
Бабы келіссе бағын тия ма,
Ванкувер жыйды бәрін қияға…
Көңілі сыйса, сыйып кетер-ау,
Күллі шарайнам шағын ұяға.
Біздің қыз дәудің жолын қиды да,
Несібе шығар, орын тиді, ә?!
Тақым қыс, рух бер, желеп-жебей гөр
(Құй қымызыңнан тағы пиала)
Есеңгіреген әлін жия ма?!
Жеңісі үшін жанын қия ма?
Ұйқыларымды ұрлай бермеші,
Тәттімді менің, олимпиада…

(10 дауыс, орташа есеппен: 4.60 / 5)


олимпиада ұйқыңызды бөліп жүрсе, бізде
телевизор жоқ көретін )))
Ұры демекші баяғыда студент кезде бір қызды ұры деп сипаттаған едім, яғни менің жүрегімді ұрлап кеткен ұры қыз деп.
қазір ойлап қарасам соның бәрі күлкілі
қазір бір ұры балам бар, бүкіл ойымды, уақытымды ұрлайды. ептібайымайттың баласы таңертең ерте тұрып алып түрткілеп ұйқымды да ұрлайды.
ойлап қарсаң айналаның бәрі ұры екен ғой
Енді қиналмай ұйқтай беруге болатын шығар ә?
хе-хе. тамаша екен!!!
))