Әр спорт жанкүйерінің қандай да бір комментаторға қатысты өз «ұстанымы» болады. Ол сыңаржақ позиция болатыны түсінікті және заңды да. Мәселен ки, Тимур Камашевті алайық. Жаңылыспасақ, ол елге әйгілі бір агенттікте спорт дирекциясына жетекшілік етеді. Футболға шолу жасайды араға бір жеті салып тұрып. Әрбір сөзі сақадай, аузын толтырып, дикциясы кейде құлаққа түрпідей тиетіні бар. Рас. Орыс тілінде сараптайды. Ал сол тіл бас тіл (мемлекеттік те, ресми де…) болып «қалыптасқан» елде Камашевтің орыс тілінде көптен бері сөйлемейді. Былай қарағанда, Тимурдыкі анағұрлым ілгерілеп кеткен, жаңаша бітімдегі орыс тілі ме екен деп қалуға да болады. Ол енді сол тілдің кәнігі білгірлерінің еншісі бола қойсын. Біз оған жоқпыз. Анығы, Тимурдың футболға қалай шолу жасайтыны, стилистикасы және жүргізушілік дикциясы көкейіме қонымды емес. Қайта Диас Ахметшәріп жақсы. Барлардан сұрыптамақ керек болса. Жалпы, бұл орайда, өркениетті мемлекеттердегідей әр спорт түрін жүргізетін арнаулы тілшілерді дайындайтын мектептер керек. Біздегісі: қандай да бір телевизиялық кәсіпорын штаттық кестеде «спортқа» бірді-екілі орын бөледі де, жалғыз адам барлық спорт дисциплиналары бойынша әмбебап жүргізуші болады. Тиісінше, белді-белді ресейлік арналардың жүргізушілерінің мақамына бой үйретіп үлгерген аудиенция сылбыр комментаторларды қиындау қабылдайды.
Амангелді Сейітханов. Бұл ағамыз, шыны керек, өзіндік ерекшелігі, мықты бэкграунды бар тұлға. Халтурис емес, журналис. Қазір репортаждарға ойысыпты, тізгінді жас ізбасарларына ұстатып. Ұстасын. Олар туылғанда аналары қалжа жемеді ме? Жеді…
Амангелді Сейітхановтың кеше Бейжиңнен жасаған эксклюзивті репортажын көрдім. Спорт хабарлары үшін. Алғы пыланда микрофон ұстап Абекең тұр, артқыда – Илья алтын алғызған «темірзіл көтерілісін» жасап жатыр. Абекеңнің сондағы қуанышын көрсеңіз!!! Айтайын дегенім, Амангелді жақсы журналис.
Ілмек: Амангелді Сейітханов





Қазақ комментаторларға тікелей репортаж беріп жатқан уақытта далаға қумай сосын кібіртіктемей еркін көсіліп сөйлеуге үйренуі қажет. Сосын оларға патриот болуға, эмоциясын білдіруге болатынын естеріне салу керек секілді, әйтпесе кеше Ильяс алтын алып жатқанда жайбарақат, кәдімгі күнделікті құбылыс сияқты айтып отыр! Түріктердің коммент-нан үйренуі керек, оларды қарамай-ақ естіп жатып риза боласың!
Мағанда Диас Ахметшәріп ұнайды. Екі тілде де еркін сөйлейді, әрі сөйлеу мәнері жақсы.
Ия, Диас Ахметшәріп жақсы комментатор. Сосын алдында ауыр атлетиканы жүргізген комментатор кім? Орысша сөйлеген. Сол көсіліп болмады ғой, Ильяның жарысқа шығуына 1 күн бар, ал ол болса ертең алтын аламыз, алтын аламыз деп, түге бір алтынға ақша төлеп қойғандай сөйлейді. Сонысы ұнамады.
Сосын түсте болып кеткен жарысты кешке көрсеткенде, боксшының жеңіліп немесе жеңгенін комментатордың сөздерінен-ақ білуге болады.
