
Голландия бұл бәсте сақалар қатарында. Іріктеу сатысында дәстүрлі озат кейпін танытты. Роббеннің аз-кем жарақатын, Нистелройдың болдырағанын есепке алмағанда, ұлтарақтай ғана далаға қоныс тепкен ел футболда кім-кімге де тіс батыруға қауқарлы азулы құрама. Дания жолын кескестейтін баһадүр емес. Солай боп шықты.
Жалпы, Польша бірінші қырықбесминуттықта бір кісідей-ақ төтеп бергендей еді. Кейінгісінде түлен түртті ме, қайдам… Жоқ әлде бұны Снейдерлердің басқыншылығы десек пе екен… Ай-күннің аманында орын алған автоголдан кейін тілінген жерге тұз себе түсу көп қиынға соқтырмап еді. жалғасы »
Ілмектер: Бендтнер, Дирк Көйт, Поульсен, Уэсли Снейдер

Loading ...

Парагвай Чилавертсіз де Чилаверт… Жоқ… Чилавертсіз де Парагвай Парагвай. Аха… Әсіресе қорғанысы – орташа есеппен өз қақпасына болмашы гол жіберетін жинақы команда бұл. «Ит елі, иә?» деуі мүмкін макароншыларды піртұтарлар. Ит те адамға қадірі бар тіршілік иесі. Ал Джилардино мен Каморанезилердің парқы бөлек. Жаңбыр шелектеп құйсын, құймасын, оны сылтау ғып жататын бұлар емес. Рим әкейінен бата алған Берлусконидің өзі «аттан да аттан» деп қол бұлғап қап еді. Бәрі сенді Каннаваро мен Буффондар үш орайды деп. Қызыл-ақ жолақтыларды. Бірақ сенімге селкеу түсірді Парагвай бұл күні. Бұл үшін оны жазғырып қайтеміз. Олар да әруақтарына сыйынып, оң бата алмады деп көріңізші?! Ауыз бармасі Тым батагөй екен деп сөкпессіз… жалғасы »
Ілмектер: нөсерлі футбол, Парагвайдың бір ұпайы, сенімге селкеу түсіру

Loading ...

Кореяның оңтүстік бұғазынан келген құрлықтастарын Жапония Камеруннан айласын асыру арқылы қолдап жіберді. Біздікі «Абылай», олардың ұраны – «Это’оооо». Бірақ сабазың интерлік Снейдер мен Камбиассосыз ширақ қимылдай алмады. Тоқсан минут бойында бір де бір мәрте бұрыштама добын бермесе де, Жапония камерундық арыстандарды жерге қаратып кетті. Хонда еді ЦСКАлық нысананы дәл көздеген.
Сол керек, бұдан былай азиаттарға шекеден қарамайтын болады. Жапон құрамасы өзінің шапшаң қимылымен сүйсіндірді. Кезінде Аргентинаны састырған Роджа Миланың бұлбұл заманы келмеске кеткен ұқсайды. Самурайлар қылышын қынынан шығарып, арыстандар бұқты бұл жолы. жалғасы »
Ілмектер: Жапонияның жеңісі, самурайдың қылышы

Loading ...

Рахмет Ангеланың елші допшыларына. Міне нағыз ойын. Жауырыны жер иіскемейтін батырдың алысы бұл. Алмания чемпионаттағы әзірге ең әдемі ойынды сыйлады бізге. Подольски, Клозе, Мюллер, Какаулар Шварцер қорғаған қақпаны бірер мәрте нысанаға алды. Бүгінгі күн үшін қалыптасқан дағды дейміз бе, дәстүр дейміз бе, міне, сол бойынша Австралияның алғы шептегі жалғыз шабуылшысы Кэхилл тым дөрекі ойыны үшін өзін қызыл карточка иесі еттірді. Чао, чао деді алман жігіттері артынан мырс етіп күліп жатып… жалғасы »
Ілмектер: Баллаксыздық, голдар феериясы, немістердің жеңісі

Loading ...

Гана мен Сербия Еуропаның белді чемпионаттарында өз ойыншыларын ысылтып жүрген терезелес қос құрама. Әрбірінің сапында қарымы піскен футболшы жетерлік. Дүйім көп алдында ұяттан безіп кетпестей.
Негізінен орталық шепте өрбіп отырды шиеленіскен бақтасулар. Соңына дейін беріспей текетіресті. Бұл жолы да нөлдермен шығарып саламыз ба деп сал суға кетердей боп отырғанда алдымен серб Лукович алдыңғы ойындағы Гезалдың тағдырын айнытпай қайталап, «міндетті емес» жерден екінші мәрте айыпталып, ойынды тысқарыдан қарауға мәжбүрленді. Бұл жолы да бір артық ойыншысын қарсылас дружина кәдеге асыра алды: әуелете берілген допқа серб қорғаушысының қолы тиюі мұң екен, рефери ойланбастан «нүктені» нұқи салды. Шарт соны міндеттесе, лаж жоқ. Гайан он бір метрліктен мүлт кетсін бе? Африка құрлығының «принцтері» масайрай түсті. Бір қызығы, Ганалықтардың біразы өз ныспына «принц», «пәленше, түгенше» сынды дәрежелегіш лақапат қосудан тайынбайтын ұқсайды. Одан соң бұл команда турнирдегі ең жас команда екенін естіп білдік. Жас дарабоздардың өкшелеп жатқанына аристократ Эссьенсіз осынау жеңістің мүмкін болуы айқын дәлел. Жигичтей алпауыттар да аласалайды екен… жалғасы »
Ілмектер: Гана, жастар өкшелейді, Сербияның жеңілісі

Loading ...

