
Жалпы, сізді осы аракідік те болса қарттықты қалай, неммен қарсы аламын деген сауал мазаламай ма? Бүгін нем бар, кімім бар, ертең немерем мен шөбереме лайықты ата, апа болу мәселесі. Дүние алма-кезектесіп дөңгелеп жатса да, құндылықтар мәңгі шығар осы. Қазақтың жөн-жөралғысы мен дәстүрлі дағдысы бойынша досым атаның ұлы болды. Сіздерді апа туралы бір үзік сырды оқып шығуға үндей отырып, бір сәт перзенттік парыз жайын ойға алуға үндесем қалай қарайсыздар? Осы эсседегі тәпсірленген апа бүкіл қазақ апаларының жинауыш образы да секілді. Мархабат:
~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~
Мен атамның баласымын… Ес білгелі өзімді атам мен апамның баласымын деп білемін. Бала кезімде менен үлкен ағаларым немесе үйге келген қонақтардың бірі маған әдейілеп «сен атаңның емес, бәленнің баласысың» деп әкемнің атын айтса, мен соған кәдімгідей намыстанып, көнбей тұрып алатынмын. Сонымды үлкендер қызық көрсе керек, мені сөйтіп ызаландыруын қоймайтын тегі… Сол кездері маған ауылда тұру, атамның баласы болу үлкен мәртебе көрініп, «қаланың баласы» деген лақап ауыр тиетін. Ауылдағы өзім қатарлы, күнге қақталған, кірқожалақ достарыма сұмдық қызығатынмын. Өйткені оларды ешкім «сен бәленнің баласысың, қалалықсың» деп мазаламайтын. Сол ауылдың балаларына еліктеп, өзімді қанша солардай сезінгім келсе де, жүрек құрғыр бірдеңені сезсе керек, әйтеуір өзімнің бір «шикілігімді» байқайтынмын. Неге екенін қайдам, әйтеуір өзімді толыққанды ауылдың баласы ретінде «жетілдіре алмаппын»…
Атам марқұм мен дүниеге келгенде төсек тартып жатқан екен. Шыр етіп өмір есігін жаңа ашқан мені арнайы алдырып, маңдайымнан иіскеп, атымды қойып, жиырма шақты күннен кейін жүріп кетіпті… жалғасы »
Ілмектер: "Келін", аманат, апа, атаның баласы, бейнет, дұға, Қожахмет

Loading ...
Пікірлер