Олимпиаданың ең алғашқы күні бокстан болып жатқан жарысты екі адам жүргізді. ҚАЗАҚ тілінде. Маған ұнады. Біреуі бокстың маманы болуы керек.
Меніңше әр спорт түрінен мамандарды шақырып отырған жөн.
Нұрғиса шыны керек осы постты өзіңнен күтіп едім..бұны сенің қалт жіберуің мүмкін еместін..:))
Кеше мен де жаңалықтарды қарап отырып, сол сәтті жеткізген Амангелдінің репортажын қарадым..
Шынын айтайын бұндай репортаж әлемде сирек кездесетін құбылыс..Амангелді, қазақ журналистикасын, әлемдік деңгейге көтеріп, терезесін теңестіруге ат салысып жүрген бірегей азамат десем жаңылыс кетпес едім..
Осы бетінен қайтпай, өз ісбасарларын жетілдіріп отырса, қазақ журналистикасының ертеңіне үміт артуға болады..шын айтамын..
Амангелді жақсы журналис..:))))
балдары сүйкімді екен
мен де кешегі хабарды көрген бақытты жандардың бірі едім. Алтын алған қуанышты күшті жеткізді Амангелді! Артына бір қарады да айқайлап жіберді, міне осылай болу керек сукамал журналистер. ешқандай жасандылықсыз, нұротансыз осындай қарапайым репортаж болу керек.
айтпақшы Аманкелді жақсы ақын
бұрын Амангелді ағамызға коментатор ретінде суық қарайтынмын, бірақ қазір әлде қайда жақсарды ғой қазақ тілді спорт журналистикасы. Әрине, жақсы шәкірттері болса, алда қаншама тамаша репортаждар болады. Бізің кафедрада мысалы Спорт журналистика деген курс бар, бірақ оған бей-жай қарайды, әрі маман жоқ… Бірақ спортқа жақын журналист үшін бұл қиындық туғызбас!
Ассалаумағалейкум қандас бауырларым!
Менің айтайын дегенім, Хабар телеарнасы біріншіден анау-мынау адамдарды жұмысқа алмайды, екіншіден Амангелді өзінің жастығына қарамастан дарынды да тәжірибесі мол журналшы немесе коментатор. Аты шулы,додалы жарыстардан репортаж жүргізетін кім? Ол әрине Амангелді Сейітхан!!! Әрине, кемшіліксіз адам болмайды. Ол кісінің де кейде алып ұрып “тышқақтайтыны” бар, дегенмен де кімнің осы заманда іші өтпейді дейсіз? Амангелдіге кешегідей ой қайдан келді десеңші? Қаншама әлемдік, мемлекетаралық жарыстарды көгілдір экраннан сан рет көріп жүрсем де кешегі Амангелдінің репортажына ұқсас ешнәрсе көрген емеспін.
Айтпақшы, Амангелді қазақ халқының демографиялық жағдайын түзетуге ат салысып жүрген азаматтардың бірі екендігін суреттен көріп қуанып қалдым. Жәрайсың, қай жерде жүрсе де қанжығасын майлы етіп жүретін патриот бауырым!!!
Ал Диас Ахметшәріпке келетін болсақ, мен ол жігіттің қос тілде бұлбұлдай сайрайтын сұңқар екендігіне жақында ған Бежің олимпиада ойындары басталмастан бұрын Алматы қаласынды жүргізген аранайы хабарын көгілдір экраннан тамашаладым. Жәрайсыңдар ҚАЗАҚ журналистикасының тарландары!!!
Ал кеше зілтемірді қытай аспанына қалпағындай ұшырған Ильяға келетін болсам, айтарым мынау;жігіт,жігіт және жігіт!!!
Жерлесім Бақыттың сәтсіздікке ұшырағанын ойласам ішім ашиды…
Нұрғиса, сенің де таппайтының жоқ, ия… Амнгелдінің суретін қайдан тауып алып жүрсің? Кешке бірге отырып қызықты олимпиада ойындарын тамашалап отырып айтып берерсің… Бақытты болыңыздар!!!
