516 рет оқылды

Қойын дәптеріме түртілген кейбірімен бөлісудің реті түсіп тұр тағы. Қайсыбір баламалар терминком бекіткен тізімдемелерде де ұшырасатын шығар. Бұл жұмыс бұдан былайғыда да дәстүрлі жалғасын табар деп сенгім келеді.

Ловушка – қақпан, тұтқыш, тор – Trap, catcher
Пробоотборник – сынама сұрыптаушы – sampler
Обогащение – байыту – concentration, dressing, enrichment
Выбросы – лақтырынды – effluents
Износ – тозу, желіну – wear
Сопло – шүмек – nozzle
Фактические величины – нақты шамалар – actual values
Башенная опора – Мұнарбақан – Tower support
Безотказность – қалтқысыздық, тоқтаусыздық – failure-free performance
Исправность – түзеулік, жарамдылық – serviceability
Понижающая передача – баяулатушы беріліс – step-down transmission
Заглушка – бітеуіш, тығын – plug, stopper, end-cap
Начальное пластовое давление – бастапқы қойнауқаттық қысым – initial formation pressure
Глинистость коллектора – жинауыштың (коллектордың) саздылығы – shaliness (clayiness) of reservoir
Буримость горных пород – тау жыныстарының бұрғыланғыштығы – rock drillability
Коэффициент извлечения – игерілу коэффициенті – recovery factor
Нагнетательная скважина – тоғыту ұңғымасы – injection well
Солянокупольная область – тұзкүмбезді аймақ – salt dome province
Пылеуловитель – шаңтұтқыш, тозаңұстағыш – dust collector
Сварка – пісіру- welding
Гидроусилитель – гидравликалық күшейткіш – hydraulic booster
Обезжиривание – майсыздандыру – defatting
Доводка – бабына жеткізу – fine finishing
Засыпка – сеппе – covering, backfilling
Воздуховод – ауа арна, ауажол – air conduit, air duct

1 жұлдыз2 жұлдыз3 жұлдыз4 жұлдыз5 жұлдыз (13 дауыс, орташа есеппен: 3.92 / 5)
Loading ... Loading ...

13 пікір жазылған

1.  makym
3 Наурыз 2010 - 3:30 pm

Сонда, “сварщикті” “дәнекерлеуші” емес, “пісіруші” десек сауаттырақ бола ма?

2.  Нұрғиса
3 Наурыз 2010 - 4:40 pm

Ол “повар” боп кетпей ме ;)
“Сварканы” дәнекерлеу деп алуды өз басым жете түсінбеймін. Жасап жатқан адамына қарата айтсаң, иә, ол пісіруші құралы мен пісірілетін агрегат арасындағы “делдал”, “дәнекер” :) )) Ал іске қарата айтсақ…
Пікіріңнің жаны барын сезесің, дегенмен..

3.  Арнур
3 Наурыз 2010 - 5:14 pm

Мұнарбакан дегеныныз сатты шыккан сиякты.
Негызы, керек кезынде создык копарып таппайтын создер бар екен.

4.  Тупак Амару
4 Наурыз 2010 - 3:23 pm

Башенная опораны мұнара таянышы немесе сүйеніші деуге болмай ма?
Мұнарбақаны қызық екен, әпербақан деген сияқты :)

5.  Нұрғиса
5 Наурыз 2010 - 10:32 am

Иә, солай ғой, Тупак ;) Мұнара тіреніші, таянышы.. Полиэквивалентті тіркес аз емес қой тізбектей берсең…

6.  Асқабақ
5 Наурыз 2010 - 3:17 pm

Түріктер сваршікті “қайнақшы” – деп, аударады. мүмкін дәнекер, пісіріу дегеннен қайнақшы дұрыс болар.

7.  Гастарбайтер
7 Наурыз 2010 - 2:56 pm

“Пробоотборник – сынама сұрыптаушы – sampler” -
ИМХО бұл аударма тым ебедейсіз, қарапайым қазақ мағынасын болжамдай алатын болу керек, “сынама” деген сөз құлағи қалқиып жасанды чебурашка боп тұр, отбирать пробу деген ” үлгісін алу”, ал sample сөзінен аударсақ “үзім” немесе “үзінді”, үзінді контекстке келмейді, үзім десек болатын сияқты. Үзімін алу, немее үлгісін алу.

-шы, – ші – деген жалғауды көбіне маман туралы айтқанда қолданады. Сыпыру – сыпырушы, инструмен сыпыртқы/сыпырғыш.

Яғни да тоқ етері былай: “үлгі сүзгіші”, немесе “шөкім/үзім сұрыптағышы”
Бұл менің вариантым

8.  Нұрғиса
8 Наурыз 2010 - 11:55 pm

Үзім дегенде қандай да бір материяның фрагментіне қаратып отырғаның түсінікті ғой. “Пәленшенің бір үзімі”. “Пробаны” лабораториялық шартта сынайтын болғасын сынама деп тұрақты бекітіліп кеткен бе екен деп топшылаймын. Әйтпесе, жоғарыда келтірген “үлгі сүзгішің” ойға бек жақсы қонып тұр. Ал сынаманы алуан өндіріс шарттарын назарға алып, түрлі өндіріс ошағынан/аймағынан нысаналы түрде сұрыптап алатынын да жоққа шығармаймыз. Қысасып қалған форма жоқ дейміз ғой, әдеттегіше… Тағы ұрымтал нұсқалар ұсынылып қалар ма екен деп ойлағым келеді..

9.  Жазалаушы
9 Наурыз 2010 - 9:42 am

Пылеуловитель – шаңтұтқыш

Шаң тұтпайды, ораза тұтады. Ал мен жазалаймын, оңдырмай жазалаймын.

10.  technosyndrom
9 Наурыз 2010 - 9:53 am

)))))))

11.  Қосақ
12 Наурыз 2010 - 4:55 pm

Пробаны үлгі деп аударып жүрміз, пробоотборникті – үлгі алатын шүмек дейміз. Ұңғының сағасында болады пробоотборнигіміз. Сосын пласты қойнауқат деп ешкім айтпайды, қабат деп жазып жүрміз, ұңғыма дегенді де ұңғы деп жазамыз. Осы сөздікте сәйкессіздіктер баршылық. Кезінде сөздік шығады дегенде, жіберген болатынбыз қазақша -орысша өз терминдерімізді, хабарсыз кетті.

12.  Қилызаман
28 Маусым 2010 - 12:52 pm

Үлгі – образец емеспе???
Онда пробаны басқаша аударған дұрыс…Әзірге ұсынысым жоқ болып тұр(
Есіме біреме келсе кіріп жазармын

13.  Қилызаман
28 Маусым 2010 - 5:02 pm

Проба – байқау,( егер тағамға қатысты айтылса дәмін тату-қасықпен, ожаумен) болып аударылса
Пробоотборник дегеніміз құрал болғандықтан – елек немесе сол сияқты бір синонимге саятын болады ау шамасы

 

Пікір жазыңыз

Аты (*)
Mail (жарияланбайды) (*)
Сайт
Мәтін