Алтын, күміс тас екен, Қола алған мәз екен» деп ырымдауға болады. Екіншісі біріншіге “жеңісті қолдан беріп қойдым” деп өзін-өзі мүжісе, үшіншісі үздік үштік тұғырында болуды игілік нышаны деп ұқса керек. Қанағат қылу – күші зордың несібесі. Тойымсыздықты қомағайлығы былай тұрсын, ынсапты тия алмаушылықтың кәнігі үлгісі деп көрейік.

Олимпиаданың бейресми қорытынды кестесінде Қазақстан болып үшінші орында тұрақтар болсақ, соны қанағат қылуға болар еді. Бірақ бұныңыз қомағайлық қой деп дүрсе қоя берсе, қай тесікке кірем? :roll:

1 жұлдыз2 жұлдыз3 жұлдыз4 жұлдыз5 жұлдыз (12 дауыс, орташа есеппен: 4.67 / 5)
Loading ... Loading ...

9 пікір жазылған

1.  antijrca
22 Ақпан 2010 - 5:21 pm

Басқы екі абзацта жазғандарыңның бәрі орынды. Үш орынның біреуін, әсіресе алтын алған зор мәртебе ғой. Еліне қайтқанда қаржылық марапат, т.с.с. беріледі.
Ал, үшінші абзацтағыға келсек, бұл тәтті арман ғой, шіркін. Тәп-тәтті-і-і-і-і-і!!!

2.  Нұрғиса
22 Ақпан 2010 - 5:31 pm

Сізге өтірік, маған шын, осы кей таңсықтардың балмұздаққа қызыл бұрыш сеуіп жейтініне куә боп ем. Неге үйтті екен?

3.  antijrca
22 Ақпан 2010 - 5:49 pm

Арман тәтті, шындық ащы! КЗ спортына қарап отырып, ашымайтын жерім қалмайды. Тап бір, бір үйір жылан шаққандай болады өне-бойымды…

4.  Altygradus
22 Ақпан 2010 - 11:39 pm

ақша бөлу керек ақша
Еленаның күмісі әрине қуанарлық бірақ дайын спортшыны сатып алатын біздің елдің спортқа деген саясаты, өзіміздегі балаларды өсірмегесін медаль күтіп керек емес..
Ана кәрістердің мұзда жылдамдыққа сырғанаудан алтыны бар күмісі бар қоланың бірнешеуін алды. неге? спортсмендер қысы жазы дайындалатын арнайы мұз алаңы бар, бар жағдайлары жасалған..

5.  Gastarbaiter
23 Ақпан 2010 - 1:26 am

Бөлінетін ақшаның мына сендердің салық, палықтарыңнан екенін ескерсек, көбею керек көбею!:))

6.  Аршат
23 Ақпан 2010 - 10:51 am

Атланта Олимпиадасында болу керек комментатордың қасында отырған бір бұрынғы спортшының айтқан сөздері есімде қалып қойыпты. сонда айтып еді 3-ші орын алған кезде спортшы алтын алғаннан да мықты қуанады деп.

төртінші орын ол уже лузерлік, ағаш медаль дейді ғой. Аламандықтар сол ағаш медальдың рейтингін шығарыпты.

http://www.alaman.kz/?p=3205

Ресей бірінші орында ағаштан

7.  Altygradus
24 Ақпан 2010 - 12:45 am

Гастер ол қайда кетпей жатқан ақша:)) сен де бір айтасың ау:)))))))))))

8.  Gastarbaiter
24 Ақпан 2010 - 6:34 pm

Ия, бірақ демографияға да ақша керек

9.  antijrca
24 Ақпан 2010 - 9:13 pm

Демографияға ұрық керек!!! Жақсылап шабу керек!!!

 

Пікір жазыңыз

Аты (*)
Mail (жарияланбайды) (*)
Сайт
Мәтін