Менде де Арсенал777-дегідей болатын, алғашында таңсық болғасын ба бір түрлі қиғаш қарайтын едім. Бертін келе ол да бір мектептің іргетасын қалап жүргенін ұқтым. Қазір Қазақстан арнасында Қытай еліндегі арнайы тілшісі бар, Нұрбек Мұхамметқали деген. Оның да тілі жатық, “Байрақты бәсекелерде бағымыз жансынды” айтады. Өскемен жақтың тумасы, спортқа ойысқанына көп бола қоймаса да аяқалысы жаман емес сияқты.
Телжан Күдеров бар сосын. Қазір КТКда-ау деймін, қателеспесем. Ол да ана жерде жалғыз-жарым бір арнаның спортын қорып жүр. Қызғыштай.
Диас Омаров туралы естімегелі көп болды, қазір қайда екен… Ол кісіге респект, атын ести қалсам дереу Қайраттың стадионы, стадионға жиналған бес жүз, мың шақты жанкүйер, перформансы нашарлау ойыншылар… осындай ассоциациялар туындай кетеді
Асхат Сағынаев деген вампирді ұмытып кетіпсің ғой, нағыз қанішер ғой
)
Менің айтайын дегенім, Хабар телеарнасы біріншіден анау-мынау адамдарды жұмысқа алмайды, екіншіден Амангелді өзінің жастығына қарамастан дарынды да тәжірибесі мол журналшы немесе коментатор. Аты шулы, додалы жарыстардан репортаж жүргізетін кім? Ол әрине Амангелді Сейітхан!!! Әрине, кемшіліксіз адам болмайды. Ол кісінің де кейде алып ұрып “тышқақтайтыны” бар, дегенмен де кімнің осы заманда іші өтпейді дейсіз? Амангелдіге кешегідей ой қайдан келді десеңші? Қаншама әлемдік, мемлекетаралық жарыстарды көгілдір экраннан сан рет көріп жүрсем де кешегі Амангелдінің репортажына ұқсас ешнәрсе көрген емеспін!!!
…
Айтпақшы, Амангелді қазақ халқының демографиялық жағдайын түзетуге ат салысып жүрген азаматтардың бірі екендігін суреттен көріп қуанып қалдым. Жәрайсың, қай жерде жүрсе де қанжығасын майлы етіп жүретін патриот бауырым!!!
Ал Диас Ахметшәріпке келетін болсақ, мен ол жігіттің қос тілде бұлбұлдай сайрайтын сұңқар екендігін жақында ғана Бежің олимпиада ойындары басталмастан бұрын Алматы қаласында жүргізген аранайы хабарынан көрдім.
Жәрайсыңдар ҚАЗАҚ журналистикасының тарландары!!!
Ал кеше зілтемірді Қытай аспанына қалпақтай ұшырған Ильяға келетін болсам, айтарым мынау; Жігіт,жігіт және жігіт!!!
Жерлесім Бақыттың сәтсіздікке ұшырағанын ойласам ішім ашиды… Абай атамыз айтпақшы “Ішім толған у мен өрт”! I’m so sorry that it doesn’t sound very encouraging
Нұрғиса, сенің де таппайтының жоқ, ия… Амангелдінің суретін қайдан тауып алып жүрсің? Кешке бірге отырып қызықты да, тартысты Қытай олимпиада ойындарын тамашалап отырып айтып берерсің… Бақытты болыңыздар!!! Жеңісті күндерде кездескенше!!!
Әр коменттатордың өзіндік ерекшелігі бар. Аманкелді қалыптасқан журналист, ұлтшыл азамат.
Маған Сергей Ролян ұнамайды. Павел Цебуллин де жақсы жүргізеді. Владимир ЖарковТ тәжірИ МОЛ.
