
Нәуірзек кеп, қыстаудан көктеуге бет алған жамағаттың жаны жадырайтындай шақ. Сарыарқа төсінде қыстың қатпарлары шегіне қоймағанмен, көңілге ұялап үлгерген жылулық «ақ киімді, денелінің» мысын басты.
Әлгі «түсі суықтың» соңғы шенінде Ақтөбеге барудың жолы түсті. Ел іші кезгесін Марко Полоша сабақтамайсың ғой сөзіңді. Жалпы, шет елде болып көрмегем десем де болады. 94-те лицейлестер болып Түркияға саяхаттауға жіберілгенімізді есепке алмасам, былай, шығып көрмеппін кісі еліне. Әліге дейін экзотика. Бергісі Алматымыз, Таразымыз бен Қызылордамыз, арғысы Атырауымыз, Оралымыз боп көз көрген жағрапиям шектеледі екен. Айналдырғаны бір жарым күнге созылған іссапар барысында батыс інжуінің кей кереметтерін байқап үлгеруге болады екен.
Қаланың экономикалық әлеуетіне септесуші басыбайлылардың бірі қытайлар бастаған мұнай алыбы. Әр өңірдің осындай «донорлық» қайнаркөздері бар: Шымкентте, мәселен, жалғасы »

Loading ...

Бабы келіссе бағын тия ма,
Ванкувер жыйды бәрін қияға…
Көңілі сыйса, сыйып кетер-ау,
Күллі шарайнам шағын ұяға.
Біздің қыз дәудің жолын қиды да,
Несібе шығар, орын тиді, ә?! жалғасы »

Loading ...

Олимпиада болсын, басқа дүбірлі дода болсын, сайыпқырандар ішінде дүлдүлі оқ бойы суырылып, онысы үшін лайықты медалін алып жатады. О бастан асығы алшысынан түсеріне күдіктілер «бастысы – қатысу» ұранымен мұрт майласа, Құсайын Болт сияқтылардың мақсат-мүдделері түбірімен өзгешелеу келеді. Бір қызығы, қайсыбір спорт түріне зейін қоймайық, бәске қатынасушылар ішінде көп ретте фаворит болатыны бар. Осы біреу жеңеді-ау деп тұрасың… жалғасы »

Loading ...

Ат төбеліндей 12 жыл… 12 жыл медальге шөліркеу, шеке тырысып, бір жарымай жүру қиын сынақ. Өткен ғасырдың 94-ші жылы Лиллехамердегі Смирновтың айымызды оңымыздан тудыртқан алтыны мен 98-дегі Прокашеваның қоласы айта-айта жүрер толағай табыс еді. Одан кейінгі жылдар бойында Олимпиададағы «қуаңшылық» бүгінге дейін созылып, апшымызды қалайша қуырғанын еске түсіре де бергің келмейді екен. Ванкуверде асық алшыдан түсер деп, ашығын айтайық, қарабайыр жанкүйер біз де, құзырлы шенеуніктер де күтпеді-ау осы. Атыңнан айналайын Хрусталева деген «қызымыз» биатлонда құралайды көзге атты, төрт ату межесінде жиынтық саны 20 нысананы түгел көздеді. Бергерден кейінгі екінші орында тұрақтауы әлем БАҚтарының сенсация деп беретін «ыстық бәліші» болғалы тұр. Рас, тұла бойды қуаныш тұтастай баурап алды қазір. Күміс медальді болдық… Санаға енді-енді еміс-еміс жатысып жатыр. Соңғы сәтке дейін жалғасы »

Loading ...

Әсіре әсерілеуді байқаған мен пақырыңыз ғана емес шығармын. Дұрыс қой, ел іші барымызды дәріптеп, қадірімізді асырып, абыройымызды асқақтатып отыру күш-жігердің мұқалмауына керек дүниелер шығар. Көрсеқызарлық үстінде шынтуайтқа жанаса қойыңқырамайтын нәрсені «ең әдемі, ең ақылды, ең ұлы» деп атойлап, тыңдарманыңның жүзіне күлкі үйіру ұстамдылық пен әсем әдептің ишараты ма екен, бірақ?
Ванкувер олимпиадасының ашылу салтанатында жалғасы »

Loading ...

Қазақ тілі. Өткен шақ. Ата-әже version:
- Келер жетінің басында кеңсеге қоңырау шаларсың.
Қазақ тілі. Қазіргі шақ. Modern version:
- Понедельникте офиске званда.
Қазақ тілі. Ықтимал келер шақ. Generation next:
- Слышь, браза, чисто дүйсенбі күні мобилама звякать етіп жіберерсің, окей ме?

Loading ...

Қалай барып, не көргенімізді айтып машықтандық қой. Қалай бармай, неге көрмегенімді айтып көрсем ше?
Фокуста – Наша Рашаның премьерасы. «Нәшәйникә, пезнецтің» дәл өзі. Қандай да бір алауыздық емес, ішкі менім мен өзімді тартқыштамады синема төріне. Сюжеттік линиясына, актерлік құрам мен перформансқа лағнет жаудырмайсың ғой. Көрмей жатып. Әйтпесе, ТМД кеңістігін баурап алған Галустян мен Светлаковтың бір білгені бар шығар да… жалғасы »

Loading ...

Сәбиттікі «Р»-ға тілі келмегесін ғой, лажсыздан Арманды «Алман» дейтін. Неміс қып қойды деп арланбайды сабазың, болса да. Логопедтер қанша тырмысқанмен, тырысулары еш еді.
Сөйлеудегі кем-кетікті тегістеу 100% сәтті бола бермейтіні бар емес пе? жалғасы »

Loading ...

Атырау өңірінде «сол баяғы тауық» деген тіркес бар жергілікті диалектте. «Бәрі баз-баяғыша, өзгеріссіз» деген сипатта. Батыс жақта вахталап істеген кезімізде күнделікті ішіп-жемде тауық тағамы жиі ұшырасатын ас мәзірінде. Тамаққа тізілген кезекте досың телефон соғады, «тамақтан не бар?» деп. «Сол баяғы тауық» дейсің, бетің бүлк етпей…
Сол тауық «түбіме жетіп» тынды ақыры… Жайшылықта таңғы ас бата бермеуші еді, үйге қонақ келсе бірақ тәбет ашылады екен, мәслихат үстінде дастарханыңдағыны тәнті боп жегің келеді. Бәкеңнің әңгімесі қызық еді. Шай құйып отырған мен пақырыңыз кешегіден қалған тауықты жылытып, бір тілімін жеуге оқталып жатып тістің бір бөлігін сындырып алудың кереметіне душар болдым. Жазым ғой, әйтпесе быламықтан да сынатыны кездесіп жатады ғой осы.
Ала-құла жұмысқа оқталып, асығыс-үсігіс кеткем. жалғасы »
Ілмектер: ауыз қуысындағы қырғи қабақ соғыс, сынған тіс, қызыл тіл

Loading ...
Пікірлер