Гезал шығып ғазал ойын бола ма деген Алжир үміті тас-талқан болды. Айналдырғаны он бес минут ішінде екі мәрте өрескел ойын шартын бұзған ол пышақ ұрды. Белден төмен. Өз құрамасына. Словенияға керегі де осы еді: Гезал алаңнан қуылар қуылмас еуропалықтардың капитаны Корен осыған дейін бірталай қақпашы сынап келген аэродинамикалық қасиетіне сын тағылған допты қақпаға дәл бағыттады. Кипер Чаучи дәрменсіз-ді. Қайта көрсетілімінде қайтаруға мүмкіндік болған сияқты әсерде қалдық. Дегенмен, есеп ашылды, словендер масаттанды.
Словенияны осынау жеңіс өз тобының көшін бастауға жағдай туғызып отыр. Дегенмен АҚШ та, Англия да жалғасы »
Ілмектер: алаңнан қуылу, Словенияның жеңісі, қызыл карточка

Loading ...

Сонымен, дүбірлі доп мүшәйрасының үшінші күніне де табан тіредік. Бүгінгі күннің шымылдығын Словения мен Алжир командалары ашып отыр. Бірінші таймда екеуі де қырағы, ақырын қимылдауда. Орыстарды қапыда қалдырған словен жігіттер ықтимал фаворит деп болжам жасалса да, Алжир жақсы әсер қалдырып отыр. Қауіпті сәттер бар, ниет айқын, іс-қимыл жойқын. Тек соңғы соққыда тегеурінділік пе екен, әйтеуір бір компонент жетіспей тұрғанына есептің әліге ашылмай тұрғаны куә. «Еларнадағы» комментатордың чемпионатта қазірге дейін алаңнан қуылу болмағанын шірене айтуы оның статистикалық мәліметтерге қаншалықты бекем екенін аңғартып отыр. Уругвай мен Франция матчын да өзі жүргізген сияқты еді… Олар да жаңылыспайды емес, сыр беретін шығар, кім білген…
Екінші тайм шешіп берсін бар жай-жапсарды. Анығы, соғылса бір-ақ гол жалғасы »
Ілмектер: 0-0, Алжир, есеп ашылған жоқ, Словения

Loading ...

Чемпионаттағы командалар әзірге аса қырағылық танытып, есесіне шабуылға ынты-шынтысымен кірісіп жүргені шамалы. Бүгінге дейінгі бес матчтың ешбірінде де екіден артық гол соғылған жоқ. Алғаш турда жеңістің жүгі зіл.
Ағылшындар өзгелерден дарақы болардай перформансын кейінге шегеру тұруды жөн көрді ме екен, жоқ әлде Донованның серіктестері қырсық-қыңыр тактикасымен Капелло бапкердің бар ойының быт-шытын шығарды ма екен,екінші тайм көзі қарақты бізді голға қанықтыра алмады. Бұл ретте АҚШ-тың Еуропа азулысының алдында мысы басылмағанын қадап айту керек шығар. жалғасы »
Ілмектер: Королеваны Құдай сақтасын, теңдік, эхх Руни, қайтпаған есе

Loading ...

Англия және АҚШ құрамаларының жарты ғасырдан кейін кездесуі бұл. Соңғы өзара қақтығыста мұхиттың арғы бетіндегі инглиш спикер аға ұстазды тізе бүктіріпті. Мыналардыкі енді бабаның кекен намысын қайтару, қалайда статус-кво орнату…
Джеррард Стамбұлдағы Ливерпульдің қиялы мен ғажайыбын сомдаушы шебер. Миланнан сұраңыз. Капитан амплуасында шыққан ол төртінші минутта қарбалас сәтте шірене тепті. Соққысы қақпа ішінде тулады. Көп шулады.
АҚШ-тық атлеттердің мәнері қызық. Өзгеше. Еуропа стиліне бой түзеушілік атымен жоқ. Екі түрлі футбол мектебінің семинары. Магистрлері жалғасы »
Ілмектер: Англия, АҚШ, Джеррард, Руни

Loading ...

Марадона Мәкем қартаң тартыпты. Будулай образы көлбеңдей қалады екен бір қарағанда. Ал оның бүгінгі үнқосары, пәрменді ізбасары Месси. Верон ғой, «Месси Барсадағыдай емін-еркін ойнауы үшін бар жағдайды туғызамыз» депті. Дирижер екені бесенеден белгілі. Соло скрипкашы да сол. Ал жеңісіне бір миллион доллар уәде етілген Нигерия Аргентина шабуылдарына тойтарыс беріп отырса да, бұрыштама добын әуелете қақпаға баспен қадаған Хайнце әлгі бір миллионның үстіне су құйды. Қара құрлықтың бас үміті деп қарастырылған Нигерия, жалпы, әлем кубогіне бас үміткерлердің біріне «бір кісідей» көрсетті айбатты. Әжептеуір ұрымтал сәттерді де туындатты. Ал Мессидің жолы болмады. Кәрістерден алар Нигерияға кеткен ақысын…
Ойын мәнеріне қарасақ, Игуаин мен Тевездер жинақы. жалғасы »
Ілмектер: Аргентина, Месси, Нигерия, Хайнце

Loading ...
Пікірлер