Аршат,
менің ішінде қатеден көз ашпаған бірінші ойымды блогтан алып тастасаң жақсы болар еді … Ұяттан тұншығып әзер отырмын
Рақмет!
Маған Ресей комментаторлары да ұнайды.
Олар өз жұмыстарының “майталмандары” екендігі даусыз.
Орынбек, қай пікірді? және неге мен? тіпті қатеден көз ашпаса несі бар? бұл жерде ешкім грамматикалық немесе орфоргафиялық қателерге бола баға қойып, сын айтпайды ғой. Менде жүрм ғо сегіз жылдық біліміммен интернетте бірдемелер жазып.
Кабинетінде бір аунап түскен болар…
Тройной сальто жасап па?
Негізі, күлкі күлкімен, бірақ жалғыз Абекеңе бүкіл жүкті өңгере салу да ұяттау. Дәл қазір біреу келіп “мектеп” те ашып бере қоймайды. Қалғаны: тек “онлайн” режимде шыңдала түсу, қарымды, қабілетті ұштай түсу. Одан соң спорти құбылыстарды ешбір энтузиазмсыз жеткізу бар да, бүге-шегесіне дейін жан дүниеңмен кіріп кетіп, қатынасты (сопричастный) болып жеткізу бар. “Екі үлкен айырмашылық”…
Аршат,
Төменде “Техникалық қолдау – Аршат Оразов” деп тайға таңба басқандай етіп көрсетілгендіктен саған өтініш жасағаным ғой.
Бір жолға кешірерсің болбыраған боркемік қазақтың мендей баласын…
Менің де сенікі сияқты жоқ дегенде “сегіз жылдық” білімім болса ғой, шіркін-ай! Негізі менің “табақтай” он бір жылдық білімім бар, если чо ;-, бірақ сенің сегіз жылдық біліміңе жетпей тұр ғой, бұл құрғыр!!! Тағы да кешір…
Техносиндром бауырым,
Аршаттың мынандай өкпе-назын ашық білдірген хатынан кейін мен бір жүз жиырма килограмм (120!!!) денеммен аунамақ түгілі жерде ет бетіммен бүк түсіп жатырмын…Ха-ха-ха!!!
Ай яй яй, Аршат техникалық қолдау көрсетпеймін дей ме, құрысын? Ореке, негізі беймарал, былай, еркін көсіл! Аршаттың стилі солай, әдейі шымшып сөйлейді.
Айтпақшы, Ореке, Амангелді де сен оқыған альмаматерден болса керек… Әлде ол “политехте” оқыды ма екен… Меніңше ҚазМУде…
Өткенде айтпақшы елбасы елде жаңа спорт арнасын ұйымдастыруды жүктеп еді құзырлы ведомствоға… Кім біледі, орыстардың РТР-спорты сияқты аналог болса ұтылмайтын сияқтымыз ғой. Бастысы, әжептеуір айтылған оймақтай ой сиырқұйымшақталмай кетсе игі еді…
Біржан да кетті……….
((((
Қап..Біржан да кетті..сонымен қалды үш пе…
спорттық телеканал
))) (мына жерде мэйл агенттегідей мультик смайлик жіберер едім әттең мүмкіндік болмай тұр)
елбасы не демид…
ой кешірерсіздер алқаш не мид екен ғой…
тойыст Аршат не демид…
бірақ спорттық канал болса рахат болар ед, алдын ала интернеттен біліп алып, сосын каналдан қарап, мазохизммен айналысар едік.
Жасасын мазохизм және ҰЛЫ энтернет!
оффтоп үшін админ және мадератырлардан кешрім өтнем, пыросты есіме бір тақпақ түсіп кетті тақырыптың атын оқыған кезде, бала кезімізде бидеушедік:
Амангелді батыр
Шауып келе жатыр
Арқасына оқ тиіп
Балнитсада жатыр
Маған Асхат Сағынаев ұнайды. Классный!
Калай мазмундаймыз?????????????