Жақында аталып өтілген тіл мерекесінің кейбір көріністері:
Фанфарлар жаңа ойналып, төргі орындықтарға жайғасып жатырмыз…

Атыраудың ұлт аспаптар оркестрі. Дирижері – Орақ Жауыров.

Қаржы бөліміндегі қыздар офистік дресс-кодты біржола қоя тұрып, ұлттық сәнге оранды. Біздің есеп-қисабымызды, тиын-тебенімізді осы қыздар түгендейді…

Алғашқы тур. Өзімізді таныстырып жатырмыз.

Аспанкөк түсті жемпірдегі жігіт қазір шығуы керек сахнаға. Іштей дайындық үстінде. Зейін-зерде тұтастай бір жапырақ қағазда…

Мың бұралған биші қыздар…

Біздің команда үшін домбыра жауап берсін… Ол бізден «қазағырақ»…

Жазбаша аудару мүшайрасы қызған шақ…

Ілмек: Тіл мерекесінен суреттер





қасыңдағы қыз әдемі екен, көйлегі де.
саған жақындап отырғысы келген екен сен домбыраңның басын шошайтып жолатпай отырсың.
Қасымдағы тілмаш – Гүлсая, үкімет һәм жұртшылықпен қатынасатын бөлімде тәржіма жасаушы маман. Ең төменгі суретте оң жағымнан бірінші – Марал деген ҚазМУді тәмамдаған тіл маманы. Оның қасындағысы Мансұр, Ақмешіт қазақ-түрік лицейінен түлеген, одан кейін Ерлан – Жезқазған ҚТЛ-нен…
Байқасам жұмыстарың көңілді сияқты, той думан, жарыс, концерт, әдемі қыздар… жеңіл желпілеу және ақшасы көптеу жұмыс жоқ па сендерде? мен де келгім келіп кетті.
офисте сенен басқа адам қалмаған кезде сенің айқайлап өлең айтатыныңды білеміз. финодделдың қыздары мұндай жағдайда билеп-билеп алатын шығар ә? сосын олар жұмысқа ана киімдерін киіп шығама? сұрап көрш өздерінен.
Сәкен, біздің есептеу бөліміндегілер кіл аққұбаарулар ғой… Саны жағынан ең көп, тиісінше етектілердің мейлінше мол шоғырланған шалқар айдыны ол
Жұмыста жұмысқа тән киім киісіне зор ден қойылатындықтан еркінсуге көп ретте шлагбаум қойылады. Бірақ осы сияқты іс-шараларда ұлдар да, қыздар да құлпырып кетіп, әдемі аура орнап жатады. Олар осы жолы жақсы дайындапты билерін. Өздері, тіл мейрамы дегесін… Әйтпесе күні бойында эксель кестелерін тоқпақтап, пауыр пойынтпен презентация құрастырудан қолы босамайтын олар мұрнын пұштитып тұрып алар еді ғой… Энтузиазм шырақтары өше қоймаған екен.
Аршат, сен маған резюмеңді жолдап көрші
Фин.отделге жолдап гөрөлүк, бәлкім оларға басы іститін жігіттер керек боп қалар. Пошта қабылдайтын сандығымды білесің…
Орақ Жауыров депсің. месседжба қалай?
тіл мейрамы болса, объязательно би дайындау керек
)) .
шығыс азияда әйелдер офиске ұлттық киімдерін киіп шыға береді. ол бір сән түрі.
{Нұрғисаға да күн қарады
:):)}
Сәкен, месседж деп нені айтып ең? Опшым, ол кісі жергілікті саз шашбауын көтерушілердің бірі, әрі бірегейі…
Офиске ұлттық киіммен келу… Несі бар, әжептеуір идея. Меніңше, дәл сен айтқандай болса, жұмыстағылардың патриоттық сезімге бөленуі, соның әсерімен жұмыстың өнімділігі күрт аса түсер еді…
Суреттер тамаша екен.Мен де қызығып кеттім. Бізде ондай шаралар атымен жоқ. Тек есеп-қисап, карта-марта… Туу енді өстіп суреттеріңізді іле беретін болсаңыз точно қасыңызға барып алам.
