Атыраудан Шымқалаға бара жатып оңтүстіктегі жауһар Алматыда тұрақтауымның себебі үзеңгілесім, замандасым және тамырым Алмастың қолына кептер… жоқ, аққуын қондыруы еді. Мәдина атты жеңгейлі болдық. Той Есік елді-мекенінде өтті. Атырауға ойысуымның бірден-бір себепкері осы Алмас… Блогымда алдынырақта жариялаған «қазақша брибумерде» гитара ұстаған жігіт осы Алмас…

Алматының Мегасы. Екінші қабаттан эскалатормен төмен түсіп келе жатқам. Хауыз атқылай бастады. Әр атқылаған сайын амплитудасы алдыңғысынан тағы жоғарылай түсетін сияқты… Бірақ олай емес. Ол өзінің баптаулы биіктігі, бір биіктікті сақтап тұр. Аласалаған өзім. Өмірде де сондай айшықтарды көріп жатамыз. Біреулер биіктеп бара жатқан сияқты көрінеді көз алдыңда… Бірақ, ол биіктеп емес, сен аласалап бара жатқаныңды аңғармай қаласың… Шөкпеу керек екен… Хауыздың сыры осы екен-ау деген байламға тоқтадым…

Есіктегі той. Құда-жекжаттар, жора-жолдастар түгел орын-орнына жайғасып отырысты. Мыңжылдыққа құда болысуға уағдаласқан құда-құдағилар төс қағыстырды. Сосын KZ тобы тойға шашу шашты. Өрнекті репертуарымен. Тойдың әлқиссасы. Екі ән айтты. Тойханадан шыға беріс фойеде жігіттермен танысып, ол сәтті естелік-сурет арқылы рәсімдеп алу идеясына қарсылық болмады.

Нұрғиса 2.0
Нұрғиса мен Нұрғиса. Бала Нұрғиса және аға Нұрғиса. Алмастың ағасының баласы. Айтпақшы, ол да тәттіқұмар екен, екеуміз бірталай шоколад жеп тастаппыз

Ілмек: бейнебаяндама





наблюденияларыңнан-ай сенің. тойға барғаныңдыда түсінемін. шоколад жейтін дос та тауыпсың. ал ана авардағы фотолар қайда? видео болады деп атыредіңдер. қайда кетті соның бәрі?
Toi araqsyz otti me?
Шоколад….
сен біз танымайтын тойлардан гөрі біз танитын тойлардан суреттер ілшиш. мысалға Сәкең атап өткендей Авардтың видеосы түгіл фотосына зар болып отырмыз ғой, зар болғанда қалай толық фоторепортаж дегенім ғой.
Суретке түсіп те, түсіріп те үлгеріпсіз. Куйеу жігіт симпотный екен
соңғы кезде тек КЗ жұлдыздарымен түсетін бовсыз ғо суретке
Иә, Айко, ана кішкентай балаң Нұрғиса расында да жұлдыз!!! Атасының еркесі, ешкім қолынан қақпайды… Айтқаны болмаса, жерге аунап алып, бопсалайды
Аршат, Сәке, егер шын қызығушылық бар болса, сұранысқа сай ізденістер жасап көрейін…
саған болеть етуге келген болельщицаларды көрейін деп едім, асық
Сіз Mega-дан шықпайды екенсіз
Шымкенттеде Алматыдада
One Trackback/Ping
[...] Нүрғисаның жазбасынан алынды. Сіздердің де KZ тобымен түскен суреттеріңіз [...]