93 рет оқылды

Ақтөбелер, Қартөбе, Көктөбелер,
Таудың ұлы әлбетте көкке өрмелер.
Жылы жақтың мінезі жұмсақтау да,
Суық жақтың мінезі өктем келер.

Адал дос жақсы дәннен көптеп егер,
Мезгілдің қысы кетіп, көктем келер…
Алатаудай көз тігіп тұрады екен,
Алмасының бағына Көктөбелер.

Сеңгір аспан, бұлттарым төккен нелер,
Достар барда қалжырап, шөккен емен…
Көріспеппін, асқарым, көптен семен,
Еңсемді көтерші бір, Көктөбелер…

Ілмек:

1 жұлдыз2 жұлдыз3 жұлдыз4 жұлдыз5 жұлдыз (Баға беріңіз)
Loading ... Loading ...

3 пікір жазылған

1.  Нұғман
8 Қазан 2008 - 9:46 am

Көктөбелер, шіркін-ай, көктөбелер,
Көктөбеге жастар ғой көптеп ерер,
Махабаттың алғашқы куәгері
Көк теректің әні көп көпке берер…

Көктөбеде әдемі жаз бен қыс та,
Қуанышын білдірер әнмен құс та.
Алайда, Көктөбенің қадірі артар
Қоңыр салқын алтын күз келген тұста…

2.  Konil Ashar
13 Қазан 2008 - 11:26 pm

мәә ана тұрған Олжик па?? арықтап кеткен ба не өзі??

3.  Нұрғиса
13 Қазан 2008 - 11:49 pm

Едіге анау, хан Бекжан, Олжас та бар,
Сынақтардан емес-ау ол жасқанар.
Ашуын сабырына жеңдірген жан,
Шіміркпестен көмбеге олжа салар.

Дос бергенсің, мың шүкір, о, Жасаған!
Достарымның қолынан көп асағам…
“Консультанттар” Түркияға ақылман боп,
Мұртын майлап қайтар деп болжай салам :)

 

Пікір жазыңыз

Аты (*)
Mail (жарияланбайды) (*)
Сайт
Мәтін