әр суретте әртүрлі шығатын сияқты… ну енді газет-журналдан көріп қалсам, танымайтын шығармын, ал дауысты естісем тануым мүмкін
бірінші суреттегі Гулсая шынымен сұлу екен… есімі де керемет. Үшінші суреттегі көйлектер ұнады, бірақ жакеттерін өзара ауыстыру керек сияқты(өз ойым ғой). Залда ылғи(кілең) татешкалар жиналған ба?!
Фестиваль үш күндік демалыстың алдындағы күні, айдың 24-де өтті. Сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін. Яғни жұмыстың нағыз қарбалас уағында. Біздің кәсіпорында орныңнан жұлқылап, мәжбүрлеп апару деген жоқ. Тек шын ықылас танытып, көрмекке құштар болғандар жиысады. Иә, залда тәтейлерің көп болды, сахнаға шыққанымда улап-шулап “бәле” болды емес пе осы тәтешкаларың
)) Одан соң шет елдік кісілер де көптеп жиналды. Олар үшін біздің ұлттық болмыс, тұнып тұрған тұнығы – ашылмаған Америка… Жо-жоқ… Қазақстан… Иә, Қазақстан…
))
уау да бірінші қыз супер екен. Менің атымнан сұлулығына ріспект айтып қойыңыз
сізде кучтсіз…
сіздерге да ойын-тойға жағдай жасалған екен да. сахна, орекстр, ел. бастысы қазақшаны тыңдайтын ел бар.
Орақ Жауыров, құлаққа біртүрлі естіледі десем келісетін шығарсың. соны айтқың келіп намекать еткенің ба дегенім ғой. дирижер бауырымыз ренжімес.
Сәкен, одан да “тіл мейрамы болса, объязательно би дайындау керек
))” деген пікірің туралы айтайын…
Жұмысқа алғаш тұрғанда бірінші тапсырмалардың бірі “Тайқазан” деген қайырымдылық акциясын өткізу болды. Осындай ұлан-асыр кампания болды, лотерея ойнаттық, ән айтқыздық, би билеттік, тоқаш пен бауырсақ жегізіп, қымыран-шұбат ішкіздік… Уооот, ол 2003 жыл еді. Ол кезде би болмап еді. Волонтерлер, ерікті ырықтылар болмағаннан шығар
Ал мынаусында ұйымдастырушылар үлкен еңбек еткенін көрдік.
Жалпы, сахнада ана сүтімен дарыған тіл күйкілжіп, оған тамсанумен болған “импыртный” көрермен ризашылық сезіммен ду қол шапалақтап жатса – міне, осы болар тілдің мерейлі шағының бірі…
Нұрғиса сенің блогыңды өз блогыма қалай қосып қойсам? бір продвинутый бірдеме сенікі.
сен жұмысқа тұрған бойда, сенен қайыр тілеген бе қалай? домбыраңды жұмыс орныңа асынып келгенсіңғо
“Үй” дейсің ғой. Үй дегенде бүй дейсің:
Менің тәлімгерім Аршат бұл істе.
алдымен админ панеліндегі “Управлениеге” кіресің. Сосын “Ссылки”, одан кейін “добавить новую” деген сілтеме тұрады. Соны басып, осы блогтың тұрақжайын қосып, солайша бажарасың. Түгі де жоқ
Анау, қайырға қатысты. Олай болған жоқ қой. Переоттаушылық кісіп еді о бастан. Жай ғана, кәсіпорынның әлеуметтік жауапкершілігі бар. Оған бей-жай мұрынүсті қарау жоқ. Ол кезде кадрлар бөлімінде едім, сол шара бізге жүктелді. Ішінара маған. Шара өтер=-өтпес, ойдағыдай өткенін сылтауратып, екі апталық еңбек демалысын рәсімдеп, Шымкентке барып қайтқан едім
Ал домбыра… Мүмкіндігінше жанымда жүреді. Ұшақта да солай… Қазір пернетақтаның түтінін шығарып жатырмын, оныма кресломның артынан қызыға қараған менен гөрі қазағырақ домбырам куә…
))
о! получилось! дыруг болдың
)