329 рет оқылды

Image Hosted by ImageShack.us

Қыс келді. Биылғы қыс маусымы қарсыз басталып жатыр. Шымкентте. Былтыр тура бірінші числода тапсырыспен болғандай бұрқасындатып еді. Ақ мамық. Былтырғы қыстың кекесіні де сойқан-ды – оңтүстікте сірескен қар ұзақ жатып, қыстың мұншалықты қатулы қабағына үйреніспеген оңтүстік өңірі үрпиісіп қап еді. Қаладағы жылыту қазандықтары сыр беріп, көптеген қала тұрғындары тұтас қысты суық пәтерлерінде өткізгені ел жадында. Муниципалитеттің былтырғы олқылығы өздеріне сабақ болса керек, жазда басталған «қыс науқаны» сүрініп-шалынып, бүгінге дейін жылыту инфрақұрылымы бір жүйеге түсірілген сияқты. Әйтеуір, пәтерде жылуымыз бар. Әйтпесе, қала аумағында ұзыннан-ұзақ тартылған, тозығы жеткен құбырлардың күрделі жөндеу көрмегені қай заман… Шала жансар. Алда-жалда жамаулары сыр беріп, жыртығы көрінсе оңбайды. Насырға шабады. Іс.

Күн райын болжаушылар биылғы қыста қар бейпіл болады деп жатыр. Қала сақадай сай деп құзырлы кісілер статмәліметтер келтірген. Қалаға келген бетім осы еді, әуселесін көрейік. Қыстың. Төрлет, «ақ киімді, денелі, ақ сақалды»…

***************************************************

Алматы-Мәскеу бағытында қатынайтын пойыз. Таңғы алты жарым, Алматы-2 теміржол вокзалы. Билетімдегісі 11 купе-вагон, қолымдағысы қоржын жүктер, түйіншектерім мен дорбаларым. Ырсылдап жеттім. 11-шіге. Мемлекетаралық мәртебедегі состав болғасын ба, вагондардың іші әдеттегіден ұқыптылау. Купеге кірдім. Әншейінде матрац пен жастықтың ішіндегісі әбден «мүжіліп», түйір-түйір боп қалатыны бар. Оған жатып рахат табу аздап қиын. Мынадағысы олай емес екен, онысы құп көрілді. Той-томалақтардан ұйқысы қанбаған зіңгіттей жігіт жолсерік жамылғыларды әкеліп бере салысымен ұйқының құшағына беріліп, тоят тапты. Оянсам еліміздің оңтүстік крайындағы елсіз жерлермен келе жатыр екенбіз. Терезенің арғы бетінде бір уақытта оқтын-оқтын ауыл-аймақтар көріне бастады. Түтіні түзу ұшқан үйлер… Айдала. Үй. Айдала. Үй… Осылай тізбектеліп кете береді. Калейдоскоп. Қазақтың әлеуметтік көнкөріс палитрасы мен қиырдағы елді-мекендердегі экономикалық колорит. Қаз-қалпында. Ешбір бояусыз. Шынымды айтсам, шалғай жерде нәпақасын тауып, тіршілік арбасын сүйреп келе жатқандарды қаһармандар, ержүрек батылдар деп білемін… Үйреншікті өркениет рахаттарынсыз өмір сүріп жатқан адамдар. Өзімді бір сәт сондай оқшау аймақта елестеттім. Вигвамдар… Кешқұрым лапылдаған костерлер… Отқа піскен картоп… Малдың ақырында жем-шөбін жаңалап тұрасың… Түн ауа қасқырлардың ұлуы. Таңға жуық қарны жарылған қойлар… «Атаңа нәлет ұйқыда басы қалғырлар» деп ұрсысқан атайлардың байбаламы… Жоқ, бұл оңай емес… Иә, олар қаһармандар… Сөзсіз қаһармандар… Иә, тура солай…

***************************************************

Қыс-ау, қыс!
Сен бізге көзіңді қыс.
Біз де қысамыз…

Ілмек:

1 жұлдыз2 жұлдыз3 жұлдыз4 жұлдыз5 жұлдыз (3 дауыс, орташа есеппен: 3.67 / 5)
Loading ... Loading ...

7 пікір жазылған

1.  Balgyrgan
1 Желтоқсан 2008 - 1:24 pm

2009 жылды асыға күтіп жүрмін, мына високосный жылға өкпем жоқ, дегенмен тым ауыр болды өзіме…

2.  Сандуғаш
1 Желтоқсан 2008 - 1:55 pm

Өз басым жаңа жылды асыға күтіп жүрмін! Биыл жұмыстағылар мені қайтадан Қарша қыз болуымды сұрайтын шығар. Жұмыста жас қыздардың аз болғаны осы ғой..

3.  Аршат деген
1 Желтоқсан 2008 - 3:46 pm

Ақтөбемізде әлі жаз/күз. Қар жоқ әлі, жалаңбас жүрміз. Әйелімнің туған күні. Асылбектің де туған күні болуы керек, айтпақшы Асылбек қайда?

4.  Akshakar
1 Желтоқсан 2008 - 4:51 pm

Tugan kunder kutti bolsin!

5.  Шырайлы Шымқаладан Шота
1 Желтоқсан 2008 - 10:37 pm

Шырайлы Шымқалада 8-інші қарашада қар жауып өткен еді. Ертесі күні түске дейін жатты…

6.  Askhat
2 Желтоқсан 2008 - 8:17 am

Almatyda yzgar bar. Kun suyta bastady. Qurban aitqa 1 aptadan az uaqyt qaldy.

7.  Aikona
2 Желтоқсан 2008 - 9:24 am

Бүгін қар жауады деп еді. Әлі жоқ күтіп отырмын…

 

Пікір жазыңыз

Аты (*)
Mail (жарияланбайды) (*)
Сайт
Мәтін