234 рет оқылды

Image Hosted by ImageShack.us

Рецессия деп байбалам салған көпке үнемшілдік айлаларын, ысыраптамау тәсілдерін біліп алған мақұл. Сіздің блогыңыз осы тұрғыда мынадай консультативтік шаралар кешенін ұсынады:

- Шайға қосылатын құмшекер көлемін кеміту, екі қасықтың орнына бір шай қасық құмшекер қату
- Шай ішерде алдын қолданылған шай пакетін қайтара кәдеге асыру, бір рет пайдаланып, қоқысқа лақтыра салмау
- Үйде энергия қуатын, суды пайдалану режимін оптимизациялау: ысырапты пайдалануды болдырмау, өзіңізден кейін жарықты сөндіріп жүруді әдетке айналдырып алу
- Үйде апталық тамақ қорын қарастырып қойып, сауық-, дәмханаларға барғыштау үрдісін тежеу, жалпы, энтертейнментке қарастырылатын бюджетіңізді қайта қарау
- Кір жуу машинасын мейлінше азырақ пайдалану үшін киер киіміңізді ұқыппен кию, қыртысын бұзбастан, бір үтіктелген нәрсені екі-үш күн киюге талпыну. Бір күн киіп, сол күні кешке кірленген киім сепетіне тастай салмау.
- Жанар-жағармайға қарышталажақ қаражатты үнемдеу үшін аракідік қоғамдық көлікке мінуді дағдыға айналдыру
- Қалтафонның тиімді тарифтеріне жазылу, керексіз сөйлесулерді доғару, SMS жүйесімен хат-хабар алысарда бір мәтінге мейлінше мол мән сиыстыру техникасын меңгеру
- Иіс сабынды толығымен «еріп» бітпейінше, тіс пастасы соңғы шығымы сығып алынбайынша тастамау
- Жуынып-шайынып болғасын шашты кептірмекке фенді пайдаланбау. Табиғи кебуіне жол беру
- Барар жеріңіз екі-үш аялдамалық жер болса, мүмкіндігінше жаяу жүруге машықтану. Бұл денсаулығыңызға да пайдалы.
- Бір жерге барарда үйден кеш шығып қап, қарбаласта такси ұстап, шығынды көбейтіп алмау үшін алдын-ала уақытты дұрыс қамдастырып, ертерек шығып, автобусқа мінгесу. Жалпы, тайм-менеджментіңізді бір арнаға түсіру
- Күн аязда далаға бас киімсіз «лағып» кетіп, не болмаса, шалбардың ішінен жылытқыш «кимешек» кимей, кейіннен ауырып қап, науқастанбау үшін үнемі денсаулығыңызға мұқият, байқас болу. Сүт қатқан ыстық шай ішуді молайту. Жалпы, өз денсаулыңыздың күтіміне бей-жай қарамау
- Т.б.

Image Hosted by ImageShack.us

Ілмек:

1 жұлдыз2 жұлдыз3 жұлдыз4 жұлдыз5 жұлдыз (1 дауыс, орташа есеппен: 5.00 / 5)
Loading ... Loading ...

13 пікір жазылған

1.  Шырайлы Шымқаладан Шота
5 Қаңтар 2009 - 12:06 am

Жақсы кеңестер екен. Әсіресе шәй жайында жазылғандары ұнады, өйткені мен “ваабше” шәй ішпеймін…

2.  Arsik
5 Қаңтар 2009 - 2:06 am

cоңғы кеңес ұнады, қазіргі заманда ауруға болмайды.

3.  Арайлы Ақтөбеден Аршат
5 Қаңтар 2009 - 2:12 am

не үнемделеді дейсіңдер сонда? ақырзаман орнатуды қою керек қой.

4.  Нұрғиса
5 Қаңтар 2009 - 2:29 am

Апокалипсис орнай қоймаса да, етек-жеңді түре жүргенде айып жоқ болар, мистер Аршат? :) Жоқ әлде өзіңізден кейін дәретхананың светін өшірмеуді жөн санайсыз ба?

5.  Кризис
5 Қаңтар 2009 - 9:28 am

Саламатсыздар ма! Мен келдім! А то шынымен құтырып кеттіңдер!

6.  Nurlan
5 Қаңтар 2009 - 9:34 am

Қалтафонның жөніңде “Нео” деген оператор қалай екен? Барлық операторларға 5 теңге деген құлаққа жағымды естіледі екен.

7.  Ақмаржан
5 Қаңтар 2009 - 10:36 am

- Жуынып-шайынып болғасын шашты кептірмекке фенді пайдаланбау. Табиғи кебуіне жол беру

менің тәтем фенді “кептіру” үшін емес, шашын “көтеру” үшін пайдаланд :) соған қарағанда қыздардың фокус-мокустары айтылмаған тағы көп болса керек :)

8.  Aikona
5 Қаңтар 2009 - 12:01 pm

Ойланатын жәй екен. :)

9.  Арайлы Ақтөбеден Аршат
5 Қаңтар 2009 - 1:05 pm

Нұреке, сенің жазғандарыңның бәрін мен онсыз да бұрыннан істеп жүрген екенмін. сондықтан болар маған түк әсері болмады. Шәйді аз секермен ішемін и так ал пакет шәйді мүлдем ішпеймін. Еркек адам тек қана қайнатылған шәй ішуі керек!

10.  Нұрғиса
5 Қаңтар 2009 - 1:30 pm

Қырғыздарға еліктеп тек қайнаған қара су ғана ішіп, қанағат етсек пе екен әлде… :) Бұырынрақта Нышан Төлегенов деген композитормен ауыл-ауылды аралап, “гәстрөлдетіп” жүргенде Қасқасу атты ауылда қырғыз ақынмен айтысып, дастархандас болып ек… Сонда тек қана қайнаған су ішетінін байқап едім…

11.  Askhat
5 Қаңтар 2009 - 1:56 pm

Sudy az iwinder. Mumkin bolsa, jiy-jiy auyz bekitinder ;-)

12.  Ansar'08
6 Қаңтар 2009 - 12:59 am

Sudyn adam denesine kirui men shyguyda jatkan shygyn sekildi.

13.  Арғын қыз
26 Мамыр 2009 - 1:20 pm

Горький құсап кітапты айдың жарығымен оқуға;
Сотканы жұмыста зарядтауға;
Тісті арасында пастамен емес тұзбен шайып тұруға болады.

One Trackback/Ping

  1. kz.kazakhstan.neweurasia.net » Аптаның 7 жазбасы: Көтеріңкі “торығу”    Қаң 06 2009 / 11am:

    [...] “Дағдарыс келіп тұр деп, абыржи бермеңдер” – дейді, Ауард-2008 сайысында «Үздік блог» атанған блогтың [...]

 

Пікір жазыңыз

Аты (*)
Mail (жарияланбайды) (*)
Сайт
Мәтін