127 рет оқылды


Бәріміз шашлық не екенін, оны немен қосып жейтінін жақсы білеміз. «Қымызды кім ішпейді», шашлықты кім жемейді дегіміз келе беретіні де сондықтан. Шашлықтың кавказшасы болады, сиыр етінен, қызыл балықтың етінен, тауық етінен жасалғаны және өзге де кеңінен насихатталған түрлерінің дегустациясын бірнеше мәрте жасап үлгергендеріңізді ішім сезеді.

Шашлықты үй шарттарында қарапайым түрде қалай жасауға болатынын аздап түртіп өтейін. Талғамыңызға қарай супер-, гипер- не қарапайым дүкеннен (базар да жарап қалады) тауық не сиырдың етін аласыз. Сиыр етін алар болсаңыз, «ләжі» (мүмкін) болса, сүйексізін алыңыз. Маринадқа киви мен айран, қалауыңызға қарай аздап газ суын алуға болады. Үйге келіп етті шампурға ыңғайлы ілінетіндей етіп турайсыз. Сосын туралған ет үйіндісіне кивиді майдалап турап, араластырып, үстінен айран құйып, тағы мыжи отырып араластырып, артынша аздап газды су қосуға болады. Мангалға бар болуына қарай сексеуіл ағашын, ол болмаса көмірді, тіпті болмай бара жатса жай отын ағашты қойып, маздатасыз. Маринад әдетте 3-4 сағат ішінде бабына енеді. Бапқа енгесін ет тілімдерін шампурға ұқыппен қадайсыз. Қалауыңызша ара-арасына қызан, саңырауқұлақ (улысынан сақ болыңыз – блог канцеляриясы) қосуға болады. Сосын маздап тұрған мангалға шампурларды тізіп қоясыз. Шампурлардың арасында аздап саңылау болғаны жақсы. Картон қағазбен «желдетіп» тұрарсыз. Он бес-жиырма минуттан кейін Нұрғисаның блогы ұсынған рецептпен шашлық дайын! Асыңыз дәмді болсын :)

Ілмек:

1 жұлдыз2 жұлдыз3 жұлдыз4 жұлдыз5 жұлдыз (Баға беріңіз)
Loading ... Loading ...

8 пікір жазылған

1.  Аршат деген
8 Қазан 2008 - 10:53 am

сонда сендер жақта киви бұрыннан болған ба? рецепт үшін рахмет, есте жүретін болады. алдағы жазда міндетті түрде киви қосып маринадтап көремін.

2.  Aikona
8 Қазан 2008 - 1:08 pm

Тууу қарнымды ашырып жібердіңіз ғой…

3.  Асхат
8 Қазан 2008 - 2:35 pm

Мен де сол киви мен айран араласса не болатынын көз алдыма елестете алмай отырмын. Сонда кивидің құрамында қандай қасиет бар?

4.  Нұрғиса
8 Қазан 2008 - 10:37 pm

Аршат, кивидің Қазақстанның оңтүстік аймағындағы тарихнамасы қай дәуірден бастау алатынын саған нақты, дәлелденген тарихи фактілермен айтып бере алмаймын. Бірақ “есіктер” ашылғалы сол экзотика базарда бар, әйтеуір.

Кивидің құрамында жұмсартқыш бір қасиеті болса керек, ет балауса боп, балбырап, нәзік бола қалады. Қыздай сызылып.

Специя қосамын деушілер болса оны аса көп сеуіп жібермеуді ойластырып алу керек.

Ұнатуыңызға қарай дайын шашлыққа уксус қосып (болар-болмас), әдемілеп пиязды турап, оны да аздап уксусқа малып алып, жұмсартып жей отырған жақсы. Шашлықтың таза пісуін жіті бақылап отырған жөн.

5.  Аршат деген
8 Қазан 2008 - 11:37 pm

шашлыкты салқын Шымкент сырасымен запивать етіп жеуге болады ма? әлде болмайды ма? жалпы шашлыкты немен запивать еткен дұрыс?

6.  Нұрғиса
8 Қазан 2008 - 11:55 pm

Мен ондай ішімдік мәселесі бойынша ақыл-кеңес бере алмаймын, Аршат.

Өз басым, шашлықты Спрайтпен жеп отырып ішкен әдемі. Маған осы комбинация ұнайды. Кейбіреуге жай ғана екі түйір рафинад қосылған қою қара шай ұнайды. Бұл енді жеке преференция мәселесі д.о. :)

7.  Аршат деген
9 Қазан 2008 - 12:22 am

жоқ жалпы немен желініп ішіледі бұл тағам дегенім ғой, мысалға тортты шәймен, шоколадты коньякпен, гамбургерді коламен деген сияқты. мен өзім көбінесе сыра ішіп шашлык жеген көп адам көрдім сосын сұрағаным ғой, бұл шашлык мәселесі Шымкент салқын сырасының техничный пиары болып жүрмесін дегенім ғой :)

8.  Нұрғиса
7 Қаңтар 2009 - 4:30 pm

Жоға, бұл жерде ешқандай пиар жоқ, тек шашлық, Аршеке! Биыл көктем не жаз шыға осы рецепт бойынша шампурлармен “бәйге іліп” көрерсіз.

Шымкентке жолдарыңыз түсіп жатса ең жақсы шашлықтар “Камшат” және “Прага” кафелерінде болады :) Бұл енді пиар боп кетті-ау деймін аздап :)

 

Пікір жазыңыз

Аты (*)
Mail (жарияланбайды) (*)
Сайт
Мәтін